Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

2017 жылғы 29 қазанда Атырау облысында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 29 қазанда Атырау облысының 6 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды.

Сайлау заңнамасына сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ олардың қызметiнің сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады.

Қазіргі сәтте барлық тартылған сайлау комиссиялары қажетті материалдық-техникалық, қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген және сайлау науқанын өткізуге дайын.

Барлығы 2 облыстық, 2 қалалық және 2 аудандық мәслихат депутаттары сайланатын болады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттарды белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері мен азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.

Мәслихат депутаттығына сайлану үшін азамат Конституцияның 86-бабының  3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келуі, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайлау құқығына ие болуы тиіс.

Осылайша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау және сайлану құқығына ие бола алмайды.

Мәслихаттар депутаттығына ұсыну 29 тамыз – 29 қыркүйек аралығында өтеді. Кандидаттарды тіркеу 3 қазанда аяқталады.

 


Мақаланың шыққан күні:: 06.09.2017 01:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.09.2017 01:22