Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

229. «Силлено»
Хабарландыру

 10.06.2019

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.07.2019

 

 

 

 

 

 

 

«Силлено» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Атырау облысындағы алғашқы біріктірілген газ-химия кешенінің құрылысы. Екінші кезең. (Полиэтилен өндірісі)» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне Қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (алдын ала ҚОӘБ) бойынша қоғамдық тыңдау өтетіндігін хабарлайды.

Тыңдалым 2019 жылдың10 шiлдесінде, сағат 10.00, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 6, «Dastan Atyrau» қонақ үйінің конференц-залында өтетін болады. Қатысушыларды тіркеу тыңдалымның басталуына 30 минут қалғанда басталады.

Жергілікті атқарушы орган: Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсат беру бөлімі. Жауапты – Айчикова А.Ж., atr_priroda@mail.ru,  тел. +7 (7122) 325509.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік орган:Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Экологиялық реттеу және бақылау комитеті.

Жобаны әзірлеуші «Казэкопроект»ЖШС: 050057. Алматы қ., Клочков көш., 123. 302 кеңсе. Телефон +7 727 250 29 11. E-mail: poznyak@ecoproject.kz.

Тапсырыс беруші:«Силлено» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қоғамдық тыңдаулар материалдары бойынша пікірлер мен сұрақтар жобаны әзірлеушінің электрондық мекен-жайына жіберілуі мүмкін: poznyak@ecoproject.kz  және Атырау қаласының Табиғи ресурстар басқармасы: atr_priroda@mail.ru

Жоба (PDF 4278 Kb)

 

229. «Силлено» 2019 жылы шілде айының 10 жұлдызында «Силлено» ЖШС-нің «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» (алдын ала ҚОӘБ) бөлімі бойынша «Атырау облысындағы алғашқы біріктірілген газ-химия кешенің құрылысы.Екінші кезең. (Полиэтилен өндірісі)» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне арналған ашық отырыс нысанында қоғамдық тыңдау өткізді.

Қоғамдық тыңдауды Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Мемлекеттік экологиялық сараптама және рұқсат беру бөлімінің бас маманы Айчикова А.Ж ашты.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы болып – «Жайық-Каспий Орхус орталығы»КФ-ң директоры Ізтелеуова Ш.О сайланды.

Қоғамдық тыңдауда жоба талқыланып, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

 

229. «Силлено» 229. «Силлено» 229. «Силлено» 229. «Силлено»

 

  Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары
  Қоғамдық тыңдаулар
 18.07.2019 Қоғамдық тыңдаулар хаттамасы (PDF 6014 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2019 17:01

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.07.2019 10:55

Қаралым саны: 1282