Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Атырау облыстық аурухана базасында 2017 жылдың 14 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жүргізіліп жатқан акция шеңберінде жиналыс өткізілді

Атырау облыстық аурухана базасында 2017 жылдың 14 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жүргізіліп жатқан акция шеңберінде жиналыс өткізілдіАтырау облыстық аурухана базасында 2017 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бастамасымен Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жүргізіліп жатқан акция шеңберінде жиналыс өткізілді.

Аталған жиналысқа агенттіктің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңестің төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аймурзиева Мәншүк Құдайбергенқызы, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржігітов Түркбенбай Нұржігітұлы, барлық қалалық және облыстық деңгейдегі мемлекеттік емдеу-сауықтыру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Жиналыс барысында Т.Жұмағұлов Департаментпен жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қарсы бағытталған шаралар туралы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар, тәжірибе барысында орын алған бірқатар фактілерді айта келе, жиналысқа қатысушыларды осы қоғамдық дертпен бірге күресуге шақырды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Аймурзиева барлық басшылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған бірқатар тапсырмалар беріп, Департаментпен осы бағытта алдағы уақытта да жұмыстар жалғасын табатындығын жеткізді.

Атырау облыстық аурухана базасында 2017 жылдың 14 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жүргізіліп жатқан акция шеңберінде жиналыс өткізілді Атырау облыстық аурухана базасында 2017 жылдың 14 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен жүргізіліп жатқан акция шеңберінде жиналыс өткізілді

Мақаланың шыққан күні:: 20.04.2017 17:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.04.2017 17:51