Array 344.АО «Интергаз Центральная Азия» УМГ «Атырау» | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2017

Қызметтер

344.АО «Интергаз Центральная Азия» УМГ «Атырау»

 ПРОТОКОЛ ОБЩЕСТВЕННЫХ СЛУШАНИЙ ПО ПЛАНУ ПРИРОДООХРАННЫХ МЕРОПРИЯТИЙ ФИЛИАЛА УМГ «АТЫРАУ»  АО «ИНТЕРГАЗ ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ» НА 2016 ГОД. (2413 кб)

 

Өткізілген күні: 2014 жылғы 3 қыркүйек, 10.00-нан 11.30-ге дейін.
Өту орны: Атырау қаласы, «Атырау» МГҚБ кеңсесі, 207 кабинеті.
Қоғамдық тыңдауларды Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу жөніндегі ақпарат жұртшылық қаперіне басылым көздеріндегі хабарландырулар арқылы жеткізілді:
2014 жылғы 30 тамыздағы № 99 «Атырау» газетінде. (мемлекеттік тілде);
2014 жылғы 30 тамыздағы № 99 «Прикаспийская коммуна» газетінде (орыс тілінде);
atyrau.gov.kz сайтында орналастырылған.

Қатысушылар:
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері:
Бисембиев О.А. – басқарма басшысы орынбасары;
Сарсалова А.У. – Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық реттеу және рұқсат беру бөлімінің басшысы;

Атырау облысы бойынша Экология департаментінен:
Халиахметова А.Х. – Атырау облысы Экология департаменті экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы;
Қоғамдық:
Диаров М. – ҰҒН академигі, Аймақтық экологиялық мәселелелердің ғылыми орталығының басшысы, тәуелсіз сарапшы;
Суесинов Т. – экологиялық қауіпсіздік жөніндегі ғылымдардың халықаралық академиялардың мүшесі, тәуелсіз сарапшы;
Куанышев С.С. – Атырау облысы маслихат депутаты;
Изтелеуова Ш.- Жайык – Каспий Орхус орталығының директоры;
Аманшиев А.Д. – Мақат аудандық Нур-Отан ХДП мүшесі;
Ескелдин А.Ш. - Мақат аудандық Нур-Отан ХДП мүшесі;
Умбеталиева Г.С. – Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аналитикалық зертхана директоры;
Абулкасимов Е.Н. – Исатай аудандық әкімдігінің Жер комитетінің бастығы;
Цой Д.Ю. – еңбек ардагері;
Пекесов Д.А. – еңбек ардагері;
Регентова Г.М. – «Атырау мұнайөңдеу зауыты» АҚ;
Сеитова М.И. – Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Жасуланова А.Ж. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Каиржанова А.Ж. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Даулбаева А.Б. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Ажденгалиева К.С. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Дакенова М.М. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Абуова А.Е. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Курбанова В. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Кожабаева Н. - Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Утебаев Р.К. – әуежай «Атма»;

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ филиалынан:
Турсунбаев Б.А. – директор;
Тусупкалиев Б.Ж. – директор кеңесшісі;
Ещанов М.П. - Компрессорлық станса қызметінің бастығы;
Кораблев А.А. - Электрхимиялық қорғаныс қызметінің бастығы;
Дюсенов Е. М. - Электрмен, сумен қамту қызметінің бастығы;
Ташев Б.А. - түбірлі құрылыс және жөндеу бөлімінің бастығы;
Байбулов К.М – еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы бөлімінің бастығы;
Ахметов М.М. – МГҚ қызметінің жетекші инженері;
Имангалиева З.Е. – қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженер;
Есенгалиева Д. – аудармашы;
Жайыков Б.У. – Тайман ө/а бастығы;

Тіркелген қатысушылардың барлық саны 35 адам.

1. Қоғамдық тыңдаулардың ашылуы
Қоғамдық тыңдауларды А.А. Бисембиев ашты. Ол алдымен амандасып, қатысушыларға қоғамдық тыңдауларға қатысқаны үшін алғыс айтты, сонымен қатар осы шара ҚР Экологиялық Кодексі талаптарына сәйкес «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ-ның 2015 жылға табиғатты қорғау шараларының жоспарын мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, талқылау мақсатында өткізілетіндігін айтты.

З. Имангалиева тыңдаулар төрағасы ретінде - С.С. Куанышевты, хатшы ретінде - Д. Есенгалиеваны ұсынды.
Қоғамдық тыңдаулар төрағасы Куанышев С.С. келесі күн тәртібі мен тыңдаулар регламентін ұсынды:
Күн тәртібі:
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ-ның 2015 жылға табиғатты қорғау шараларының жоспарын қарастыру.
Регламент:
Баяндамашыларға 20 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Талқылау үшін 5 минут.
Күн тәртібі мен регламент бекітілді.

2. Сөз сөйлеулер
Қоғамдық тыңдаулар бағдарламасына сәйкес З. Имангалиеваның баяндамасы тыңдалды.
Өз сөзінде З. Иманғалиева өндірістік қызметтің қысқаша мінездемесін берді, қоғамның экологиялық саясаттың қабылданған міндеттемелеріне сәйкес, кәсіпорын қоршаған ортаға тиюі ықтимал техногенді әсерді азайту және функционалдық сенімділікті арттыру жөнінде жоспарлы жұмыстар үнемі өткізіледі. Оның бірден-бір бағыты - су ресурстарын қорғау мен тиімді пайдалану саласындағы табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Осылайша Мақат-Солтүстік Кавказ магистралды газ құбырларының күзетілетін аймағын сынау жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысында қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайту мақсатында Мобильді азоттық компрессорлық стансалар (МАКС) қолданылатын болады, оны пайдалану өндірістік үдерісті жетілдіріп, тұщы су шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Ал азот агрессивті газ болмағандықтан, тұтану қаупі жоқ. Шараға жұмсауға жоспарланған шығындар 17 млн. 572 мың теңгені құрайды. Су шығынын болдырмау есебінен көрінетін экономикалық эффект 1 млн. 427,194 мың теңге.
Ақаба сулардың сапалық құрамын жақсарту және қайтадан пайдалану мақсатында Ақкөл ЖӨБ-де және Тайман ө/а-да тазарту имараттарының құрылысының 2015 ж. 1-ші кезеңі: ЖСҚ жобасы әзірлененді. 2–ші кезеңі: Тазарту имараттарының құрылысы 2016. ж. өтеді.
Флора мен фаунаны қорғау тарауы бойынша құстарды сақтау және олардың өлімін болдырмау мақсатында трасса бойындағы электр берілістің әуе желілерінің ескірген құстарды қорғау қондырғыларын жаңаларына ауыстыруға қатысты жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Осы тарауда Редут және Құлсары компрессорлық стансаларының аумағын көгалдандыру қарастырылған.
Ұзындығы 39 шақырым магистралды газ құбырларын қайта оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізу барысында жердің құнарлылығын техникалық қайта қалпына келтіруге 116 178 теңге қарастырылған.
Сонымен қатар жоспарда экологиялық ағарту және оқыту шаралары жоспарланған.

Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері:
М. Диаров.
1. Сұрақ: Қандай кендердің газын тасымалдайсыз, газ құбырының ұзындығы қандай, соңғы 5 жылда қанша апат болды?
Сұрақтарға «Атырау» МГҚБ директоры Б.А. Турсунбаев жауап берді:
Жауап: Ол өндірістің толық сипаттамасын берді. «Атырау» МГҚБ газды Орта Азия-Орталық (ОАО) және Мақат-Солтүстік Кавказ (МСК) магистралды газ құбырлары арқылы Ресей Федерациясына және Атырау облысы тұтынушыларының қажеттілігі үшін тасымалданады. Газ Өзбекстан, Түрікменстан республикалары кен орындарынан, «Толқын нефтегаздан» және Теңіз кен орнынан келетіндігін айтты. Соңғы 5 жылда апат болған жоқ. Газ құбырының ұзындығы 2020 шақырым.
2 Сұрақ: ОАО және МСК газ құбырлары қашан салынды?
Жауап: Бірінен соң бірі 1969, 1972, 1975 жж. - ОАО, 1980 жылы - МСК
3. Сұрақ: Құбыр сенімділігін арттыру бойынша қандай жұмыс жасалуда?
Жауап: Құбырішілік диагностика жүргіземіз, жегіге ұшыраған учаскелерді анықтап, «ИОА» АҚ «Инженерлік-техникалық орталық» филиалы нақтылап береді. «ИТО» нәтижелері бойынша осы учаскелерді жөндеу жөніндегі жұмыстар жоспарланады.
4. Сұрақ: Газ құрамын кім бақылайды? Компоненттік құрамы қандай? Метан қанша пайызды құрайды?
Жауап: Газ сапасы үнемі тексеріліп тұрады. Туркменстан тарапынан, кіретін жерде біз, шығатын жерде Ресей Федерациясы тексереді. Тұтынушыларға сапалы газ беру - сапа сертификатына сәйкес Қоғам саясатын орындау. Газдағы метанның орташа құрамы 95%.
Газдың толық компоненттік құрамын толық растап, білу үшін газ төлқұжаты ұсынылды.
5 Сұрақ: Газ сапасын тексеретін қосымша мемлекеттік орган бар ма?
Жауап: Газ сапасын тексеретін қосымша мемлекеттік орган жоқ.

6 Сұрақ: Құбырларды кім ауыстырады, мердігер компания ма әлде өздеріңіз бе? құбырларды ауыстыру үдерісі қалай жүреді, автоматты түрде жабылады ма?
Жауап: Құбырларды өзіміз ауыстырамыз, крандар автоматы түрде жабылады.
7 Сұрақ: Оқшаулануы қолмен жасалған құбырларға жер асты суларының әсері қандай?
Жауап: Оқшаулануы қолмен жасалған құбырларға жер асты суларының әсері күшті. Сондықтан бұндай учаскелер қатаң бақылауда. Соңғы жылдары оқшаулануы зауытта жасалған құбырларды сатып аламыз.
8. Сұрақ: Құм шағылдардың құбырларды басып қалуы байқалды ма, қандай шаралар қабылданды?
Жауап. Бұндай жағдай 15 жылда бір рет кездесті, географиялық орналасуына орай Тайман ө/а-да байқалды. Біз топырақ үйіп, дамбалар жасадық. Содан кейін бұндай жағдай қайталанбады.
Изтелеуова Ш.
9 Сұрақ: Газды тұтынушылар кімдер, газды жеткізуге кіммен келісім-шарт жасалды? Халыққа берілетін газ бағасына ықпал етесіздер ме? Сіздің кәсіпорын мемлекеттік құрылым болып табылады ма?
Жауап: Бізде «КазтрансгазАймак» АҚ-мен келісім-шарт бар. Халыққа берілетін газ бағасын өздері белгілейді. Иә, біз мемлекеттік кәсіпорынбыз.

Диаров М. Б. Турсунбаевқа қойылған сұрақтарға толық та қанағаттанарлық жауап бергені үшін алғыс айтты. Алдағы жылдары «Атырау» МГҚБ қызметінің жекелеген ауыл және қала тұрғындары денсаулығына тигізетін әсерін бағалауға тілек білдірді.
Талқылау нәтижелері жөніндегі негізгі қорытындылар
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ филиалының 2015 жылға арналған табиғатты қорғау шараларының жоспары бойынша оқылған баяндама ұсыныстар мен тілектер ескеріле отырып, қаперге алынсын.

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы: Куанышев С.С.

Хатшы: Есенғалиева Д.

 

 

 План природоохранных мероприятий на 2016 годы УМГ «Атырау»  (30 кб)

 


Мақаланың шыққан күні:: 04.07.2016 17:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.07.2016 17:11