Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2020

Қызметтер

275. АНТ ИНШААТ МАДЕН САНАЙИ АНОНИМ ШИРКЕТИ» (ANT INSAAT MADEN SAN A.S.) АҚ

Күні

Хабарландыру

22.02.2018

«АНТ ИНШААТ МАДЕН САНАЙИ АНОНИМ ШИРКЕТИ» (ANT INSAAT MADEN SAN A.S.) АҚ филиалы Сіздерді Атырау облысының Мақат ауданындағы (487-504 км учаскесі) Царес-1 және 6 дәліздерін жалғастыратын Мақат-Ақтөбе тас жолын қайта қалпына келтіру үшін қолданылатын 3 топырақ қорларынан сазды жыныстарды(топырақты) өнеркәсіптік өндіру жобасының «Қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау» бөлімі бойынша 2018 жылдың 28 ақпанынан 22 наурыз арасында қоғамдық тыңдау сауалнама түрінде өткізілетіндігін хабардар етеміз.

Жергілікті атқарушы орган: Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, Рұқсат беру және мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі, бас маман- Айчикова А. Ж., aos-2013@mail.ru, тел. +7 (7122) 325509.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізетін мемлекеттік орган: Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы. Жұмыс жобасының мердігері: «АНТ ИНШААТ МАДЕН САНАЙИ АНОНИМ ШИРКЕТИ» (ANT INSAAT MADEN SAN A.S.) АҚ филиалы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, өндірістік аймақ № 9, 43 ғимарат. Жобаны жасаушы: «Актау-ГеоЭкоСервис» ЖШС, Ақтау қ., 13ш.а., 45 үй, 21 кеңсе, тел/факс: 8/7292/438677, эл. адрес: aktaugeo@mail.ru. Сауалнама парағы мен құжаттардың электрондық нұсқасы www.atyrau.gov.kz сайтына жүктелген. Барлық ескертулер мен сұрақтарды aktaugeo@mail.ru электрондық адресіне жіберулеріңізді сұраймыз.

Жоба (PDF 1708 Kb)

  Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары 
  Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парағы
 27.03.2018

Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары (PDF 5595 Kb)

 29.03.2018

Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (PDF 436 Kb)


Мақаланың шыққан күні: 22.02.2018 02:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2018 14:20

Қаралым саны: 1159