Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өтті

30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өттіОтырысқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының тұңғыш Төрағасы, үш шақырылымның депутаты Өмірбек Байгелді, Жоғарғы Кеңестің 12-ші және 13-ші шақырылымдарының депутаты, 1990-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңесі Төрағасының орынбасары, 1996-1999 жылдарғы Сенат депутаты Зинаида Федотова, ҚР Парламенті Сенатының жаңадан сайланған депутаттары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының хатшылары, мәслихаттар хатшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 82-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының сайланған депутаттарды тiркейтін атап көрсетті.

Берік Имашев Сенат депутаттарының құрамы айтарлықтай жаңартылғанын атап өтті. 16 мандаттың ішінен 12 жаңа адам сайланды.Сайланған сенаторлар өңірлік деңгейде басшылық лауазымдарда мол кәсіби тәжірибесі бар, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс.

Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында «2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы» қаулы қабылданды.

Қаулы қабылдағаннан кейін ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев тіркелген депутаттарға: Д. Әділбековке, М. Жұмағазиевке, Н.Қылышбаевқа, Ғ.Дүйсембаевқа, Н.Төреғалиевке, Ә.Нұрәлиев, Р.Әбдікеровке, Ж.Нұрғалиевке, М.Бақтиярұлына, Б.Шельпековке, Ә.Құртаевқа, Н.Нұрсипатовқа, Е.Сұлтановқа, Д.Мусинға, Е.Мамытбековке, Д.Нүкетаеваға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.

Отырыс аяқталғаннан кейін басшы Берік Имашев БАҚ өкілдерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, Сенат депутаттары сайлауы бойынша сайлау науқанын белсенді жария еткені үшін алғыс хаттар табыс етті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі отырысына Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Төрағасы Ибрашев Асау Ниязұлы қатысты.

30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өтті 30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өтті

Мақаланың шыққан күні:: 01.07.2017 01:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.07.2017 01:18