Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

97. «Ембімұнайгаз» АҚ

Жариялану уақыты

Хабарландыру

 11.05.2017

«Ембімұнайгаз» АҚ-ы төменде көрсетілген техникалық жобаларға арналған «Қоршаған ортаның әсерін бағалау жобалары»:

1. Тайсойған блогі Самай аумағындағы іздестіру-барлау ұңғымаларының құрылысының топтық техникалық жобасы;

2. Тайсойған блогі солтүстік-батыс Барлыбай аумағындағы іздестіру-барлау ұңғымаларының құрылысының топтық техникалық жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.

Қоғамдық пікірлердің есебін жүргізудің түрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа хабарлап, қоғамдық тыңдау өткізу жолымен анықталды.

Қоғамдық тыңдау 2017 жылдың 31-ші мамыр, сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Абай көшесі, «Нұр Отан» ғимаратында өткізіледі.

Тапсырыс беруші: «Ембімұнайгаз» АҚ , Атырау қаласы, Уалиханов көшесі, №1 үй. Тел.: 32 29 24, info@emg.kmgep.kz

Жобаны әзірлеуші: «НИИ «Каспиймунайгаз» ЖШС.

Материалдардың электрондық нұсқасы және сауал нысаны www.atyrau.gov.kz сайтында орналастырылған. Жауапты тұлға: Кобжасарова М.Ж.: 8 (7122) 30-54-43.

Жоба 1 (PDF 1433 Kb)

Жоба 2 (PDF 2218 Kb)

 

Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары

 02.06.2017

2017 жылы мамыр айының 31 жұлдызында «Ембімұнайгаз» АҚ-ы төменде көрсетілген:

1. Тайсойған блогі Самай аумағындағы іздестіру-барлау ұңғымаларының құрылысының топтық техникалық жобасы;

2. Тайсойған блогі солтүстік-батыс Барлыбай аумағындағы іздестіру-барлау ұңғымаларының құрылысының топтық техникалық жобаларына арналған «Қоршаған ортаның әсерін бағалау» жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Қоғамдық тыңдауды жергілікті атқарушы органның өкілі Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы С. Салықов ашты. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып С. Салықов сайланды. Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.


 02.06.2017 

Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (PDF 201 Kb)

 


Мақаланың шыққан күні:: 12.05.2017 01:49
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.06.2017 06:24