Array 70. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.05.2017

Қызметтер

70. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС
Орналастыру күні Хабарландыру
14.02.2017

«Атырау МӨЗ» ЖШС 2017 жылдың 15 наурызында сағат 14.30-да «Атырау МӨЗ-дағы мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» (Түзету) жобасының қоршаған ортаға әсер етуін бағалау (ҚОӘБ) жөніндегі ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 12Б мекен-жайы бойынша «Ренессанс» қонақ үйінің мәжіліс залында өтеді.

Жергілікті атқарушы орган: табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру бөлімі, бас маман Айчикова А.Ж., aos-2013@mail.ru , тел: +7 (7122) 32 55 09.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу жөніндегі мемлекеттік орган: ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешенінде мемлекеттік инспекциялау комитеті.

Жобаның Тапсырысшысы: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, мекен-жайы: Атырау қаласы, З. Қабдолов көшесі, 1.

Жобалаушы: «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРІНГІЛІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС. Мекен-жайы: Алматы қ., Райымбек даңғылы, 160 «А», 301 кеңсе, тел: +7 (727) 258 29 30, КБИ Василенко В.С.

ҚОӘБ материалдарының электрондық нұсқасы Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының www.atyrau.gov.kz сайтында жарияланған, барлық ескертпелер мен ұсыныстар aos-2013@mail.ru , ecology@esp-group.kz поштасына қабылданады.

Сондай-ақ, ҚОӘБ материалдарымен (қағаз және электрондық тасығышта) 2017 жылдың 24 ақпанынан бастап 14 наурызын қоса, күнделікті сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Атырау қаласы, Әуезов көшесі, 92 мекен-жайы бойынша, ұялы тел: +7 778 522 77 77 «АМӨЗ» ЖШС-нің оқу пунктінде.

«Атырау МӨЗ» ЖШС 2017 жылдың 15 наурызында сағат 14.30-да «Атырау МӨЗ-дағы мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» (Түзету) жобасы (PDF 2841 Kb)

  Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары
 15.03.2017

2017 жылы наурыз айының 15 жұлдызында «Атырау МӨЗ» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізді2017 жылы наурыз айының 15 жұлдызында «Атырау МӨЗ» ЖШС «Атырау МӨЗ-дағы мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» (Түзету) жобасының қоршаған ортаға әсер етуін бағалау (ҚОӘБ) тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Қоғамдық тыңдауды жергілікті атқарушы органның өкілі Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаев ашты. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып К. Резуанов сайланды. Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
2017 жылы наурыз айының 15 жұлдызында «Атырау МӨЗ» ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізді

28.03.2017 Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (PDF 9602 Kb)

 


Мақаланың шыққан күні:: 15.02.2017 11:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.03.2017 10:28