Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

424. «Теңізшевройл» ЖШС

Куні

Хабарландыру

 

 13.09.2019

 

 

 

«Теңізшевройл» ЖШС 2019 жылдың 12 қыркүйегінен 10 қазанына дейінгі аралықта «Теңіз кенорнының Солтүстік-шығыс айналма желісіндегі өндіруші ұңғылар жобасы (СШӨЖ). Мұнай жинау жүйесі. Өлшегіш шоқтық ұңғымалар алаңдарын (ӨШҰА) дайындау жұмыстары» жобасына арналған қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) материалдары бойынша сауалнама өткізуге арналған қоғамдық тыңдаудың жүргізілетіндігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкес, «Теңізшевройл» ЖШС барлық мүдделі тараптардың қарауына «Теңіз кенорнының Солтүстік-шығыс айналма келеніндегі өндіруші ұңғылар жобасы (СШӨЖ). Мұнай жинау жүйесі. Өлшегіш шоқтық ұңғымалар алаңдарын (ӨШҰА) дайындау жұмыстары» жобасына арналған ҚОӘБ материалдарын ұсынады.

Жергілікті атқарушы орган және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс мәліметтері: Атырау облысы әкімдігі, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, байланыс деректері: +7 7122 35-45-59, atr_priroda@mail.ru.

Жергілікті атқарушы органның ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайтын электрондық мекенжайы: atr_priroda@mail.ru.

Жергілікті атқарушы органның жоба құжаттамасын қамтитын интернет-ресурсының мекенжайы: http://atyrau.gov.kz.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган: «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК).

Тапсырыс беруші: «Теңізшевройл» ЖШС, Атырау қ., Сатпаев к., 3, тел. 8 712302 1309

ҚОӘБ материалдарын дайындаған: «Atyrau City» ЖШС, Атырау қ., Сары-Арқа ы.а., 33-62

ҚОӘБ жөніндегі пікір-ұсыныстарыңызды көрсетілген электрондық поштаға жолдауыңызды сұраймыз: atr_priroda@mail.ru, ecologist@atyraucity.com немесе aliya@tengizchevroil.com

Жоба (PDF 5290 Kb)

   
 10.10.2019 Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парағы (PDF 3235 Kb)
  Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары
 10.10.2019 Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (JPEG 744 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2019 09:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.10.2019 16:50

Қаралым саны: 797