Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

2017 жылғы 28 маусым–Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау күні

Атырау облыстық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөнінде хабарлайды:

Балжігітов Сейтжан Қапанұлы, 1976 жылы туған, жеке кәсіпкер, Жылыой ауданының тұрғыны;

Джауымбаев Қаршыға Елемесұлы, 1960 жылы туған, «Қарабура» шаруа қожалығының басшысы, Атырау қаласының тұрғыны;

Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы, 1956 жылы туған, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Атырау қаласының тұрғыны;

Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы, 1956 жылы туған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Атырау қаласының тұрғыны;

Шомыров Сайын Сиғуатұлы, 1965 жылы туған, Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері, Атырау қаласының тұрғыны.

Облыстық сайлау комиссиясы


Мақаланың шыққан күні:: 10.05.2017 06:59
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.05.2017 06:59