Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

2018 жылдың 18 сәуірінен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (038/2016 ЕЭО ТР) күшіне енді

18 апреля 2018 года вступил в силу Технический регламент ЕАЭС «О безопасности аттракционов»ЕЭО техникалық регламенті жылжымалы және стационарлық аттракциондарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

Ол қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда жарақат алу қаупі бар шолу дөңгелектеріне, катапульттерге, әткеншектерге, картингке, үрмелі батуттарға, сырғанақтар, электромобильдер, су аттракциондары және көптеген басқа ойын-сауық механизмдеріне қолданылады.

Шын мәнінде, бұл құжат жазатайым жағдайды болдырмау үшін қалай істеу керек және не істеу керек ережелерін белгілейді.

ЕЭО елдерінде он мыңдаған аттракциондар бар, миллиондаған азаматтар пайдаланушылар болып табылады, және өкінішке орай, әрдайым бұл құрылғылар қуаныш әкелмейді.

Жазатайым оқиғалар дұрыс емес монтаждау немесе тетіктерді қате пайдалану нәтижесінде болуы мүмкін.

ЕЭО бір ғана техникалық регламентінде конструктивтік және пайдалану және басқа да қауіпсіздік талаптарын біріктіріп, аттракциондардың барлық өмірлік циклы кезеңіне бекіткен.

Аталған техникалық регламент күшіне енгенге дейін жұмыс істей бастаған аттракциондарға қолданылмайды.

Ескі аттракциондарды пайдалану талаптары мен шарттары ұлттық заңнамамен анықталады.

Аттракцондарды өндірушілер жобалық – конструкторлық құжаттамадан ауытқымай, құжаттамада қарастырылған материалдарды пайдалануы тиіс.

Монтаждау кезінде топырақ пен алаңның сипаттамаларын, температура мен желдің әсерін ескеру қажет, аттракциондар арасындағы жеткілікті арақашықтық, сонымен қатар қауіпсіз кіру және шығуын қамтамасыз етуі қажет.

Аттракциондардың жылжымалы бөліктері мен бөлшектерін пайдаланушылардан сенімді қорғаныстармен қоршау қажет. Аттракционға кірер алдында пайдалану қағидалары және шектеулері туралы мәліметтен құралған стенд болуы қажет, сондықтан да келушілер ойын-сауықтың экстремалды сипатын білуі керек. Бой мен салмаққа қатысты шектеулер бар болған жағдайда, бой өлшегіштер мен таразыларды орнату қажет.

Барлық ойын-сауық объектілері механизм жұмысының іркілісі туралы тез арада ескертуге мүмкіндігі бар дабылдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұдан өзге, аттракциондар алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектермен жабдықталу қажет.

Техникалық регламенте балалар аттракционына қойылатын қауіпсіздік талаптары жеке жазылған.

Жобалаушылар және өндірушілер балалардың жас ерекшелігіне байланысты қосымша қауіп қатерді ескеру керек: физиологиялық, психологиялық, антропометриялық.

Мысалы, ойын-сауық құрылғыларында, әсіресе, қозғалмалы бөліктерінде бала қолын, аяғын немесе басқа заттарды оңай тығып алуы мүмкін болатындай тесіктер қалдырмау керек,.

Аттракциондардың барлық ықтимал қауіпті жерлерінде таяныштар мен қоршаулармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, құрылымға балалардың мінуіне немесе оларға отыруына мүмкіндік болмауы қажет. Егер ол бұзылған болса, жабдықтың жұмысын дереу тоқтату керек.

ЕЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауына аттракцион иелерінің күнделікті техникалық жағдайын тексеру қажеттілігін, сонымен қатар оны жұмысшы журналында көрсету, үнемі майлау, реттеу және мамандандырылған кемшіліктерді анықтауды қоса алғанда алдын – алу жұмыстарын жүргізу міндетті болып табылады.

Нарыққа қатысушылардың жаңа талаптарды қанағаттандыратын аттракциондар өндірісіне біртіндеп көшу үшін ЕЭО комиссиясы өтпелі кезеңді белгіледі, яғни 2019 жылдың 18 қазанына дейін мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аттракциондар бұрынғы ережелер бойынша өндіру және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.Техникалық регламент күшіне енгенге дейін ресімделген құжаттар, олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2019 жылдың 18 қазанына дейін жарамды болып есептеледі.

Техникалық регламент күшіне енгеннен кейін, дайындаушылардың өнімді ұлттық талаптар бойынша сәйкестікті растауға қосымша шығын жұмсамай, аттракциондардың Одақ аумағы бойынша еркін тасымалдауын қамтамасыз етеді.

Жаңа аттракциондар сертификаттаудан, күнделікті тексеруден және жыл сайынғы техникалық тексеруден өте бастайды.

Қауіпсіз құрылғылар Еуразиялық экономикалық одақтың латын тілінде – ЕАС эмблемасы түрінде арнайы таңбаланады.

Аталған ЕЭО ТР әзірлеуші - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасынан бірлескен әзірлеушісі – ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті болып табылады.

ЕЭО ТР күшіне енгенге дейін, Қазақстан Республикасында ұлттық деңгейде сертификаттау және мемлекеттік бақылау сияқты аттракциондарға қойылатын талаптар болған жоқ.

Қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша, бүгінгі таңда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсеткені үшін қылмыстық заңнамамен (ҚК 36 - бап) жауапкершілік қарастырылған, ол ішкі істер органдарының құзыретіне кіреді.


Мақаланың шыққан күні: 15.08.2018 08:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.12.2018 21:30

Қаралым саны: 1282