Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.10.2017

Қызметтер

68. ГУ «Управление архитектуры и градостроительства Атырауской области»
Дата размещения Объявление
08.02.2017 «Атырау облысы Махамбет ауданының Аққайың және Ескі Сарайшық, Индер ауданының Аққала және Жылыой ауданының Қарағай ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген жеңілдетілген бас жоспарын жасақтау» жобаларының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы хабарландыру

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Атырау облысы Махамбет ауданының Аққайың, Ескі Сарайшық, Индер ауданының Аққала және Жылыой ауданының Қарағай ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген жеңілдетілген бас жоспарын жасақтау» жобаларының жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдалымдар өтетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдалымдар келесідей ретпен мына мекенжайлар бойынша өтеді:

2017 ж. 28 ақпанында сағат 11.00-де Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 16 орналасқан «Махамбет аудандық әкімдігінің аппараты» ММ ғимаратында;

2017 ж. 28 ақпанында сағат 11.00-де Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30 (АБК) ғимаратында;

2017 ж. 1 наурызында сағат 11.00-де Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 26 «Жылыой аудандық әкімдігінің аппараты» ММ ғимаратында.

Жобаны әзірлеуші - «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС, тел: 8 (727) 250-09-51, 250-32-38, 250-65-15, 250-85-67; факс: 250-38-95, 250-69-09; е-mail: kazgiprograd_1@mail.ru.

Жоба материалдарымен Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасында 409 кабинетте танысуға болады, тел: 32-03-63, 32-03-59. Материалдардың электрондық нұсқасы www.atyrau.gov.kz сайтында орналастырылған. Барлық ұсыныстар мен ескертулер kazgiprograd_1@mail.ru. пошталары арқылы қабылданады.

Жобалар (ZIP 887 Kb)

  Замечания и (или) предложения заинтересованной общественности на документацию по проектуответы заказчика на замечания и (или), предложения заинтересованной общественности

28.02.2017

01.03.2017

2017 жылы ақпан айының 28 жұлдызында «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Атырау облысы Махамбет ауданының Аққайың, Ескі Сарайшық, Индер ауданының Аққала ауылдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген жеңілдетілген бас жоспарын жасақтау» жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Махамбет ауданында қоғамдық тыңдауды жергілікті атқарушы органның өкілі әкім орынбасары М.Х. Аманов ашты. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып Махамбет ауданының маслихат депутаты А.К. Кабенов сайланды.

Индер ауданында қоғамдық тындауды жергілікті атқарушы органның өкілі Сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Б. Имангазиев ашты. Қоғамдық тындаудың төрағасы болып Индер ауданының маслихат депутаты С.К. Байбосынов сайланды.

Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 


2017 жылы наурыз айының 1 жұлдызында «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Атырау облысы Жылыой ауданының Қарағай ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген жеңілдетілген бас жоспарын жасақтау» жобасының «Қоршаған ортаны қорғау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Жылой ауданында қоғамдық тыңдауды жергілікті атқарушы органның өкілі Жылой ауданының әкім орынбасары С.И. Аманов ашты. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып Жылой ауданының маслихат депутаты А.Н. Бишимов сайланды.

Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 02.03.2017 Протокол общественных слушаний (ZIP 7615 Kb)

 


Мақаланың шыққан күні:: 08.02.2017 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.03.2017 12:54