Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

399. ТОО «САЗАНКУРАК»

«Сазанқұрақ» ЖШС-інің 2016-2020 ж.ж., арналған табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарын таныстыруға арналған қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы

 

«Сазанқұрақ» ЖШС-інің 2016-2020 ж.ж., арналған табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарын таныстыруға арналған қоғамдық тыңдалымдар хаттамасы.

      Өткізу күні 24.02.2016ж.
      Өткізу орны Аққыстау Аудандық Мәдениет  үйі

      Қоғамдық тыңдалымды Исатай ауданы әкімшілігі ұйымдастырды.

      Қоғамдық тыңдалымдар  өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің 2016ж., 3-ақпан күнгі сандарында қазақ ж/е орыс тілдерінде , Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет порталында 03.02.2016ж., жарияланып, жүртшылыққа хабардар еткізіліп жеткізілді.
       Қатысқандар: Исатай ауданы әкімінің орынбасары - Өтеғалиев М.Р.

                              «Сазанқұрақ» ЖШС-інің  бас директордың м.а. - Семғалиев А.А.,  

                              «Сазанқұрақ» ЖШС-інің инженер-экологы - Абдошев Ғ.Е.,

                               Еңбек ардагері - Төлеушов Қ.,

                               Исатай ауданы әкімінің орынбасары - Қуанышкереев А.,

                               Исатай ауданы тұрғындары  
        Тыңдалымның күн тәртібі: «Сазанқұрақ» ЖШС-інің 2016-2020 ж.ж., арналған табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарымен жұртшылықты таныстыру.
        Сөз сөйлеушілер: Тыңдалымды ашу сөзі «Сазанқұрақ» ЖШС – ның бас директорының м.а. Ә.А. Семғалиевқа берілді:

        «Сазанқұрақ» ЖШС – ның бүгінгі қоғамдық тыңдалымды өткізіп отырған себебі, 2016 – 2020 жылдарға Сазанқұрақ кен орнында өткізуге жоспарланып отырған табиғатты қорғау іс – шаралармен жиналған азаматтарды таныстыру, ол шаралар туралы ақпарат беру. Қоғамдық тыңдауға жиналған халықтың біздің жобамызға қандай алып – қосарлары бар екендігін, сонымен бірге қандай ой – пікірлері бар екендігін білу. Осыған байланысты, тындалымға катынаушылар қарсылық білдірмесе бүгінгі қоғамдық тыңдалымды ашық деп жариялады, (әрі қарай, «Саззанқұрақ» ЖШС – гі туралы қысқаша мағлұмат берілді). Баяндама жасау үшін сөз,  «Сазанқұрақ» ЖШС – ның инженер-экологы Ғ.Е.Абдошевқа берілді:

           Құрметті бүгінгі тыңдалымға қатысушылар.

           Біздің компаниямыз жер қойнауын пайдаланушы ретінде табиғатты қорғауға жасақталған іс – шарамызбен таныстыру мақсатында өткізілетін қоғамдық тыңдауды өткізу үшін дайындық барысында төмендегідей жұмыстар жүргізді:

  1. Қоғамдық тындау туралы хабарлама Атырау және Прикаспиская коммуна газет беттерінде 3 ақпан күнгі санында қазақ және орыс тілдерінде және Атырау облысы әкімшілігінің ресми интернет-порталында да осы жылдың 3-ақпанында жарияланды.
  2. Жергілікті атқарушы органдарға, атап айтқанда Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасына, Атырау облыстық экология департаментіне, Атырау облысы Исатай ауданы әкімшілігіне табиғатты қорғауға жасақталған іс – шараларымызбен таныстыру мақсатында қоғамдық тыңдауға шақыру жөнінде ресми хат жібердік.

          Қазіргі таңда біздің компания мұнай өндірумен айналысатын болғандықтан қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарды азайту мақсатында алдағы 5 жылдыққа табиғатты қорғауға төмендегідей іс – шаралар жасақталып, өз бюджетімізден қаржы бөлуді жоспарлап, сіздерді табиғатты қорғау іс – шараларымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер (әрі қарай жоспармен тыңдаушылар таныстырылды). 

         Қоғамдық өкілдерінің ұсыныстары мен ескерту мәселелері:

      Сұрақ:

  • Ілеспе газды пайдаланған кезде қондырғы істен шыққанда қандай шара қолданасыздар және ілеспе газды түгелімен пайдаланасыздар ма? Жерасты сулары бойынша бақылау қалай, қай мезгілде кімдер жүргізеді?

(Еңбек ардагері - Төлеушов Қ.)

      Жауап:

         Қондырғы істен шыққан жағдайда резервтегі екінші яғни аварийный қондырғыны пайдаланамыз, ілеспе газдың жылдық қоры өте аз мөлшерде өндіріледі және де түгел пайдаланылады. ( Семғалиев А.А., «Сазанқұрақ» ЖШС-інің бас директордың м.а.)  

         Жер асты суларың бақылайтын 24-мониторингтік ұңғы бар. Тендер нәтижесі бойынша лицензиясы мен зертханасы бар мекемемен келісім-шарт жасалып, өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес ұңғылардаң сынақтар алынып зерттелініп, нәтижесі ақпараттық есепте көрсетіліп, бір данасы Атырау облыстық экология департаментіне тапсырылады. (Абдошев Ғ., инженер-эколог)

       Сұрақ:

  • Кең орында пайда болатын тұрмыстық ағынды суларды, қауіпті және қауіпсіз өндіріс қалдықтарың кімдер шығарады, қайда шығарады? Ағынды сулар қалай өнделеді? (Исатай ауданы әкімінің орынбасары - Қуанышкереев А.)

       Жауап:

  • Өз мекемеміздің тұрмыстық ағынды суларды орналастыру үшін вахталық қалашықтан 2,6 шақырым қашықтықта аумағы 2га, терендігі 1м., сыйымдылығы 20 000м3 буландыру алаңы жасақталынған, айналасы қоршалған, жан-жануар кіре алмайды. Кәріздік ағынды сулар механикалық тазалаудан өтеді. Тоқсан сайын ағынды сулардың компоненті Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалында лабораториялық тексеруден өткізіліп тұрады. Шамадан ауытқуушылық тіркелген жоқ. Майланған топырақ, пайдаланудан шыққан бұрғы ерітіндісі мен бұрғы шламдарын қалдық жинақтағыш  алаңына апарылады. Жинақтағыш алаң да қоршалған, мерзімінде тазаланып тұрады. Қауіпті және қауіпсіз (ҚТҚ) қалдықтарды заласыздандыратын әлде болмаса қайта өндейтін компаниялармен тендер нәтижесі бойынша келісім шарт жасалып, сол компанияның аумағына қалдықтар апарылады. Екі ортада келісім шартта көрсетілгендей қабылдау – тапсыру актісі әр шығарылған өндіріс қалдықтарына жасалып, біздің кең орыннан олардың аумағына барғанша, қабылдап алған компанияның толықтай жауапкершілігіне жатады.(Абдошев Ғ., инженер-эколог)

     Сұрақ:

  •  Осы уақытқа дейін Нарын селолық округіне табиғатты қорғау шаралары бойынша қандай демеушілік көмек көрсеттіңіздер? Сосын осы жоспар бойынша селолық округті көгалдандыру бағытына бөлінген қаржыны арттыруға болмас па екен? (Исатай ауданы әкімінің орынбасары - Қуанышкереев А.)

     Жауап: 

  • 2014/2015 ж.ж., аралығында Нарын селолық округіне қарасты балабақша мен Жаңа Нарын мектебі айналасы қоршалып, тал-терек отырғызылып көгалдандырылды. Алдағы уақытта да Нарын селосына қаржылық дағдарысқа қарамастан демеушілік көмегімізді мүмкіндігіміз келгенше арттырамыз. ( Семғалиев А.А., «Сазанқұрақ» ЖШС-інің  бас директордың м.а.)  

     Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:
     Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша төмендегі  ұсыныстар  түсті:

  1. Нарын селолық округін көгалдандыру үшін демеушілік ретінде бөлінетін қаржының көлемін арттырып, көгалдандыратын жер көлемін ұлғайту.
  2. Тұрмыстық ағынды суларды биологиялық қондырғы арқылы  тазартудан өткізу. Мұнай бағасының құлдырап, қаржылық дағдарыс пен экономикалық тиімсіздігіне (қондырғы шығыны) байланысты екінші ұсынысты қабылдау  қазіргі танда мүмкіндігі шектеулі.

     Тыңдалым төрағасы қорытынды сөз сөйледі:

  • Ауыл тұрғындарына келтірілетін экологиялық зардаптар ескеріле отырып, мекеме тарапынан көптеген жұмыстар жасалуда. Экологияға үлкен көңіл бөлінуде, құзіретті органдар тарапынан тексерулер жүргізілуде. Осы уақытқа дейін қоршаған ортаға тигізетін зиянды жоюда мекеме тарапынан көптеген істер атқарылды.Алдағы уақытта да осы жергілікті халықтың талап-тілектерің ескеріп, табиғатты қорғау саласында бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.


 

      Тыңдалым төрағасы:                                    Семғалиев Ә.А. (аты-жөні, қолы)


      Тыңдалым хатшысы:                                      Абдошев Ғ.Е.  (аты-жөні, қолы)

 

provel obw sluwania sazankurak 24022016«Сазанқұрақ» ЖШС-і қоғамдық тындау өткізді

         2016 жылғы ақпан айының 24 жұлдызында Атырау облысы, Исатай ауданы, Аккыстау селосы, селолық Мәдениет Сарайы (конференц-зал). «Сазанқұрақ» ЖШС-сі 2016-2020  жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шарасы бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті.

         Қоғамдық тындауды Исатай аудан әкіміның орынбасары Отегалиев М.Р.  ашты. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып Сисекенов О.Л. сайланды.

        Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға  тиісті жауаптар берілді.

 

«Сазанқұрақ» ЖШС-сі,  №57 ҚР Экологиялық кодекстін  бабына сәйкес жаңе ҚР Қоршаган ортаны қорғау министрінің  2013 жылдың 26 наурыздағы №50 «Қоғамдық тыңдауы өткізу ережесін бекіту туралы»  бүйрықа сәйкес,  Сазанқұрақ кен орнындағы 2016-2020 ж.ж. арналған табиғат қорғау іс-шаралар жоспары бойынша  қоғамдық тындау өтетін хабарлайды.  Өткізу уақыты: 24.02. 2016 жыл сағат 15:00. Өткізу орны:  Атырау облысы, Исатай ауданы, Аккыстау селосы, селолық Мәдениет Сарайы (конференц-зал).  Мүдделі тұлғалар және ұйымдар   ақпаратты  № 8(7122) 20-03-41 ішкі (20-95) телефонына   алде  электроңдық поштасыңан  хабарлап  алуга болады gabdoshev@szk.kz

 

ППМР-2016-2020г.г.


Мақаланың шыққан күні:: 01.07.2016 15:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.07.2016 15:58