Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

261. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»
Орналастыру күні Хабарландыру

 

 05.12.2019

 

 

 

 

 

 

10.01.2020

 

 

«Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Технологиялық нысандар. Іске қосу кешендері бөлінген жобаны түзету. 1-толықтырма» жобасының қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өтетінін хабарлаймыз.

Қоғамдық тыңдау 2020 жылы 10 қаңтарда сағат 10:00-де мына мекенжайда өтеді: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 43А, КазНИГРИ (Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институты),мәжіліс залы, 1-қабат, 108-бөлме. Қатысушыларды тіркеу 30 минут бұрын басталады. Қоғамдық тыңдау материалдары Атырау облысы әкімдігінің ресми порталындағы www.atyrau.gov.kz.   қоғамдық тыңдаулар парағында жарияланған. Қоғамдық тыңдау материалдары бойынша пікірлер мен сұрақтарды жоба әзірлеушісінің sed@sed.kz  және Атырау қаласы Табиғи ресурстар басқармасының atr_priroda@mail.ru электрондық пошталарынажолдауға болады. Жобаның қағазға басылған нұсқасымен мына мекенжайда танысуға болады: Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 8, «Риверсайд» бизнес орталығы. Жобаның әзірлеушісі «SED»ЖШС: Алматы қаласы, Асқаров көшесі, 3-үй, тел.: +7727 247-23-23. Тапсырыс беруші: «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.», Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 8, «Риверсайд» бизнес орталығы, тел.:+7 7122 92-7406.

Жоба (PDF 30724 Kb)

 

261. «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.»2020 жылы қаңтар айының 10 жұлдызында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» «Қашаған кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Технологиялық нысандар. Іске қосу кешендері бөлінген жобаны түзету. дамыту жобасының Қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ). Жер үсті кешені. 1-толықтырма» жобасы бойынша ашық отырыс нысанында қоғамдық тыңдау өткізді.

Қоғамдық тыңдауды Айчикова А. Ж ашты.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып – Каримов А. М сайланды.

Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

  Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары
  Қоғамдық тыңдаулар
 16.01.2020 Қоғамдық тыңдауар хаттамасы (PDF 3729 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 05.12.2019 16:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 15:56

Қаралым саны: 493