Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

287. ТОО «Сагиз Петролеум Копамни»

 Протокол ТОО «Сагиз Петролеум Компани» (2284 кб)

 

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз блогында орналасқан Солтүстік Жантерек, Батыс Сарқұмақ, Қарашқазған, Жартөбе кен орындарына арналған табиғат қорғау іс-шараларының 2015-2018жылдарға арналған жоспарын ұсыну бойынша қоғамдық тыңдаудың
Жиналыс хаттамасы

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы 30.04.2015ж.

Жиналысқа қатысушылар:
Қызылқоға ауданы әкім орынбасары: Шаяхметов Б.Б.
«Сагиз Петролеум Компани» ЖШС бас директордың кеңесшісі және кәсіподақ төрағасы – Кемешов Б.Т.
ЖШС «Сагиз Петролеум Компани» қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі бастығының орынбасары –Құлтанбай Қ.
ЖШС «Сагиз Петролеум Компани» еңбек ресурстары бөлімі бастығының орынбасары – Ибрашева Г.Б.
Қызылқоға ауданы, миялы ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы - прр
Әкімшіліктің бөлім бастықтары мен мамандары
Миялы селолық округінің тұрғындары

Кемешов Б.Т.: Күн тәртібі «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-ің ұйымдастырып отырған Жартөбе, Оңтүстік Сарықұмақ, Қарашқазған, Солтүстік Жантерек кен орындары бойынша дайындалған табиғат қорғау іс-шаралар жоспарын талқылау үшін қоғамдық тыңдауды өткізу және тыңдау бойынша жиналыстың төрағасы ретінде Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлын, жиналыс хатшысы ретінді Г.Б. Ибрашеваны тағайындау ұсынылады.
Жиналыс төрағасы: Талапқа сәйкес аудан территориясында мұнай өнімдерін өндеумен айналысатын шетелдік мекемелер еңбек етуде. Соның ішінде «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-і.Осыған байланысты жұмыс барысында жасалып жатқан экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жасалып жатқан шаралар туралы жергілікті халыққа хабардар ету. Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні және уақыты жәнеде аумақ тұрғындарын шақыру туралы газет парақтарында жария етілді. Енді «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-і экологы Қ. Құлтанбайға есеп беру сөзін береміз.
«Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-нің қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі бастығының орынбасары- эколог Құлтанбай Қ.Қ.
Құрметті қоғамдық тыңдауға қатысушылар:
Сіздердің назарларыңызға Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты «Солтүстік Жантерек, Батыс Сарқұмақ», «Қарашқазған, Жартөбе» кен орындары бойынша жасақталған 2015-2018жж аралығының табиғат қорғау іс-шаралар жоспары ұсынылып отыр.
Аталып отырған жоспар ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013жылғы 12 маусымдағы № 162-п бұйрығына сәйкес және ҚР Экологиялық кодекснің 96 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып жасақталған.
Табиғат қорғау іс-шаралар жоспарын талқыға салмас бұрын қысқаша «Сағыз Петролеум Копаниясының» қазіргі жағдайына тоқталғым келеді. Копания 2001 жылдан бері Ақтөбе және Атырау облысы аумағында мұнай өнімдерін барлау және өндіру жұмыстарымен айналысып келеді. Бүгінгі күні компанияда 578 қазақстан азаматы еңбек етеді, оның 22-сі қытай азаматы. Оның ішінде 107 адам кеңсе қызметінде, 471 адам кен орындарында.
Кен орындарындағы жұмысшылар 4 мезгілді тегін тамақпен қамтылған. Әр тұрғындар қалашығында медицина қызметкері бар, өрт қаіпсіздігі және оқу-жаттығу шараларын жүргізуші инструкторлармен қамтылған. Аталған шараларды бақылаушы әр кен орынында еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау жөніндегі инженер қызмет етеді. Батыс Сарқұмақ, Солтүстік Жантерек және Қарашқазған, Жартобе кен орындарының бір-бірінен алшақ жатуы себебті байланыс және жол қатынасы мәселесі күрделі мәселе туғызуда. Компания осы бағытта ауқымды жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда барлық кен орындарында жүйелі түрде байланыс орнатылған.
Өндіріс технологиясы мен технологиялық жабдықтаманың қысқаша сипаттамасы.
Зертеу деңгейіне қарай, Батыс Сарықұмақ, Солтүстік Жантерек кен орындары ашық мұнай жиынтығын бағалау, оны өндірістік игеруге дайындау, жаңа перспективалы учаскелерді жете барлау мақсатындағы, барлау кезеңі сатысында. Сынама пайдалану мақсаты болып қолда бар ақпаратты анықтау және қосымша ақпаратты алу, көмірсутек қорын есептеу, шоғыр жұмысы тәртібін негіздеу, пайдалану нысандарын бөлу және кен орнындағы мұнай, газ өндірісінің дамыту келешегін бағалау болып табылады.
Жоспарда:
1. Атмосфералық ауа бассейнін қорғау.
2. Су көздерін қорғау және оны тиімді пайдалану.
3. Жер ресурстарын қорғау.
4. Жер асты байлықтарын қорғау және тиімді пайдалану.
5. Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау.
6. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс.
7. Радиациалық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік шаралары.
8. Ғылыми зерттеу, іздестіру және т.б. жұмыстар жүргізу.
9. Экологиялық үгіт-насихат, ағарту шаралары қаралған.
Атмосфералық ауа бассейнін қорғау.
Атмосфералық ауа бассейнін қорғау шараларына тоқталсақ, аталған кен орындарында ауа бассейінін тұрақты ластаушы көздер мыналар:
1.Дизелді электр станциялар.
2.Мұнай қыздыратын печьтер.
3.Мұнай сақтайтын қоймалар(емкость).
4.Жанар май сақтайтын емкостер.
5.Мұнай-газ айырушы сеператорлар.
Былғы жылға дейін «Солтүстік Жантерек, Батыс Сарқұмақ» кен орындарында электр энергиясы тек дизелді электро стациялар арқылы өндіріліп келді. Бұл дегеніміз атмосфералық ауаға зиянды заттарды көптеп шығару деген сөз. Ал биылдан бастап ДЭС-дің орнына қуаттылығы 35квт/7,5км және 10квт/12км электр желісі тартылып іске қосылды. Бөлінген қаражат компания есебінен 226175000(екі жүз жиырма алты миллион бір жүз жетпіс бес мың) тенгені құрап отыр. Биылғы жылға және Батыс Сарқұмақ, Шығыс Сарқұмақ кен орындарында 5 скважинаға электр желісін тарту көзделген. Бұл жұмысқа қаралып отырған қаржы көлемі 7400000 (жеті миллион төрт жүз мың) тенгені құрайды. Қарашқазған және Жартөбе кен орындары бойынша келесі жылға қуаттылығы 10квт 30 км электр желісін тарту жоспарда бар. Қаралған шығын 260000 мың тенге. Келешекте бұл жұмыс жалғаса бермек.
Атмосфералық ауа бассейнін қорғаудың тағы бір жолы ол мұнай сақтайтын емкостер санын азайтып орнына мұнай құбырларын тарту. Себебі мұнай сақтайтын емкостерден ауаға үнемі ластаушы зиянды заттар бөлініп отырады, және төгіліп-шашылу орын алады.Аталған жұмыс бойынша быилғы жылға 21 (жиырма бір) км құбыр тарту қаралған. Жұмсалатын қаржы 41175(қырық бір миллион бір жүз жетпіс бес) мың тенге болмақ.
Су көздерін қорғау және оны тиімді пайдалану.
Бұл шара негізінен тұрмыстық қалдық суларды жинау және оларды тұрақты сақтау көздерінде жинақтау болып табылады. Ол үшін компания мердігер шаруашылықтармен шарт жасасып, олар уақытылы жиналған лас су қалдықтарын тиісті жерлерге шығарып отырады. Жыл сайын аталған шараға 1000000 тенге көлемінде шығын жұмсалады.

Жер ресурстарын қорғау.
Бұл жерде өндіріс кезінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру шаралары айтылады. Яғни ұңғымалар қазу кезінде пайдаланылған қазылған орындар, әр түрлі автомобил жолдары т.б.жағдайларда бүлінген жерлерді қалпына келтіру шаралары. (биологическая рекультивация земель). 2015 жылдың екінші тоқсанында Батыс Сарқұмақ кен орнында 9,07 га жер, Солтүстік Жантерек кен орнында 6,2 га жерді қайта өңдеу қаралған.
Жер асты байлықтарын қорғау және тиімді пайдалану.
Бұл мақсатта өндіріс қалдықтарын, яғни ұңғымалар қазу кезінде пайда болған қалдықтарды тиісті орындарға шығару жүмыстары жүргізілмек. Жыл сайын 300 мың тенге көлемінде қаражат жұмсау қаралып отыр.
Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау.
Кен орындарында жүргізілетін көгалдандыру шаралары айтылады.Компания жыл сайын бұл шараларға 750 мың тенге көлемінде қаржы бөліп отырады. Биылғы жылға "Жантерек, Сарқұмақ" кен орындарындағы вахталық қалашықтардың айналасына 100 мың түп ағаш отырғызу үшін 100 мың тенге бөлу қарастырылған.
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен жұмыс.
Жоғарыда айтылғандай өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтар Компанияның өз полигоны болмауы себебті жыл сайын мердігер компаниялармен шарт жасасып, осы шарт негізінде өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтар мердігер компания полигонына тапсырылып отырады.
Радиациалық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік шаралары
Ғылыми зерттеу, іздестіру және т.б. жұмыстар жүргізу.
Бұл жерде кен орындарындағы экологиялық жағдайды өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес үнемі бақылау жұмыстарын айтамыз. Аталған бағдарлама бойынша атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ қабатынан сынамалар алынып, олар тиісті зертханаларда сараптаудан өткізіледі. Сол арқылы өндіріс орынының қаншалықты қоршаған ортаға тигізіп отырған әсері бағаланады. Бұл жұмысқа компания 1200 мың тенге көлемінде қаражат жұмсауды көздеп отыр.
Экологиялық үгіт-насихат, ағарту шаралары
Бұл мақсатта жыл сайын оқу жоспары құрылып, компания есебінен 10 адам әр түрлі мамандықтар бойынша оқытылып білімін жетілдіріп келеді. Жыл сайын осы шараға 800 мың тенге қаражат жұмсалады.

Жиналыс төрағасы: сұрақтарыңыз барма?
Ауыл тұрғыны: Кен орында алынып жатқан су, топырақ, ауа сынамалардан қойылған талаптардан ауытқулар боладыма?
Құлтанбай Қ.: ауытқулар болады, бірақ бізді бақылаушы мемлекеттік мекеме бар. Ауытқулар болған жағдайда тиесілі шаралар жасалып отырады.
Ауыл тұрғыны: 2013 жылы осындай қоғамдық тыңдау өткізілді. Сонда екі сұрақ көтерілген. 1-сі Балбұлакты жерінде 1980 жылдары шлюз бұзылып кеткен Сағыз тұрғындары соны жөндеуді сұраған, бірақ хабар болмады. 2-сі ауыл тұрғындарын жұмысқа алу туралы квотаны бекіту ұсынылған.
Ибрашева Г.Б. 2013 жылы жергілікті халықты жұмыспен қамту мақсатында жұмысқа талапкерлер түйіндемелерді жіберуі сұралған. Түйіндемелер алынды және талапкерлер жұмысқа мұнай өндеу операторы және көлік жүргізушісі лауазымдарына жұмысқа қабылданды. Бүгінгі таңда 471 кенорны жұмысшылар арасында 10 пайызы Атырау облысынан қызмет етеді компанияда. Соның ішінен 50 пайызы миялы селосының тұрғындары.
Кемешов Б.Т. Балбұлақты Сағыздың округінің жерінде орналасқан. Шлюзді жөндеу жөнінде сұрақты ресми түрде хат арқылы талап ету қажет. Және бұл сұрақ көтерілген туралы осы жиналыстың хаттамасы еңгіземіз. Көтерілген мәселе нәтежесін округ басшылары қадағалап отыру керек. Бірақ нарықтық дағдарыспен және мұнай бағасы төмендеуін ескертуін сұраймыз. Компания басшылары жұмысшылар санын қысқартуын жоспарлап отырған жоқ. Мүмкіндігінше жұмысшылар жалақысын қысқартпау мақсатында жұмыстар жүргізіліп отыр. Бүгінгі күні Компанияда 577 жұмысшы бар, оның 22 қытай жұмысшылары болса, қалған 555 бірлігі жергілікті жұмысшылар. Қоршаған ортаға залалды азайту мақсатында Компания көптеген шаралар қолданып жатыр. Соның ішінде жолдар қолдануды азайту мақсатында жер асты құбырлары салынып жатыр. Компания тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіліп отыр.
Жиналыс төрағасы: «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-і 2013-2014 жылдар барысында қолдан келер көмек көрсетіліп отыр. Жұмыс әрі қарай атқарылады. Берілген экологиялық қоғамдық тыңдау талапқа сай өткізілді.

Қабылданған шешім:
Ұсынылған Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз блогында орналасқан Солтүстік Жантерек, Батыс Сарқұмақ, Қарашқазған, Жартөбе кен орындарына арналған табиғат қорғау іс-шараларының 2015-2018жылдарға арналған жоспары бекітілсін.

Жиналыс төрағасы: Шаяхметов Б.Б.
Жиналыс хатшысы: Ибрашева Г.Б.

 

2015 жылғы сәуір айының 30 жұлдызында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-і 2015 -2017 жылдарға «Солтүстік Жантерек», «Батыс Сарықұмақ», «Қарашқазған», «Жартөбе» кен орындары бойынша жасақталған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тындау өткізді.
Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып Шаяхметов Бибоз Байдәулетұлы сайланды.
Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 

 

 

 

«Сагиз Петролеум Копамни» ЖШС-гі 2015 жылдың сәуір айының 30 күні 2015 -2017 жылдарға «Солтүстік Жантерек», «Батыс Сарықұмақ», «Қарашқазған», «Жартөбе» кен орындары бойынша жасақталған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарын талқылау үшін қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды. Өтетін орны: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы әкімі аппараты ғимаратында сағат жергілікті уақыт 15-00 де
Қоғамдық тыңдау мәліметтері www.atyrau.gov.kz сайтында орналастырылған.
Сұрақтар бойынша мына мекен-жайға Ақтөбе қ, Сәңкібай батыр даңғылы,167/в. Тел:7(7132) 71-10-90 (вн 123) хабарласуға болады.
Электрондық адрес: Kultanbai@spc.kz


Мақаланың шыққан күні:: 05.07.2016 16:22
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.07.2016 16:22