Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.10.2017

Қызметтер

312. ТОО «Тенгизшевройл»

 «Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС-нің «2016-2018 жылдарға арналған Табиғат қорғау шараларының жоспары» бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы (8572 кб)

 

«Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС-нің

«2016-2018 жылдарға арналған Табиғат қорғау шараларының жоспары» бойынша

қоғамдық тыңдау хаттамасы

Күні:                                      21 шілде 2015 ж.

Уақыты:                               10:00

Өткізілген орны:               Атырау қаласы, «Ренессанс» қонақ үйі. 

Қоғамдық тыңдауды Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды.

Қоғамдық тыңдауды өткізу жөніндегі ақпарат жұртшылыққа «Атырау», «Прикаспийская Коммуна», «Кең Жылыой» газеттеріне, «Теңізшевройл» ЖШС-ніңwww.tengizchevroil.com веб-сайтына;«Жайық-Каспий Орхус» орталығының»www.aarhus.kz веб-сайтына; Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныңwww.atyrau.gov.kz сайтына хабарландыру беру арқылы жарияланды;

Қатысушылар: мемлекеттік органдардан, Атырау облысы ҮЕҰ (Үкіметтік Емес Ұйымдарынан), БАҚ-нан, басқа компаниялардан және жұртшылықтан 133адам қатысты.(Қосымша1- Қатысушылар тізімін қараңыз).

Қоғамдық тыңдауға төрағалық етугеАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынысы бойынша Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры Ізтілеуова Ш. О. тағайындалды.

Хатшылар: Сарсалова А.О. (Атырау облысы әкімияты), Тасқали Г.Т. (ТШО)

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:

10:00 -10:05                        Кіріспе сөз – Бисембиев О. Ә., Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары;

10:05- 10:15                        Төраға мен модератордың сәлемдесу сөзі, күн тәртібін, уақыт тәртібін белгілеу, төралқа құрамын таныстыру;

10:15- 10:20                        Кіріспе сөз – Тэд Этчисон, «Теңізшевройл» компаниясының бас директорының м.а.;

10:20 - 10:40                       ТШО-ның "2016-2018 жж арналған табиғат қорғау шараларына қатысты жоспары" - Сәдірбаев Арман - Өндірісті оңтайландыру / қаупсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас менеджерінің орынбасары;

10:40-11:50                         Сұрақ-жауап сессиясы;

11:50-11:55                         Қорытынды сөз – Тэд Этчисон, «Теңізшевройл» компаниясының бас директорының м.а.;

11:55-12:00                        Қоғамдық тыңдаудың жабылуы.

Қоғамдық тыңдау төралқасы:

  1. Бисембиев Орақ Әнуарбекұлы - Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары;
  2. Ізтілеуова Шынар Орманбекқызы – Жайық-Каспий Орхус орталығының директоры;
  3. Этчисон Тэд – «Теңізшевройл» компаниясының бас директорының м.а.;
  4. Артығалиев Рзабек Дәүітұлы – «Теңізшевройл» компаниясының Үкімітпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері;
  5. Галднер Роберт - «Теңізшевройл» компаниясының Өндірісті оңтайландыру, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас менеджері.

Қоғамдық тыңдауды Атырау облысы бойынша Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Бисембиев О.Ә. ашты.Ол Қоғамдық тыңдауға қатысушылармен амандасып, компанияның осытыңдауды өткізуді атқарушы органдармен келіскенін хабарлады. Өз сөзінде О. Бисембиев мырза қатысушыларға Қоғамдық тыңдауды өткізу ережелеріне сәйкес хаттама жобасы 5 жұмыс күнінен кейін облыс әкімдігінің http://www.atyrau.gov.kz/сайтындажарияланатынын, 7 жұмыскүніішіндеқатысушылардыңхаттамажобасынатүзетулеренгізумүмкіндігіболатынынайтты.

ҚоғамдықтыңдаудыөткізуережелерінесәйкесТөрағаменхатшылартағайындалды.

Қоғамдықтыңдаутөрағасыретіндебірауыздан«Жайық-КаспийОрхус» орталығыныңдиректорыІзтелеуоваШынарОрманбекқызы, алхатшыларретінде«Теңізшевройл» ЖШС-ніңэкологыТасқалиГүлнар,  АтырауоблысыбойыншаТабиғиресурстаржәнетабиғатпайдаланудыреттеубасқармасыныңбасмаманыАнфираСарсалова -тағайындалды.

Төрағаартылғансенімүшіналғысынбілдіріп, тыңдаудыңкүнтәртібіменуақыттәртібінбелгілеудіұсынды. Қоғамдықтыңдауғақатысушылардыңбарлығынақоғамдықтыңдаудыөткізубағдарламасы, қатысушылартізіміжәнеүлестірмематериалдартаратылды. Қоғамдықтыңдаубағдарламасыменуақыттәртібібекітілді.

КомпанияатынансәлемдесусөзіменТШОбасдиректорым.а.ТэдЭтчисонсөйледі (сөзітіркелді.Қосымша 2 – Т.Этчисонныңсөзінқараңыз).

Қоғамдықтыңдаудыңбағдарламасынасәйкес «Теңізшевройл» ЖШС-ніңӨндірістіоңтайландыру, қауіпсіздіктехникасыжәнеқоршағанортанықорғаубөлімініңбасменеджерініңорынбасарыАрманСәдірбаевтыңТабиғатқорғаушараларыныңжобасыбойыншапрезентациясытыңдалды (Қосымша3 –Презентациянықараңыз).

ПрезентацияданкейінТөрағасұрақ-жауапбөлімінекөшудіұсынды. Олсұрақтардыжазбашажәнеауызшатүрдеқоюғаболатынынайтакетті. Жазбашасұрақтардыхатшылыққаберуқажет.

ОданәріТөрағажұртшылықтыңкомпанияғаТШО-ның 2016-2018 жылдарғаарналғанТабиғатқорғаушараларыныңжобасыментанысқаннанкейінқоғамдықтыңдаубасталғанғадейінжібергенсұрақтарынажауаптардыоқыпшығудыұсынды.

Жұртшылықөкілдерініңсұрақтары, ұсыныстарыменескертулері:

ҚизатоваТоғжан, «Демос» ҚБ. ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша4– Т. Қизатоваға хаттықараңыз)

1.Экологияға бөлінетін қаражаттың көлемі туралы сұрақ. Түсетін пайдаға байланысты экологияға қанша қаражат немесе өндірістік қажеттіліктердің қанша пайызы қоршаған ортаны қорғауға бөлінуі тиіс жөніндегі стандарттардың дүниежүзілік тәжірибеде бар екені сөзсіз. Ең төменгі және ең жоғарғы көрсеткіштер бар ма? ТШО қандай деңгейде? Біз бұл сұрақтарды ТШО-ға өткен Қоғамдық тыңдауларда қойған болатынбыз, алайда жауап болған жоқ. ТШО зерттеп білуге уәде берді.

ТШО жауабы:Дүние жүзінде жалпы кірістен экологиялық шараларға жұмсалатын қаржының пайыздық арасалмағы бойынша бірден-бір стандарт жоқ. ТШО-ның табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруының мекеменің кірісіне қатысы жоқ. ТШО-ның табысы (барлық табиғат пайдаланушылардағыдай) негізгі өнімнің бағасына сәйкес жылдан жылға ауысып отырады. Жыл сайын ТШО ықтимал жобаларды тауып, олардың компанияның экологиялық қызметіне қандай пайда тигізетінін және оларды жүзеге асыруға қажеттіқаражат қорын анықтайды.

2.Табиғат қорғау шаралары жоспарын жүзеге асыруға пайдаланылатын технологиялар мен жабдықтар экологиялық тұрғыдан қаншалықты қолайлы? Олар дүниежүзі бойынша қай жерлерде қолданылады және оларды кім жасайды (қандай мекеме)?

ТШО жауабы: ТШО-да қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру үшін қолданылып отырған технологиялар немесе жабдықтар озық және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болып табылады. Мысал үшін, ТШО Қазақстан Республикасындағы ТЖК-ның күкірт қондырғысы тоқтаған кезде, уақтылы шара қолдануға мүмкіндік беріп, алауларда қышқыл газ жағуды және қоршаған ортаға теріс әсер етуді қысқартатын автоматтандырылған «YOKOGAWA Exapilot» бағдарламалық жасақтамасын пайдалану рұқсаты бар ең бірінші компания болып табылады. Бұл бағдарламаны жасаушы Yokogawa компаниясы – ол дүние жүзіндегі өнеркісіптік автоматтандыру және бақылау-өлшеу құралдары саласындағы қолданбалы бағдарламалық жасақтама дайындайтын ең ірі мекемелердің бірі.

Сонымен қатар, ТШО периодты түрде қозғалатын жүйелі реактор технологиясын пайдаланудың көмегімен Канализациалық – тазарту ғимараттарында (КТҒ) және кері осмос қондырғысын пайдалана отырып, Суды қайта пайдалану қондырғысында озық технологияларды қолданып келеді. Бұл технологиялар өндірісте пайдаланылатын су көлемін азайту бойынша қойылған мақсатты жүзеге асыруға жағдай жасайды.

3.Күкіртке қатысты. Мұнай өндіруді арттырған жағдайда күкірт картасы бойыншанөлдік көрсеткішті сақтап қалуға мүмкіндіктер жеткілікті ме?

ТШО жауабы: Қазіргі таңда, ТШО күкірт карталарына күкірт құю бойынша барлық іс-әрекеттерін тоқтатты. Алайда, ТШО күкірт шығару қондырғыларындатехникалық ақаулықтар орнаған немесе нарық жағдайының өзгеруіне байланысты жағдайларға арнап бір күкірт картасын қалдырады.

4.Альтернативтік сумен қамту көздері бойынша зерттеу жұмыстарын кім жүргізеді (қандай мекеме)?

ТШО жауабы: «Виттевеен+Бос Каспиан» ТШО-мен бірлесе отырып.

Сүлейменова Лаура – «Ақ Жайық» газеті.ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша 5– Л. Сүлейменоваға хатты қараңыз).

1.ТШО қазіргі кезде мұнай бағасының төмендеуіне байланысты көптеген жобалардың қысқартылғаны жөнінде баяндады. Бұл жағдай Табиғат қорғау шараларының жоспары (ТҚШЖ) аясында қарастырылған жобаларға әсер етпейді ме?

ТШОжауабы: ТШО өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту жолдарын әрдайым іздейді. Сөз жоқ, мұнай құнының түсуі басқа да мұнай компаниялары секілді ТШО-ға да ықпалын тигізді. Сондықтан ТШО 2016-2018 жылдарға арналған ТҚШЖ-на енгізу үшін экологиялық жобалардың тізімін анықтауға жете әрі ықыласпен кірісті. Қазіргі кезде2016-2018 жылдарға арналған ТҚШЖ-на енгізілген жобаларды қаржыландыруды қысқарту жоспарланып отырған жоқ. Солай болса да, жобаларды (жобалаудан құрылысқа дейін) орындаудың әрбір кезеңі кезінде, ТШО әр жобаны енгізудің өзектілігі мен техникалық-экономикалық тиімділігін жете зерттейді. Алынған деректер негізінде, ТШО жобаның жалғасуы, жұмыс көлемі мен кестенің өзгеруі не жобаның тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды. ТШО ТҚШЖ аясындағы барлық жобалардың орындалу жағдайын тоқсан сайын Атырау облысы бойынша Экология департаментіне хабарлап отырады.

2.Соңғы күкіртті жөнелту рәсіміне журналисттердің қатысуына рұқсат беріле ме?

ТШО жауабы:Соңғы күкіртті жөнелту бірқатар себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Жаңа күні белгіленген жағдайда,журналистерге хабар беріліп, олар аталмыш рәсімге шақыратын боламыз.

3. Келешеккеңейту жобасы (ККЖ) жөнінде суды қайта айдау бойынша, жер қойнауының қысымын ұстап тұру үшін газ және су айдау қарастырылған ҚМГ-дың 10С жобасы бекітілген делінген мәлімет бар. Сұрақ: Су қайдан алынады? Қайтадан Қиғаш-Маңғышлақ су құбырынан ба?

ТШО жауабы: ТШО Теңіз кенішін тиімді және тұрақты игеруге мүдделі. 10С жобасы ТШО-ның Теңіз коллекторы бойынша Технологиялық сызбасында келтірілген көптеген сатылардың біріне жатады және 10С кезеңі болашақта игеруді басқару мақсатында ҚР үкіметі 2013 жылы бекітті. Бұл кезеңде немесе нұсқада болашақта, кенішті игерудің кейінгі сатыларында, ККЖ жобасы бойынша газды қайта айдаудан кейін суды қайта айдау қарастырылады. Сумен қамтудың потенциалдық көзі әлі анықталған жоқ.

Ерғалиев Т.Ж.– Атырау мұнай және газ институтының профессоры.ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша 6–Т. Ерғалиевқа хатты қараңыз)

Ұсыныс. ТШО зауытын толық, тоқтаусыз және апатсыз пайдалану үшін сумен қамтудың баламалы көзін табу және іске енгізу кейінге қалдыруға болмайтын мәселе болып табылады:

ü  теңіз суын тұщыландыру;

ü  жер асты суларын пайдалану;

Бұл үшін Қиғаш-Маңғышлақ су құбырынан су жеткізушіге сумен қамтамасыз етудің баламалы көзін тауып, күтпеген апаттық жағдай болған кезде жүйені осы көзге қосуын міндеттеу керек немесе ТШО-ның өзі осындай сумен қамту жүйесін жобалап, іске қосуды бастауы қажет.  

ТШО секілді ірі мекеменің сумен қамтудың жалғыз көзіне сенуін жарамсыз және қылмыстық немқұрайлық деп санаймын.

ТШОжауабы: Қазіргі таңда ТШО сумен қамтудың баламалы көзін зерделеу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу аясында Атырау облысынан «Жаңа Су» және Маңғсытау облысынан «Төңірекші» жер асты суларының екі көзі анықталды. Қазіргі уақытта ТШО «Қазтрансойл» АҚ компаниясымен оның жер асты сулары көздерінің иелерімен бірлесіп жұмыс жасауы бойынша келіссөздер жүргізіп отыр. Бұл тұрғыда әлдеқашан кездесу өткізілген болатын, оның барысында жер асты сулар кеніштерінің иелері бірлескен жұмыстары бойынша жоспарын ұсынды. Осы зерттеу жұмыстарын аяқтау 2016 жылға белгіленіп отыр.

Дәл қазір ТШО жер асты суларын пайдалану немесе Каспий теңізінен алынған суды тұзсыздандыру мәселелерін қарастырмайды.

Одан әрі, төрағазалдан сұрақтар мен ескертулерге көшетіні жөнінде жариялады. Ол сұрақтарды ауызша және жазбаша түрде қоюға болатынын, өздерін таныстыруды ұмытпауды тағы да айтып, бұл хаттама үшін қажет екендігін ескертті. Сөз сөйлегісі келетіндер болып жатса, олардың хатшылыққа алдын-ала жазылуы қажет.

ҚарашинБекет–«Алшы» ҚҚ

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ТШО-ның әлеуметтік инвестицияларға қатысты саясаты өзгермей ме?

ТШОжауабы:ТШО-да екі жоба бар: «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы және әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы. Мұнай бағасы төмендегенмен, ТШО «Игілік» бағдарламасын қаржыландыруды толық көлемде қалдыруды шешті, яғни «Игілік» бағдарламасы биыл толық көлемде қаржыландырылады. Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы –бұл біздің үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасап отырған бағдарламамыз. Ол бағдарлама бойынша азғантай қысқарту болжалып отыр, алайда, біз оның бюджетін қажетті көлемде сақталады деп ойлаймыз, сондықтан өз жобаларыңызды жібере аласыздар.

ШалиевҚуан–Жылыой ауданының тұрғыны

Менің сейсмика бойынша сұрағым бар. 1990 жылыМәскеу мамандары газ бен суды қайта айдау шаралары жасалмаған жағдайда жер сілкінісінің орын алу мүмкіндігінің барын айтқан болатын. Оған қоса, Прорва маңында бүкіл бұрғылау қондырғысы жер астына құлап кеттідеген қауесет бар. Сізде бұл жағдай қайталанбай ма – сіздің зауыт жер астына кетпей ме, сіз сейсмологтармен жұмыс жасайсыздар ма, Жылыой ауданында жер сілкінісі болмай ма?

ТШО жауабы:Карбонаттық тау жыныстарынан көмірсутек өндіруге байланысты пайда болатын микросейсмикалық белсенділік сирек құбылыс емес. Сонымен қатар, флюид алудың нәтижесінде барлық коллекторлар тығыздалып, ол жер бетіндегі топырақтың шөгуіне алып келеді.

Теңіз және Королев кен орындары жер қыртысының геологиялық тұрғыдан тұрақты аймағында орналасқан. Бұл аймақ, үлкен жер сілкіністері болған тектоникалық белсенділігі жоғарылау аумақтарға қарағанда ерекше. Геологиялық тараптан, Теңіз және Королев кен орындарының коллекторлары төрт километрден астам тереңдікте орналасқан және өткізбейтін қатпарлы тас жыныстары және тұзды қабаттармен нық жабылған. Теңіз және Королев кен орындарының коллекторлары ізбес тасынан құрылған, ол тығыздалуға басқа жыныстармен салыстырғанда азырақ бейімделген.

ТШО 2001 жылдан бері геодинамикалық мониторинг жүргізеді, оған топырақ шөгуінің жыл сайынғы және сейсмикалық жағдайдың үздіксіз бақылауы жатады. Сейсмикалық жағдайды және топырақтың шөгуін бақылау бағдарламасын аймақтық геология және жер ресурстары департаменті (БатысҚазЖерқойнауы) бекіткен. Мониторинг нәтижелері әр алты ай сайын БатысҚазЖерқойнауына жіберіледі. Теңіз және Королев кен орындарындағы сейсмикалық белсенділік (жиілік және магнитуда), және топырақтың шөгуі қауіпсіз деңгейде.

Бұрғылау басталған 70-інші жылдардан бері, Шалиев мырза Прорва кен орнының мысалымен негізделіп отырған жер астына түсіп кету және грифондардың орын алу жағдайлары бірде біреуі тіркелмеген. Геодинамикалық мониторинг бағдарламасы және бұрғылау үдерісін бақылау шаралары бізге Теңіз және Королев кен орындарының қауіпсіз ахуалы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Махамбетова Уағиза – ардагер.

Қазір шетел компанияларының өкілдерін асырап отырмыз. Әлі күнге дейін келісімшартты көру мүмкіндігі жоқ, бұл неліктен ашық ақпарат емес, келісімшарт қашан қайта қаралады? Біз АҚШ-қа мұнайды бір баррель үшін 19 АҚШ долларына сатамыз. Мұнайдың бір баррелі 150 АҚШ доллар тұрған кезде де Құлсары халқының жағдайы нашар. Сіз отырғызған барлық жасыл көшеттер өліп қалады, ондағы микроклимат нашар, ешнәрсе өспейді. Қашанға дейін осылай өмір сүріп, өзгелерді асырап жүреміз, келісімшартты қашан көреміз? Құлсары қашан жақсарады? Халыққа қаржы қашан бөлінеді? Біз жұмыс жасадық, біздің мұнайдан үлесіміз қайда? Қазақстанның барлық тұрғындарының үлестік қатысуға, қойнау байлығына құқығы бар, бұл – халық байлығы.

ТШО жауабы:Келісімшарт 2033 ж. жоба аяқталғаннан кейін қайта қаралады. 1993 ж. келісімшартқа ҚР Елбасы қол қойды және келісімшарттың тұрақтылығы деген түсінік бар.

Құлсарыға байланысты жағдай туралы Жылыой ауданының әкімдігінен сұрауыңызды өтінеміз. Біз өз тарапымыздан барлық салықтарды уақытылы төлеп отырмыз, «Игілік» бағдарламасы бойынша жыл сайын 25 млн. АҚШ долларын бөліп отырмыз, әрине, тек Жылыой ауданы ғана үшін емес. Қоғамдық тыңдау аяқталғаннан кейін «Игілік» бағдарламасы бойынша қайда және не жасап отырғанымызды көрсете аламыз. Құлсары қаласында біз тұрғындарды сумен қамтыдық, көгалдандыру жұмыстарын жүргіздік, Құлсарыға жиі барып, сол жерде жағдайды зерттейміз. Республика бюджетіне тікелей төлемдер 1993 жылдан бері 106,19 млрд. АҚШ долларын құрады.

Өмірбаев Нұраддин –Жылыой ауданы әкімінің орынбасары.

Баяндамада Жылыой ауданында 4000 жасыл көшеттердің отырғызылғаны және олардың 100 пайыз ұласып өскені, ал зауыт маңындағы жасыл көшеттердің өміршеңдігінің 20-30 пайызға ғана жеткені жөнінде айтылған. Зауыт маңындағы топырақ тұзды, ол жерге ағаштар өсіру қажеттілігі бойынша талдау жүргізіле ме? Бұл ағаштарды 100 пайыз қабылдайтын Құлсары қаласында неге отырғызбасқа?

ТШО жауабы:Бұл мәселе 2012 жылы Құлсары қаласында өткен қоғамдық тыңдау барысында көтерілген болатын. Ол кезде даланы көгалдандырғаннан гөрі елді мекендерді көгалдандырған жақсы деп шешілді. Экология басқармасы бізді қолдады, бірақ Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі (бұрынғы СЭС) рұқсат бермеді. Егер аудандық және облыстық әкімдіктердің, жұртшылықтың тарапынан қолдау көрсетілетін болса, біз ТҚШЖ-даСанитарлық Қорғау Аймағын (СҚА) көгалдандыру үшін қарастырылған қаражатты Жылыой ауданының елді мекендерін көгалдандыруға ауыстыруға дайынбыз.

Төраға бұл сұрақты хаттамаға ұсыныс ретінде енгізуді ұсынды.

Ұсыныс.Орақ Бисембиев -Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Нұраддин Құлсары жасыл белбеуі мәселесін көтеріп отыр, ТШО-ға неге зерттеулер жүргізіп және оларды 2016-2018 жылдарға арналған ТҚШЖ-на неге кіргізбеске?Жасыл көшеттердің ұласып өсу мәселесі ТҚШЖ-ның зерттеулеріне енгізілсін.

ТШОжауабы:Әкімдік таңдаған Жылыой ауданының бірнеше учаскелерінде осындай өсімдікжарамдылығы мен топырақтың құнарлығы бойынша зерттеуді 2014 жылы «Терра» қашықтықта зондпен тексеру және геоақпараттық жүйесі орталығы ЖШС жүргізді. Бұл жоба аясында далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, топырақ және жер асты суларының сынамалары алынды. Ұсынылған учаскелердің көбінде гумустың аса төмен құрамына және аумақта судың тапшылығына байланысты көшеттер отырғызу ұсынылған жоқ.

БисембиевОрақ - Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

Қалдықтарды өңдеу 2011 жылғы 28 пайыздан 2014 жылы 48 пайызға жеткізілген. Алдымыздағы үш жыл ішінде қанша пайыз қалдық өңдей аласыздар? 2018 жылы қалдықтарды өңдеу қанша пайызды құрамақ? Қалдықтарды өңдеумен қандай мердігерлер айналысады?

ТШО жауабы: Қазіргі уақытта ТШО мердігерлерді тартудың қосымша мүмкіндіктерді қолдану бойынша жұмыс жасап жатыр. Біз қалдықтарды өңдеудің 48 пайыздық қазіргі деңгейін арттыруды жоспарлап отырмыз.Қазақстандық мердігерлерді тартуға қатысты қазіргі таңда олардың саны9 және олардыңбарлығы қазақстандық компаниялар болып табылады, яғни 100 пайыз қазақстандық үлес. 9 мердігердің 5-уі – бұл Атырауда орналасқан. Біз 2018 жылға дейін қалдықтарды өңдеу деңгейін 2014 жылғы деңгейде ұстап тұруға тырысамыз.

ӘбішМұхамбет –Жылыой ауданының ардагері.

«Игілік» бағдарламасы бойынша көп жобаның жүзеге асырылғаны туралы айтылды. Біз оны білеміз, бірақ бұл жобалар құрылыс нормаларына жауап бермейді, сапасыз орындалады. Орындалатын барлық жобалар ауданның бас жоспарына сәйкес жүргізілуге, бас сәулетшімен келісілуге тиіс, барлық құрылыс жұмыстарының жобалау нормалары бар, ал бізде керісінше, барлығы бас жоспармен келісілмей, құрылыс нормаларын сақтаусыз жүргізіледі.Мысалы: ауыз су үшін жүргізілген құбыр, олардың бірі арқылы су жүрмейді, қалғандары ыңғайсыз тартылған. Тапсырыс беруші ретінде ТШО-ға сұрақ - орындалатын жұмыстарға техникалық бақылау жүргізесіздер ме, жұмыс сапасының нашарлығы үшін жазаланған адамдар бар ма?

ТШО жауабы: ТШО жергілікті әкімдікпен келіспей, тиісті мемлекеттік органдартарапынан рұқсат алмай, ештеңе жасамайды, жұмысты бастамайды. Біз сіз айтып отырған жобаларды жақсы білеміз, бұл мәселелер бойынша жазбаша шағымдар түсті. Құрамында қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері, аудан маслихатының депутаттары бар комиссия құрылды, аяқталған жұмыстардың барлық актілерін алдық. Барлық анықталған ескертулер орындалды, жобаға өзгерістер енгізілді. Сіз 2009-2010 жылдары орындалған жобаларға мысал келтіріп отырсыз. Орындалған жұмыстар бойынша бақылау жүргізіледі, жоғары қысымда сынақ үш мәрте өткізілді. Сынақ кезіндегі қолданылған су ақысынТШО өзі төледі.

Мираш Сейлхан –«Сармат» жеке кәсіпкерлігі, археолог. ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша7– С. Мирашқахатты қараңыз)

«Игілік» бағдарламасы бойынша 25 млн АҚШ долларын бөлесіздер. Тарихи ескерткіштерді қорғау бойынша қандай шараларға қолдау көрсетілді? 2015 жылдан 2017 жылға дейін ТШО ЖШС-і тарихи-мәдени мұраларды қорғау               мақсатында қандайда бір шаралар жоспарлауда ма? Жылына жер қойнауын пайдалану кезінде тарихи ескерткіштерге залал келтірмеу мақсатында қорғау, сақтау үшін қанша көлемде қаржы бөлінеді?

ТШО жауабы: Толық жауапты жазбаша түрде беремізАқпарат ретінде– ТШО ең алдымен мұнай өндіру және өңдеумен айналысатын компания, бірақ оған қарамастан, өзіміз жұмыстар жүргізіп жатырған кезде археологиялық ескерткіштер табылып жатса, біз жұмысты тоқтатып, облыстық мәдениет бөлімінің мамандарын шақырамыз. Мамандардың біздің келісімшарттағы аумағымызға кіру рұқсаты бар, бұл мақсатта арнайы қаржы бөлмейміз, себебі қаржыландыру республика бюджетінің тарапынан жасалады, біздің оған еш қатысымыз жоқ.

2009 жылы, Атырау облысының мәдени мұраларды қорғау, қалпына келтіру және пайдалану бойынша мемлекеттік инспекциясы археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде осы категорияға жататын 42 учаске анықталды. Инспекция зерттеу жұмыстары бойынша есебін дайындады.

Осы археологиялық зерттеуді қолдана отырып, 2012 және 2014 жылдары ТШО ККЖ жобасы Теңіз және Королев кеніштерінде археологиялық зерттеулер жүргізу және инвентаризация жасау үшін «Казэкопроект» ЖШС-і мен «Археологиялық сараптама» ЖШС-ін тартты.

Осыған қоса, ТШО өзініңлицензияланған учаскесі аумағынан өндіріс қызметі жүргізілген кезде археологиялық қазбалар, артифактілер мен қорғандар табылған жағдайда тиісті іс-әрекеттер процедурасын дайындағанын айта кетейік.

Уандықов Өтесін–АМӨЗ ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

ТҚШЖ-ның атмосфералық ауаны қорғау бөлімінде 3 пункт көрсетілген, осы шаралардыңнақты эклогиялық тиімділігін цифрлық көрсеткіште айта аласыздар ма?

ТШО жауабы: Бұл «Технологиялық желілер кешенінің 300-қондырғысын өзгерту» жобасы теңгермелі сұйыққойманы айналым циклінен алып тастайды. Теңгермелі сұйыққойманы жоя отырып, ықтимал ауаға қышқыл газ шығаратын жабдықты жоямыз, осылайша адамдар мен қоршаған ортаны қорғайтын боламыз.

ЕБЗ-дағы көмірсутектер дренажын ауыстыру жобасының мақсаты – соңғы жылдары тоттану көрген ЕБЗ-дағы көмірсутектер дренажын алдын ала ауыстыру. Дренаждық жүйе техникалық қызмет көрсету кезінде (құрамында күкіртті сутек болуы мүмкін) қышқыл көмірсутекті шикізатты ұстап алу және осы көмірсутекті шикізат үшін мұнай шығару мен түрлі газдармен қауіпсіз жұмыс жасау үдерісіне қауіпсіз бағытты қамтамасыз етуге арналған. Бұл жүйе сұйықтықтың ағуы мен қауіпті газдың қызметкерлерге әсерін болдырмау үшін жабық болуы тиіс. Бұл жоба жерге жылыстау мен күкіртті сутек газының атмосфераға ықтимал шығарылуына жол бермеуге көмектеседі. Ауысатын материал ретінде көмірсутекті болаттан жасалған, жекеленген, жылумен ілескен, қапталған және тотқа қарсы барьердің міндетін атқаратын және ұзақ қызмет мерзімін қамтамасыз ететін арнайы нығыздағыш материалы жағылған   құбыр алынады.

Үшінші жоба –шикі газды жағуды қысқартуға қатысты. Бұл жоба шеңберінде осы газды жағудың басты себептерін зерттейміз және бұл жағдайларды болдырмау немесе оқиғалар санын қысқартудың мүмкін баламаларын анықтаймыз. Осындай баламалардың бірі–бұл автоматтандыру. 2015 жылдыңң аяғында зауыттардың бірінде автоматтандыруды жақсартуды жоспарлап отырмыз, бұл SО2 шығарындыларын, сәйкесінше, шикі газ жағуды қысқартуға мүмкіндік береді.

Уандыков Өтесін. Табиғатты пайдаланушы ретінде мен бұл мәселе бойынша сізге көмектескім келеді. Қазір, министрлік пенкомитет экологиялық әсердің сандық және ақшалай көрсеткішін көрсетуді талап етеді.

ТШО жауабы: Пікіріңіз үшін рақмет. ТШО-ның Табиғат қорғау шараларының жобасы ҚР нормативтік талаптарына сәйкес дайындалды.

Кәдімов Б.Л. - «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің өкілі.

Баяндауда ТШО-ның сумен қамтудың балама көздерін зерттеп жүргені және балама сумен қамту көзі ретінде ықтимал пайдалану үшін жер асты суларының екі кенішінің табылғаны айтылды. Осы жер асты суларының сапасы жөнінде ақпарат бар ма, себебі су заңнамасы бойынша ауыз су сапасындағы суды техникалық су орнына пайдалануға тыйым салынады? Жер асты көздерін зерттеу үшін «Қазтрансойл» компаниясы жұмысқа тартылды. Неге ол компания қолданылады, ол су таратқыш жүйесінің монополисі болып табылады және оның бұл сумен қамтудың балама көздері бойынша зерттеу жұмыстарына қатыспағаны жөн?

ТШО жауабы:Зерттеу барысындасумен қамтудың екі жер асты көзі анықталды. Су сынамалары алынды, су құрамы - тұздылығы 4 мг/литр.

Былтыр Әкімдіктен сумен қамту жөнінде хат келді.Жүргізіліп отырған жұмыстарға қатысты компаниялармен кездесулер ұйымдастырылды және «Казтрансойл» АҚ компаниясы осы бағытта ТШО-мен бірлесіп жұмыс жасауға дайындығын білдірді.

Сөйленген сөздер:

Есеналиев Нұр-Мухаммед – зейнеткер-ұстаз, Жылыой ауданы. (Қосымша8– Нұр-Мухаммед Есеналиұлының сөзінің мәтініжәнеҚосымша 9 - Нұр-Мухаммед Есеналиұлына хатты қараңыз). Сөз мәтіні жалғанды.

Тоғжан Қизатова - «Демос» ҚБ.

Мен біздің ақасақалымызды қолдағым келеді. Ол Қамыскөл көліне қатысты өз мұңын жеткізгісі келеді.Біз «біз соншалықты үлкен салық төлеп отырмыз, билік органдары шешсін» деген ТШО басшылығын түсінеміз. Бірақ билік органдары шешпей отыр, жергілікті ҮЕҰ бұл мәселемен айналыспайды, себебі бұл экологиялық мәселе. Ақсақалымыздың айтып отырғаны әбден дұрыс, ТШО осы көлді тазалау үшін 25 млн. АҚШ долларының үстіне шамамен 50 мың АҚШ долларын қосымша бөле алмай ма?

Менің сұрақтарымның бірі бұл экологиялық шараларға қаржы бөлу стандарттары бойынша болды. Стандарттар жоқ деген жауап болды. Жоспар бойынша қанша қажет деп тапсақ, сонша қаржы бөлу өз құқығымызда. Бірақ, біз ТШО, ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін кәсіпорын жөнінде айтып отырмыз ғой.

ТШО жауабы:Жылыой ауданы әкімиятының ұсынысы бойынша ТШО Қамыскөл өзені мәселесін зерттеді. Біз көлді толтыру бойынша зерттеулер жүргіздік, барлық ұсыныстарымызды 2014 жылы әкімдікке бердік. Ол кезде әкімдік көл мәселесімен бұдан әрі өздерінің айналысатынын айтты, сол себепті бұл мәселемен қазір айналыспаймыз.

Сүмесінов Меңдібай - «Атырау» газеті.

Өндірілетін мұнай көлемі уақыт өте келе өседі, ал күкірт көлемі арта ма? Ал күкірт сатылмаса ше? Бір күкірт картасын қалдырса қалай?

ТШО жауабы:Күкірт өндірісін арттыру қарастырылмаған. Келешек кеңею жобасында барлық газды жер қойнауына айдау жобаланған. Осыған байланысты, күкірт өндірісінің артуы жоспарланбаған. Алайда, ТШО күкірт шығару қондырғыларында техникалық ақау шығу немесе нарықтық шарттардың өзгеру жағдайлары үшін бір күкірт құю картасын қалдырады.

Тағы да жазбаша сұрақтар түсті.

Чернова Г.Х. - «Глобус» орталығының директоры. ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша10– Г.Х. Черноваға хатты қараңыз)

1. Ұсынылған жоспар (ТҚШЖ) материалдарында аймақтағы, соның ішінде Теңіз кенорны айналасында да, Жылыой ауданынындағы ахуал бойынша да экологиялық жағдайдың өзгеру динамикасының талдауын өткізу қарастырылмаған.

ТШО Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен жылына 55 мың тонна шығарынды шектеуін алғаны белгілі, іс жүзінде кәсіпорынның ауаға шығаратын зиянды зат мөлшері жылына 68 мың тоннадан асып отыр (ТШО-есептік көрсеткіштері бойынша). Ұсынылған жоспардан ауаға тасталатын шығарындылардың жалпы мөлшерін азайту, ауаға зиянды заттарды шығаруды азайту бойынша қандай шаралар орындау бойынша ТШО не атқаратыны түсініксіз. ТҚШЖ-да CO2 эмиссиясын азайту мәселесі қарастырылған, басқа газ факторлары, соның ішінде қышқыл газ шығарындылары не болмақшы?  

Осы жағынан ТШО жоспары дұрыс емес деп есептейміз, өйткені бұл деректер аймақтың қоршаған ортасын ластаумен байланысты шынайы жағдайды жоққа шығарып, Каспий аймағы атмосферасын жалпы ластау және қоршаған ортаға ықпал келтіретін және жинақтық ықпалы бар бөлек алынған ингредиенттер бойынша жағдайды объективтік бейнелемейді.

ТШО жауабы:ТШО жоғарыдағы сұрақ бойынша сізге дұрыс сандарды ұсынып отыр. 2014 жылы ТШО ҚР тиісті құзыретті органынан 74 353 тонна мөлшерінде ШРЕШ (Шектік рұқсат етілетін шығарынды) нормасына рұқсат алды. 2014 жылғы іс жүзіндегі шығарынды көлемі 60 130 тонна болды.

Компанияның қоғамдық тыңдау кезіндегі презентациясында айтылғанындай, 2000 жылдан бері ТШО шығарынды мөлшерін азайтуға бағытталған 8 бағдарламаны жүзеге асырды және олар өндіріс көлемі артып отырған уақытта жалпы ауаға тасталатын шығарынды мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. 2016-2018 жылдар бойынша ТШО атмосфералық ауаны қорғауға арналған тағы 3 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олар ауа шығарындылар мен газды алауда жағу мөлшерін азайтуды көздейді.

2. ТҚШЖ-да жалпы ТШО жобасы үшін ҚОЫБ-ны (Қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау) қайта қарастыру жөнінде ешнәрсе айтылмаған, өйткені Теңіз өндірісі үшін ҚОЫБ жобасының өзі ескірген болып табылады: бір уақыттары әр зауыт үшін бөлек ҚОЫБ дайындалатын – ГӨЗ (1993 жылы салынып, сол уақыттан бері жұмыс істеп келеді) үшін бөлек ҚОЫБ жасалынды, оның жанында өз ҚОЫБ жобасы бар Екінші буынды зауыт (ЕБЗ) жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Келешек кеңею жобасы (ККЖ) деп аталатын зауытты іске асыру ұсынылып отыр. Ал, сол Теңіз кенорында жұмыс істейтін осы зауыттардың аймақтың қоршаған ортасына келтіретін жиынтық ықпалын ешкім есептеген емес. Алайда, жалпы Теңіз кенорнының аймақтың қоршаған ортасына келтіретін ықпалына барлық көлемде ешкім санаған емес: қолданыстағы зауыттардың аймақтың қоршаған ортасына әсері, олардың жалпы барлық ықпалы толық зерттелмеген.

Осы себеппен, жалпы Теңіз кенорны үшін ҚОЫБ жобасын, сол сияқты Теңізде жұмыс істеп тұрған барлық зауыттардың жалпы ықпалын белгілеп және осы аймақтағы зиянды шығарындыларды тасудың және Санитарлық қорғау аймағының жаңа шекараларын анықтап, Теңіз кенорнының санитарлық қорғау аймағының өлшемін де қайта қарау қажет.

Осы шығындарды есепке алып, міндетті түрде осы 2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шараларының жоспарына енгізу қажет.

ТШО жауабы: TШO 2016-2018 жылдарға арналған осы мерзімде іске қосылатын ККЖ нысандарының эмиссиялары жобалық мәндерін қамтитын және жергілікті және республикалық органдар тарапынан бекітілетін эмиссиялар жобаларын дайындады. ТШО СҚА ауданында ластаушы заттардың концентрациясы пайда болу және олардың сомалану тобы жағдайы үшін ШРЕШ жобасын модельдеу кезінде қандай да бір нормативтерден тыс арту байқалған жоқ.  

Келешек кеңею жобасы (ККЖ) бойынша ҚОЫБ ҚР заңнамалық талаптарына сай, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті орган бекітетін, қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалау өткізу жөніндегі әдістемелік-нұсқаулық құжаттарға сәйкес қоршаған ортаға келтірілетін ықпалды бағалауға міндеттеуді қарастыратын ҚР Экологиялық кодексінің 42-бабының 1-тармағына сай дайындалды.

Жобаланып жатырған ККЖ нысандарының ықпалын бағалау Теңіздің қолданыстағы нысандарын, соның ішінде КТЛ және ЕБЗ зауыттан есепке ала отырып дайындалды. Атмосферадағы ластаушы хаттар мен шуды сейілту есептерінің нәтижелері қолданыстағы және жобаланған өндіріс нысандары үшін СҚА бекітілген өлшемі жеткілікті екендігін көрсетті.  

3. Жабдық бойынша Теңіз өндірісіндегі барлық ҚОБС-тарды (Қоршаған ортаны бақылау станциялары) модернизациялау қарастырылмаған. ҚОБС-тар ескірген және жабдықтардың апатты өшу және электр қуаты ажырау жағдайларында олар да тоқтап қалады және шығу нүктесінде нөлдік индикаторларды көрсетеді. Неліктен? Себебі, ол жерде де қоректендіру бір уақытта өшеді. Осы станцияларды орнату кезінде автономдық электр қуатын немесе генератор қосуды қаперге алу қажет. Әсіресе, жаңа зауытта (ККЖ) іске қосу тұрғысынан бұл маңызды. Сонымен бірге, зауытты іске қосу басында ҚОБС саны 32болса, өндіріс кеңейтілгеннен кейін 12-ге түсуі түсініксіздік тудырады.

Жұртшылық, ҚОБС-тарды «Теңізшевройл» ЖШС зауыттары айналасында ғана емес, жалпы Құлсары қаласы периметрі бойынша орнату қажет деп есептейді (Аджип ҚКО компаниясы Атырау қаласында орнатқанындай). Әрі қандай заттарды бақылау қажеттігін анықтап, деректерді онлайн режимде беруді қарастыру қажет. Деректер мүдделі жұртшылық пен ҮЕҰ-ға ұсынылғаны жөн.

ТШО жауабы:2014 жылы ТШО газ талдауыштарды алмастыру және автономдық үздіксіз қоректендіру көздерімен қамтамасыз етілген техникалық жаңа ҚОБС-тарды монтаждау арқылы барлық 12 қоршаған ортаны бақылау станцияларын (ҚОБС) модернизациялауды аяқтады. Осының арқасында мониторинг жүйесінің сенімділігі айтарлықтай артып, қоршаған ортаның жергілікті шарттарын түсіну көп жақсарды.

Бекітілген тәртіппен 2001 жылы келісілген Атмосфералық ауаның ахуалын өлшеу желісі пунктерін (ҚОБС) Теңіз кенорны аумағында орналастыру жобасына сай (жобалаушы «Казэкопроект» ЖШС және «Астраханьгазпром» ЖШҚ Астрахань НИПИгазпром институты) жалпы «Теңізшевройл» ЖШС мұнай өндіру және өңдеу кешеніндегі шығарынды ошақтарынан шығатын ластаушы заттардың концентрациясы деңгейін тиімді анықтау үшін 12 ҚОБС оңтайлы орналастырылған.

2013-2014 жылдары Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы өткізген зерттеу нәтижелері Жылыой ауданында орналасқан кәсіпорындардың өнеркәсіптік шығарындылары барлық маусым ішінде бекітілген шектеу аясында болғанын және Жылыой ауданы атмосфералық динамикасының жағымды шарттары ауадағы ластаушы заттардың сейілуіне жағдай жасайтындығын көрсетті. Алайда, сонымен бірге есепте Жылыой ауданының елді мекендеріндегі негізгі ықпал ТШО емес, олардың ішінде немесе жақын орналасқан кәсіпорындардан келіп отырғандығы көрсетілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері Атырау облысының Экология департаментіне Есеп түрінде 2015 жылдың екінші тоқсанында берілді.

ТШО ҚОБС-тарында СО, NO, NO2, SO2, H2S, CH тәріздес компоненттер өлшенеді. TШO өндірістік мониторинг есебі нәтижелерін Атырау облысы Экология департаментіне тапсырады.  

4. Төтенше жағдай шығарындылары: 5 жыл ішінде ТШО-да шамамен 700 апаттық шығарынды мен қышқыл газ жағу оқиғалары орын алды. Шығарындылардың шамадан асуы мен аймақ атмосферасының ластануы байқалып отыр. Осы мәселелердің шешімі ТШО-ның 2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспарында қалай қарастырылған? Осы мәселе алдағы уақытты қалай шешілмекші?      

Егер 700-ді 5-ке бөлсек, жылына 140 оқиғадан келеді және әрбірінен кейін бір рет апаттық шығарынды мен қышқыл газды алауда жағуға тең келеді! Алайда ТШО ауаны ластау азайтылғанын айтып отыр... Фактілер басқаны көрсетіп отырғанда, қайдағы азайту туралы сөз қозғалуда?

ТШО жауабы:Зауытта технологиялық процесс кезіндегіақаулар жағдайында (мәселен, электр қуатының өшуі, жабдықтық тоқтауы) ТШО алау жүйесі көмегімен зауыт жабдығы пен қызметкерлерді және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді.

ТШО технологиялық ақау кезіндегі шикі және қышқыл газ жағу жағдайларының санын 2010 жылғы 48 мәртеден 2014 жылы 22-ге дейін және 2015 жыл басынан бері 12-ге дейін азайтты.

Газды алауда жағуды азайту саласындағы ерекше жетістіктеріміз арқасында ТШО 2012 жылы Дүниежүзі банкі жаһандық серіктестігінің газды алауда жағуды азайту бойынша марапатына лайық деп танылды.

ТШО шикі және қышқыл газды алауда жағу санын азайту мүмкіндіктерін іздестіруді жағастырып келеді, осыған байланысты, 2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары аясында алауда жағылатын газ мөлшерін азайту бойынша жобаны зерттеуді жалғастыруды жоспарлап отыр.

 5. 2016-2018 жж арналған ТҚШЖ-да өндірістен пайда болатын зиянды шығарындыларды ауаға тастауды бақылау және аулау сүзгілерін орнату жөнінде ешнәрсе айтылмаған. Бүгінгі таңда облысымызда жыл сайын тұрақты ошақтардан шамамен 100 000 тоннаға дейін ластағыш заттар шығарылады. Біз жылжымалы ошақтар турасында сөз қозғап отырған жоқпыз. Барлық шығарынды мөлшерінің 85% үлесі мұнай және газ өндірісіне, ең алдымен энергетикалық компанияларға тиесілі. Өз кезегінде осы барлық мөлшердің 70 пайыз үлесі ТШО-ның жалпы шығарындыларының еншісінде. Сондықтан ТШО облыста шығарынды бойынша басты рөлге ие, ал сүзгілер, тіпті, мемлекеттік статистика және бақылаушы органдардың ресми деректері бойынша да жоқ! Қазіргі уақытта Теңізде екі зауыт жұмыс істеп тұр, үшінші зауыт (ККЖ) салу да жоспарда бар, ал қолданыстағы зауыттарда сүзгі жоқ. Неліктен? ТШО ТҚШ жоспарында ластағыш заттарды тазалаудың жаңа тиімді технологияларын алдағы жылдары пайдалану қарастырылған ба? Және тым болмаса, жобалау деңгейінде нақты қандай технологиялар қарастырылған?

ТШО жауабы: Жалпы алғанда, мұнай және газ кәсіпшілігі нысандарында бөлшектерді аулауға арналған ауа сүзгілерін пайдалану ауа шығарындылары көздерін бақылау үшін орынды технология болып табылмайды. Мұндай сүзгілер, әдетте, электр қуатын өндіру үшін көмір жағатын өндірісте қолданылады.  

ТШО күкіртті түйіршіктеу қондырғысында шаңды (бөлшектерді) аулайтын кіріктірме сүзгісін пайдаланады, сонымен қатар қосалқы Т-23 резервуарында көмірлі сүзгі орнатылған. ТШО техникалық қызмет көрсету нысандарында (жөндеу цехтары, техникалық қызмет көрсету цехтары және т.б.) 15 ластағыш заттар шығару ошақтары бар, олардың барлығы да шаң мен газды аулайтын кіріктірме сүзгілермен және коллекторлармен жарақталған. Сүзгілерге техникалық қызмет көрсету және оларды алмастыру жабдыққа күтім көрсету нұсқаулығына сай орындалады.

6. Осы ТҚШЖ бойынша көгалдандыру шараларына өте мардымсыз қаражат бөлінген. Теңіз кенорнын игерудің 20 жылы ішінде ТШО Жаңа Қаратон поселкесін көгалдандыруға өте аз қаражат жұмсады. Зауыт 1993 жылдан бері жұмыс істеп тұрса да және осы уақытқа дейін Құлсары мен Жылыой ауданының тығыз орналасқан елді мекендері айналасында жасыл желек пайда болуы керек еді. Әрі бұл ҚР заңнамасы, соның ішінде Экологиялық кодексімен талап етіледі. Бұл мәселе бірнеше рет бақылаушы органдар тарапынан да, жұртшылық тарапынан да көтерілді. Алайда мәселе әлі де болса шешімін тапқан жоқ. Бірақ «жасыл құрылысты» қолға алмай, қандай да бір келешек немесе қазіргі уақыттағы өндіріс кеңеюі туралы сөз қозғауға болмайды.Сонымен қатар, сумен қамтамасыз ету мәселесін де шешу қажет. Кемінде, жобалауды ТҚШ жоспарына енгізу қажет, 2016-2018 жылдары жобаны бақылаушы органдар алдында қорғау кезінде осы көгалдандыру жобасын әлеуметтік жоба мәртебесінде емес, табиғат қорғау шаралары жоспарының бөлігі ретінде қарастыру қажет.

ТШО жауабы: Соңғы үш жылда ТШО Құлсары қаласы мен Жылыой ауданының екі ірі поселкелерін көгалдандыруға айтарлықтай қаражат бөлді.

2013 жылы ТШО Құлсары қаласы әкімінің 2000 көшет отырғызу туралы ұсынысын қабыл алды. Кейіннен, «Игілік» бағдарламасы аясында «Достық» және «Жансая» саябақтары салынып, олар Құлсары қаласы тұрғындарының сүйікті демалыс орындарына айналды.  

2014-2015 жылдары Жаңа Қаратон және Қосшағыл поселкелерінде 2022 көшет отырғызды. Қазіргі уақытта ТШО Жаңа Қаратон және Қосшағыл поселкелеріндегі осы көшеттерге күтім көрсетуді жалғастыруда.

7. Суға қатысты: ТҚШ жоспарында өзінің өндірістік қажеттіліктері үшін балама су көздерін іздестіруді жалғастыратыны айтылған. Біз іздестіру шаралары жүзеге аса ма, кім іске тартылатынын және жоспардың осы бөлігіне қатысты нақты не атқарылатынын білгіміз келеді.  

ТШО жауабы: ТШО қазіргі уақытта балама су көздерін іздестіру шараларын жүзеге асыруда. Шаралар аясында ТШО жерасты суының екі көзін тапты, олардың бірі Атырау облысындағы «Жаңа су» құдығы болса, екіншісі Маңғыстау облысындағы «Төңірекші» құдығы.

Бүгінгі таңда, TШО Каспий теңізінің суын тұзсыздандыруды қарастырып отырған жоқ.  

 8. Күкіртке қатысты:

ТШО-да күкіртті газсыздандыру қондырғысы жұмыс істейді, ол жиі істен шығып, кондицияланған күкірт кондицияланбаған күкіртке айналады. Осы мәселені шешу үшін қандай шаралар орындалуда?

ТШО жауабы: ТШО-ның Күкіртті газсыздандыру қондырғылары (КГҚ) бүгінгі таңда сенімді түрде жұмыс істеп тұр және олар кондицияланған өнім шығарады. Бұрындары қолданыстағы КГҚ жүмысының сенімділігін арттыру мақсатында аппарат ішіндегі насадкалар алмастырылып, газсыздандыру процесін жақсарту бойынша бірқатар модификациялар орындалды. 2013 жылы тағы бір газсындандыру блогы (КГҚ-15) іске қосылды.

Бұдан бөлек, ТҚШ жоспарын талқылаудың алдын ала кездесуінде мұнай өндірісі артып отырған шақта, неліктен күкірт өндірісі азайғанын анықтай алмадық. Бұл шикі газдың көп мөлшерде жерастына айдалып жатырғанын білдіре ме? Қандай көлемде және қандай интенсивтілікпен?

ТШО жауабы: ТШО қазіргі көлемнен асатын қосымша күкірт өндірмейді. 2007 жылы Шикі газ айдау қондырғысы іске қосылғаннан бері біз 15 млрд. м3 шамасында шикі газды жер астына айдадық.

ККЖ барлық газды жер астына айдайтын болады. Сондықтан ККЖ зауытында күкірт өндірілмейтін болады.

Күкірт карталарын жабу материалдарына қатысты әлі күнге осы пайдаланылатын тиімді, қауіпсіз және герметикалықты және күкірт шаңын ұстап қалуды қамтамасыз ететін материал қандай болатындығы түсініксіз және әлеумет осы сұрақтың жауабын алған жоқ. Бұрынырақ бұл жөнінде зерттеулер өткізіліп жатырғандығы ғана айтылды. Бұл зерттеулердің нәтижелері қандай?

ТШО жауабы: ТШО күкірт сақтау карталарын тауысумен бірге, ҚР Үкіметімен арадағы келісімге сай ТШО күкірт сақтаудың оңтайлы әдістерін зерттеуді жалғастыруда. Осы зерттеу аясында күкірт блоктарын сынау және бақылау үшін осы жабындылардың тиімділігін тексеру мақсатында үш жыл бойына түрлі жабынды материалдарын сынау және талдау қарастырылған. Осы жобаны жүзеге асыру үшін бірнеше қазақстандық және халықаралық ғылымы ұйымдар, соның ішінде Алматы микробиология және вирусология институты, Канаданың Альберта қаласындағы Күкірт зерттеу институты және «Казэкология» ЖШС іске тартылды. Зерттеу қорытындылары бар қорытынды есеп тиістімемлекеттік органдарға 2017 жылдың 1-тоқсанында тапсырылатын болады.  

Бәрі күкірттің қауіпсіз екендігін айтуда. Иә, егер кесек күкіртті сақтаса, соншалықты үрейлі емес. Үлкен залал күкіртті құю кезінде келтіріледі. Неліктен ТШО осы жүйені жетілдіріп, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланбайды? Біз Қашаған жобасының күкіртті өндіру және сақтау мәселелерін зерттедік, ол жерде мүлде басқа технология қолданылатын болады. Күкіртті сақтау алаңына ашық түрде құю ол жерде болмайды. Неліктен ТШО күкірт өндіруде осы нұсқаны қарастырмайды? Таң қаларлығы сол, Қашаған жобасы да, ТШО жобасы да бір компания, қателеспесем, Уорли Парсонс тарапынан дайындалған. Алайда, әдістер мен технологиялар өзгеше.

ТШО жауабы: TШO-ның күкіртті басқару технологиясы, соның ішінде күкіртті құю жүйесі әлемдегі ең алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі саналады. Бұл факт ТШО өтінімі бойынша канадалық Альберта күкірт институты өткізген түрлі елдерде, соның ішінде Қашаған жобасында қолданылатын технологиялар арасындағы талдау кезінде расталды. Салыстырма талдаудың қорытынды есебі Атырау облыстық Экология департаментіне 2014 жылы тапсырылды.  

9. 2016-2018 жылдарға арналған ТҚШЖ үшін қарастырылған сома бойынша осы жоспарды жүзеге асыруға бөлініп отырған қаражат жеткіліксіз деп есептейміз. Өйткені, жоспарды тиімді орындау үшін айтарлықтай көбірек қаражат пен жоғарыда айтылғанды ескере отырып, жоспарды жіті жетілдіру қажет.

ТШО-ның 2016-2018 жж арналған ТҚШЖ кеңінен қарастыруға дайын емес деп есептей отырып, оны соңына дейін дайындап, жұртшылық пікірін ескергеннен кейін қайта қарастыруға ұсынуды сұраймыз.

ТШО жауабы: ТШО ТҚШЖ бюджетіне жобаларды аталған мерзімде орындауға керекті сома бекітілген деп есептейді.

Белоглазов Юрий - "Казэкопроект" ЖШС-нің бас маманы.ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша11– Ю. Белоглазовқа хатты қараңыз)

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сай, - «Қалдықтарды өңдеу» - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерінөзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер. Қазіргі уақытта ТШО түзелетін қалдықтардың 40 пайызын қайта өңдейді деп айтылған.

1. Қазіргі уақытта ТШО-да қалдықтарды өңдеу бойынша қандай қондырғылар бар?

ТШО жауабы:Шламды термомеханикалық тазалау қондырғысы,медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған қондырғы,тас уатқыш,ағаш уатқыш, пакеттеуші пресс.

2. ТШО-да қандай қалдықтар нақты өңделеді?

ТШО жауабы:Келесі қалдық түрлері қайта қолданылады: мұнайлы негіздегі бұрғылау шламы,бетон қалдықтары, ағаш қалдықтары,картон қалдықтарды, пластмасс қалдықтары,резіңке-техникалық бұйымдар қалдықтары, дондық мұнай шламы қалдықтары, аккумуляторлық батареялар, электроника қалдықтары, көміртегілермен және химикаттармен ластанған топырақ, қатты минералдық шөгінді, металл қалдықтары, бөшкелер.

3. ТШО қандай қалдықтарды өңдеу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр?

ТШО жауабы:ТШО 48 пайыз деңгейіндегі қазіргі қалдықтарды қайта пайдалану көрсеткішін арттыру үшін үшінші тараптармен жұмыс жүргізу арқылы мүмкіндіктерді іздестіруде.

4. «Қалдықтарды өңдеу бағдарламасы» деген нені білдіреді? ТШО осындай атаулы құжат дайындап жатыр ма әлде басқа нәрсе ме?

ТШО жауабы: ТШО мұндай құжат дайындауды жоспарлап отырған жоқ. Бағдарлама мақсаты полигондарда көмілетін қалдықтардың мөлшерін әрмен қарай азайту үшін өңдеу қосымша мүмкіндіктерін талдау.

5. ТШО тарапынан «Қалдықтарды өңдеумен айналысатын компаниялар арасында қазақстандық қамту үлесін дамыту мен өсіруді қолдау» нені білдіреді?

ТШО жауабы:Қазіргі уақытта ТШО қалдықтарды басқару саласында 9 қазақстандық компаниямен жұмыс жүргізіп отыр, олардың ішінде 5 мердігер Атырау облысының ұйымдары болып табылады. Қалдықтарды өңдеу бағдарламасы бойынша өңделетін қалдықтардың қазіргі көлемдері мен түрлерін арттыру үшін ТШО-ның қалдықтарды өңдеу бойынша қосымша мүмкіндіктерін бағалау, сондай-ақ тиімді компанияларды серіктестікке шақыру үшін қалдықтарды өңдеу саласындағы қазақстандық жергілікті нарықтағы мүмкіндіктерді зерттеу пайымдалған.

6. ТШО-да жасыл желекті суғаруда қандай су пайдаланылады? Оған қанша мөлшерде су кетеді?

ТШО жауабы: Суғаруүшінтазартылған техникалық су пайдаланылады. Суғару «СҚА ұйымдастыру және жайғастыру жобасының» көгалдыру тармағына сай жүргізіледі.  

7.2016-2018 жж. күкірт карталарына орналастырылатын жоспарланған күкірт мөлшері қандай?

ТШО жауабы: «Казэкопроект» компаниясының жасақтаған«2016-2018 жылдарға күкіртті шектеу жобасына» сай ТШО жылына 400 000 метрикалық тонна шектік мөлшерде күкірт көлемін сұратты. Алдын ала жорамалданбаған жағдайда, осы мөлшерді күкірт карталарына орналастыруға болар еді.  

Қанатова Мартагүл–«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша12–М. Қанатоваға хатты қараңыз)

1.Компания тарапынан Атырау облысының денсаулығында ақауы бар балаларға профилактория салу жоспарланған жоқ па?

2.Атырау мұнайлы астана дегенмен осы облыс аумағында балалардың жазғы демалысын өткізетін бірде бір заманауи демалыс орны жоқ. Компания қаржысынан балаларға бір демалыс орнын салу жоспарланған жоқ па?

ТШО жауабы: «Теңізшевройл» «Игілік» бағдарламасына жобаларды Атырау облысы және Жылыой ауданы әкімдіктерімен бірлесіп және тұрғындар қажеттіліктерін анықтауға арналған сауалнама нәтижесінде іріктеп алды. Қазіргі таңда, ТШО 2012-2017 жылдарға жоспарланған әлеуемттік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып жатыр. Бұл жобаларға саябақтар құрылысы мен Құлсары қаласындағы сумен қамту құбырын алмастыру, балабақшалар, мектептер салу және Атырау облысындағы басқа да көптеген жобалар жатады. Денсаулықтарында ақаулары бар балаларға арналған сауықтыру орталығы мен жазғы демалыс орнын салу аталмыш бағдарламаның қазіргі жоспарының аясында қарастырылмайды.

Шалабаева Нәсіп – «Прикаспийская коммуна»газеті.ТШО жауаптары жазбаша түрде де берілді. (Қосымша 13– Н. Шалабаевағахатты қараңыз)

«Игілік» әлеуметік бағдарламасы жөнінде толық ақпарат беруіңізді сұраймын, әсіресе:

1.Бюджет көлемі (12 млн. АҚШ долларындай қаражат қалды ма)?

ТШО жауабы:2015 жылы ТШО «Игілік» бағдарламасына бөлінген қаражат 25 млн. АҚШ долларын құрайды.

2.Бұл қаражат тек Жылыой ауданындағы жобаларды орындау үшін қалды ма?

ТШО жауабы: «Теңізшевройл» «Игілік» бағдарлаасына жобаларды Атырау облысы және Жылой ауданы әкімдіктерімен бірлесіп және тұрғындар қажеттіліктерін анықтауға арналған сауалнама нәтижесінде іріктеп алады. Қазіргі уақытта ТШО 3 ауданда және Атырау қаласында жобаларды жүзеге асыруда.

3.Бұл бағдарламаны орындау бойынша жоспарлар мен басымдылықтар, яғни перспективалар қандай?

ТШО жауабы: Қазіргі таңда, ТШО 2012-2017 жылдарға жоспарланған әлеуемттік инфрақұрылым жобаларын жүзеге асырып жатыр. Бұл жобаларға саябақтар құрылысы мен Құлсары қаласындағы сумен қамту құбырын алмастыру, балабақшалар мен мектептер салу және Атырау облысындағы басқа да көптеген жобалар жатады. 1993 жылдан бері ТШО Атырау облысы тұрғындары мен өз қызметкерлері түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 995 млн. АҚШ долларын жұмсады.

2015 жылы «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті 25 млн. АҚШ долларын құрады, оның негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақша, мектеп және басқа да маңызды әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталған. 2015 жылы ТШО Атырау облысындағы денсаулық сақтау, білім беру және оқу сапасын арттыруға бағытталғн Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 млн. АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.

4.Королев кеніші. Оның тарихы, тұңғыш ашушылары мен экономиканың дамуға қосқан үлесі жөнінде білгім келеді.

ТШО жауабы: Кенішті игеру мен пайдалану тарихы Теңіз кенішін игерумен тығыз байланысты. ТШО екі кеніштің де операторы болып табылады.

Теңіз кеніші 1979 жылы ашылса, ал көлемі жағынан кіші Королев кеніші 1984 жылы ашылды. Королев кеніші Теңіз кенішін игерумен қатар игерілді, көршілес орналасқан Королев кенішін игеру 2001 жылдың қараша айынан бастап алғашқы мұнайды өндіру кезінде де өз жалғасын тапты. Теңіз және Королев кеніштерінен өндірілетін ықтимал мұнай қоры 2033 жылға дейін 750 млн. тонна мен 1,1 млрд. тонна (6-дан 9 млрд. баррельге дейін) аралығында тұрақтайды. Теңіз кенішінің қабаттағы есептелген мұнай қоры 3,13 млрд. тоннаны (26 млрд. баррельді), ал Королев кенішіндегісі 188 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррельді) құрайды. Теңіз және Королев кеніштерінде мұнай өндірудің арқылыТШО Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

1993 жылдан бері, ТШО-ның қазақстандық ұйымдарға тікелей төлемі 103,9 млрд. АҚШ долларын құрады, оған қазақстандық қызметкерлерге төленетін жалақылар, қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу, тарифтер мен мемлекеттік компанияларға төлемдер, ҰК «ҚазМұнайГаз» АҚ-на пайданы үлестіру, салықтар мен роялти жатады. 2014 жылы, төлемдердің жалпы сомасы 14,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Қорытынды сөзімен ТШО бас директоры м.а.Тэд Этчисон сөз алды. Ол қоғамдық тыңдауға қатысушыларға 2016-2018 жылдарға арналған Табиғат қорғау шараларының жоспарына қатысты білдірген пікірлері, қойған сұрақтары мен ойлары үшін алғысын білдіріп, ТШО болашақта да өз қызметі жөнінде жұртшылықты хабардар етіп отыратынын айтты.(сөзі тіркелді. Қосымша 14 – Т.Этчисонның сөзін қараңыз ).

Төраға Ш. Ізтелеуова қоғамдық таңдауды өтті және жабық деп жариялады.

Кеңес жәнеұсыныстар:

1.ТШО Атырау облысы және Жылыой ауданы әкімияттарымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі комитетпен ТҚШЖ бюджетінде СҚА аумағын көгалдандыру бойынша бекітілген қаражатты Жылыой ауданының елді мекендерін көгалдандыруға ауыстыру мәселесін қарастыру;

2. ТШО барлық айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеретін болады;

3. ТШО тыңдау барысында жауап берілмеген сұрақтарға жауаптар ұсынатын болады.

4. Қоғамдық тыңдау презентациясын ТШО сыртқы сайтына қою.

 

Төраға _________________ Ш.О. Ізтелеуова

Хатшы_________________ А.О.Сарсалова

Хатшы_________________ Г.Т. Тасқали

 

2015 жылғы шілде айының 21 жұлдызында Атырау қаласы, Сәтпаев к., 15В, «Ренессанс» қонақ үйі, «Ballroom» залында «Теңізшевройл» ЖШС-і «2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары» бойынша қоғамдық тыңдау болып өтті.
Қоғамдық тындауды Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бисембиев О.А ашты. Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып Ізтілеуова Ш.О сайланды.
Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 

 

«Теңізшевройл» ЖШС «2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспарын» жұртшылық талқылауына ұсынатындығын хабарлайды.

Қазақстан Республикасы табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, «Теңізшевройл» ЖШС барлық мүдделі тараптар назарына өзінің «2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспарын»ұсынады.

«2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспарының» толық нұсқасымен келесі сілтемелерден танысуға болады:

www.tengizchevroil.com
www.atyrau.gov.kz
www.aarhus-atyrau.kz

Егер Сізде Табиғат Қорғау шаралары Жоспары жөнінде түсініктеме немесе пікірлер туындаса, төмендегі электрондық поштаға жіберулеріңізді өтінеміз: eraq@tengizchevroil.com

«2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шаралары жоспары» бойынша қоғамдық тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны:

2015 жылдың 21 шілдесі, сағат 10:00-де Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі,15б, «Ренессанс» қонақ үйі

Қатысушыларды тіркеу қоғамдық тыңдау алдында 30 минут бұрын басталады.

 

 

 ТШО компаниясының 2016-18 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жоспары (383 кб)


Мақаланың шыққан күні:: 05.07.2016 12:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.07.2016 12:55