Array 23.06.2014 Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

23.06.2014 Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

ЖОБА

1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 42 – бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабының 6), 7) тармақшалары және 159 – бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылдың 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Атырау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Баспаев) белгіленген тәртіппен Ережені әділет органдарында тіркеуден өткізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ. Дүйсембаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы ""
N "Атырау облысының
ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесін құру
және ережесін бекіту
туралы" қаулысына қосымша
"Атырау облысының ветеринария басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытты басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31а үй. Индекс 060005.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Дамушы экономика жағдайында аумақтың эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету және аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталған ветеринария саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.
15. Міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
16. Функциялары:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен берлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара алмасуды жүзеге асыру;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
4) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектуе іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
5) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
6) уәкілетті орган белгіленген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шағыру;
7) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізуді) ұйымдастыру;
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
11) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
12) жануарлардың энзоотиялық аурулардың профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдау (жеткізуді) ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
14) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
15) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
16) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
17) профилактика мен диагностика бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңда белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға;
2) мекеменің толық атауы бар мөрі, мөртабаны және бланкілері болуына;
3) оралымды басқаруында мүлкі, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуына;
4) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) орынбасарының және бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
2) қызметкерлерді тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) белгіленген заңнамалық тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;
4) белгіленген заңнамалық тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
5) өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
6) бөлімдердің ережелерін бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенім хатсыз "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
8) жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;
9) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерімен аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) ветеринария бөлімдерінің басшыларын қызметке тағайындауға келісім береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;
"Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілетігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
24. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. "Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі
"Атырау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар қарастырылмаған.

 

Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:21
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 15:21