Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

403. ТОО «Жамбыл Петролеум»

«Жамбыл Петролеум» ЖШС қоғамдық тындау өткізді2016 жылғы наурыз айының 16 жұлдызы күні сағат 15:00 де Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау кенті аудандық әкім аппаратының мәжіліс залында ««Жамбыл Петролеум» ЖШС табиғатты қорғау шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық тындауды Атырау облысы Исатай ауданының әкімі Сұлтанбеков Тұрарбек Ғайнеденұлы ашты. Сұлтанбеков Т.Ғ тыңдаудың төрағасы болып сайланды.

Қоғамдық тыңдаудағы көтерілген мәселелерге барша атсалысып, пікірлер айтылды.

 

 

«Жамбыл Петролеум» ЖШС қоғамдық тындау өткізді

 

 

 

 

 

 

 

Аққыстау кенті 2016 жылғы 16 наурыз

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру үшін жауапты: «Жамбыл Петролеум» ЖШС и «SЕD» ЖШС.

Қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат жұртшылықтың назарына 24.02.2016 жылғы «Прикаспийская Коммуна» және «Атырау» газеттері арқылы жариялау жолымен жеткізілді.

Қоғамдық тыңдаудың бағдарламасы:

  1. Қоғамдық тыңдауды ашу;

  2. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлау;

  3. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі мен регламентін бекіту;

  1. Баяндама: «Жамбыл учаскесіндегі теңіздегі 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының техникалық жобасы» (түзету);

  2. Баяндама: «Қоршаған ортаның бүгінгі жағдайы және жоспарланатын 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының оған әсерін бағалау»;

  3. Баяндама: ««Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің 2016 жылға арналған табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары»;

  4. Баяндамашылардың сұрақтарға берген жауаптары;

  5. Тыңдауға қатысушылардың сөйлеген сөздері (талқылау);

  6. Шешім қабылдау және қоғамдық тыңдаудың Хаттамасына қол қою;

  7. Қоғамдық тыңдауды жабу.

 

Қоғамдық тыңдауды – Атырау облысы Исатай ауданының әкімі Сұлтанбеков Тұрарбек Ғайнеденұлы ашып - Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бағдарламасын Қазақстан Республикасының заңнамасының қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теңіз және жағалау аймағының инфрақұрылымын дамыту, аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту саласындағы барлық талаптарын сақтай отырып орындаудың жоғары маңызын атап өтті.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы ретінде – Сұлтанбеков Тұрарбек Ғайнеденұлы – Исатай ауданының әкімі сайланды.

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы ретінде – Көбеева Сания Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы сайланды.

Келесі баяндамалар тыңдалды:

1. Баяндама: «Жамбыл учаскесіндегі теңіздегі 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының техникалық жобасы»(түзету).

Баяндамашы – Абатов А.А. «SЕD» ЖШС ҚОҚ жөніндегі кеңесшісі.

Баяндамашы «Жамбыл» учаскесіндегі теңіздегі 3Д сейсмикалық барлау жұмыстары
2014 жылға жоспарланғанын және бұл жоба бойынша қоғамдық тыңдау 2014 жылы өткізіліп, жұртшылықтың мақұлдауы алынғанын еске салды.

3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының жалпы көлемі «Жетісу» құрылымында
400 толық еселі шаршы шақырымды құрайды. Су түбіндегі кабельді пайдалану арқылы сейсмикалық барлау әдісінің қысқаша әдістемесі, қолданылатын кемелер, олардың саны мен нысаналы мақсаты келтірілді. 3Д сейсмикалық барлау жұмыстары «Жетісу» құрылымының геологиялық құрылысын түпкілікті зерделеуге, мұнай-газдылық перспективаларын бағалауға, кейінгі іздеу ұңғымаларын қалауға ұсыныстамалар әзірлеуге мүмкіндік береді.

2. Баяндама: «Қоршаған ортаның бүгінгі жағдайы және жоспарланатын
3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының оған әсерін бағалау»

Баяндамашы «SЕD» ЖШС аға маманы Байзаков К. Ы.

2014-2015 жылдары орындалған фондық экологиялық зерттеулердің нәтижелері келтірілген «Жамбыл» учаскесі акваториясының қоршаған ортасының бүгінгі жағдайы туралы баяндама. Қоршаған ортаның бүгінгі жағдайына баға беріліп, теңіз суының геофизикалық және гидродинамикалық параметрлерін талдау нәтижелері, су түбі шөгінділерінің, планктондық және бентостық бірлестіктердің және теңіздің биотикалық ортасының басқа өкілдерінің және атмосфералық ауа жағдайының қысқаша сипаттамасы берілді, жұмыстар жүргізілетін ауданның экологиялық аудандарға бөлінуі келтірілді. Әсерді бағалау үшін «Жамбыл» учаскесіндегі 2Д сейсмикалық барлау жұмыстарының мониторингілік бақылау деректері пайдаланылды.

Сондай-ақ баяндамада су түбі кабелін пайдалану арқылы сейсмикалық барлау жұмыстарының әсер ету факторлары келтірілді және штаттық режимдегі жұмыстардың қоршаған ортаның жекелеген компоненттеріне әсер етуіне баға берілді. Жоғарыда аталған әсерлер елеусізден төменге дейін сипатталады. Әлеуметтік-экономикалық саланың бүгінгі жағдайы сипатталды және жоспарланатын жұмыстардың оған әсер етуіне баға берілді. Сондай жағдайларды оқшаулау құралдары мен әдістері сипатталған. Өндірістік экологиялық мониторингінің (ӨЭМ) ұсынылатын бағдарламасы келтірілді. «Жамбыл Петролеум» ЖШС тәуекелдерді басқару стандартының шеңберінде теңіздің экологиялық жүйесіне ең төмен әсер етуге кепілдік беретін барлық табиғатты қорғау талаптары сақталған жағдайда, жоспарланатын жұмыстар кешенінің қауіптілігі экологиялық тұрғыдан төмен болатыны атап көрсетілді.

3. Баяндама: «Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің 2016 жылға арналған табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары».

Баяндамашы - Кысыков В.А., «Жамбыл Петролеум» ЖШС ҚОҚ жөніндегі инженері.

Баяндамада 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жоспарланған табиғатты қорғау іс-шараларының сипаттамасы берілді және 2016 жылға жоспарланған табиғатты қорғау жұмыстарын қаржыландыру үшін бөлінген ақша қаражаттары туралы деректер келтірілді. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларға, әсіресе ардагерлерге алғыс айтылды. «Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің соңғы уақыттағы әлеуметтік міндеттемелерін орындауы туралы деректер келтірілді.

Баяндамашыларға сұрақтар:

1. Сұрақ (Хайдаров Алби Алпамысұлы - Аққыстау ауылдық округының әкімі): Құрметті мырзалар, «Жамбыл Петролеум» ЖШС әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қанша қаражат бөлгені туралы жауап берсеңіздер?

Жауап: «Жамбыл» учаскесі бойынша КСШ барлауды жүргізуге арналған Жылдық келісімшарт бойынша аймақтың әлеуметтік бағдарламаларын іске асыруға облыстық бюджетке жыл сайын 300 мың АҚШ доллары бөлінеді;

2. Сұрақ (Ғұбаш Асылан Жарылғасұлы - Забурун ауылдық округының әкімі):

Сіздер 2016 жылы сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлайсыздар. Ол жұмыстар үшін жергілікті мамандарды тарту жоспарланады ма, соған жауап берсеңіздер?

Жауап: Сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуді тендерлердің нәтижелері бойынша анықталатын мамандырылған сервистік компаниялар жүзеге асыратын болады. Жергілікті мамандарды тарту туралы мәселе тек коммерциялық қорлар ашылған және сол үшін қажетті жағалау және теңіз инфрақұрылымдары тұрғызылған жағдайда қарастырылуы мүмкін.

3. Сұрақ (Досқалиев Едіге Амангелдіұлы - Жамбай ауылдық округының әкімі): Бұл жобаның перспективалары туралы қысқаша әңгімелеп берсеңіздер? Сіздер бұрғыланған ұңғымалардан мұнайдың қандай көлемін алдыңыздар?

Жауап: 2013 жылы «Жамбыл» құрылымында Zb-1 барлау ұңғымасы бұрғыланды. Ұңғымамен мезозой түзілімдерінде көп қатты мұнай шоғыры аршылды.

2014 жылы «Жетісу» құрылымында екінші Zt-1 барлау ұңғымасын бұрғылау жүзеге асырылды. Ұңғыма мезозой түзілімдерінде газ құйылысы мен мұнайдың өнеркәсіптік емес құйылысын аршыды.

Сөз сөйлегендер:

Сұлтанбеков Т. Ғ. - Исатай ауданының әкімі. Ол «Жамбыл Петролеум» ЖШС ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық тыңдауды тұрақты жүргізіп отыратынын және тұрғындарға өз қызметінің нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы хабарлап отыратынын атап өтті. Сонымен қатар «Жамбыл Петролеум» теңіз ортасын қорғау үшін көп күш жұмсайды және көп қаражат бөледі. Аршылған мұнай қаттары бұрғылау жұмыстарын табысты және нәтижелі жүргізуге және мұнай кен орнын анықтауға үміттенуге мүмкіндік береді. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар жағадағы аудан тұрғындарының да экономикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. «Жамбыл Петролеум» ЖШС-не мұнай іздеуде сәттілік тілейік.

Қаулы етті:

Талқылау қорытындылары бойынша келесі тұжырымдар жасалды:

  1. Келесі: «Жамбыл учаскесіндегі теңіздегі 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының техникалық жобасы» (түзету) баяндамасы назарға алынсын;

  2. Келесі: «Қоршаған ортаның бүгінгі жағдайы және жоспарланатын
    3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының оған әсерін бағалау» баяндамасы назарға алынсын;

  3. Келесі «Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің 2016 жылға арналған табиғатты қорғау іс-шараларының жоспары» баяндамасы назарға алынсын.

  4. Ұсынылған жобалар бойынша өткізілген қоғамдық тыңдау туралы ақпарат жергілікті баспасөзде жариялануға ұсынылсын;

  5. «Жамбыл Петролеум» ЖШС-нің 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуді 2016 жылға ауыстыру туралы ниеті ұсынылған жоба бойынша қойылған сұрақтарды, сөйлеген сөздерді және талқылауда айтылған ұсыныстар мен кеңестерді ескере отырып, мақұлдансын.

Төраға
Хатшы

2016 жылға «Жамбыл Петролеум» ЖШС табиғатты қорғау шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау бойынша жүргізу

    «Жамбыл Петролеум» ЖШС 2016 жылға «Жамбыл Петролеум» ЖШС табиғатты қорғау шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау туралы хабарлайды.  

       Аталған рәсім 2007 жылғы «28» маусымдағы № 204-п «Жоспарлау алдындағы,  жобалау алдындағы және жоба құжаттамасын жасақтау кезіндегі ҚОӘБ жүргізу нұсқаулығына (24.09.2013 ж. өзгертулерімен бірге)» сәйкес іске асырылады.

       «Жамбыл Петролеум» ЖШС Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау кенті аудандық әкім аппаратының мәжіліс залында 2016 жылғы 16 наурызда орын алатын қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырады. Қатысушыларды тіркеу уақыты: 14:30 сағ. Шаралардың басталу уақыты: 15:00 сағ.

       Барлық мүдделі тұлғаларға Атырау қаласы Махамбет Өтемісов 132а мекенжайы бойынша 2016 жылғы ақпаннан наурызға дейінгі мерзімде күн сайын 10:00 - 17:00 сағ. аралығында 2016 жылға «Жамбыл Петролеум» ЖШС табиғатты қорғау шаралары жоспары бойынша материалдармен танысуға мүмкіндік беріледі. 

       Телефон/факс: анықтама үшін: Тел: 8 (7122) 763466

 

ППМ ТОО Жамбыл Петролеум 2016

 


Мақаланың шыққан күні:: 01.07.2016 15:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.07.2016 15:41