Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Ағымдағы жылдың 13 маусым күні Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Әзмұханов Қанат Қадыржанұлының төрағалық етуімен VІ шақырылған Атырау қалалық мәслихатының ІІІ сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 13 маусым күні Атырау қалалық мәслихатының хатшысы Әзмұханов Қанат Қадыржанұлының төрағалық етуімен VІ шақырылған Атырау қалалық мәслихатының ІІІ сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Атырау қаласының әкімі – Н.Ожаев, қала әкiмiнің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, әкімшіліктің бөлім және басқарма, ұйым басшылары, құқық қорғау органдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

Күн тәртібіне он екі мәселе енгізіліп, оның екеуі – Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес:

1. 2015 жылға арналған Атырау қаласы бюджетінің атқарылуы туралы;

2. Атырау қаласы бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы.

Бірінші мәселе бойынша қалалық қаржы бөлімінің басшысы – Ш.Арыстановтың және Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі – А.Құмаровтың есептері тыңдалды. Баяндама соңында бюджет қаражатының толық және уақытылы игерілуін қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық берешектерді болдырмау жөнінде депутаттар өз ұсыныстарын берді.

Екінші мәселе бойынша Атырау қаласының жергілікті полиция қызметінің басшысы – Е.Бигамбаев алты ай мерзім ішінде атқарылған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Өз баяндамасында, Атырау қаласындағы тіркелген қылмыс саны 3495 (өткен жылы 3455) құрап отырғанын белгіледі, соның ішінде – ауыр қылмыстар 190 (өткен жылы 235), аса ауыр қылмыстар 15 (өткен жылы 10), орта дәрежелі қылмыстар 2458 (өткен жылы2177), жеңіл дәрежелі қылмыстар 477 (өткен жылы 655). Е.Бигамбаев депутаттар тарапынан туындаған бірнеше сұрақтарға жауап берді, қойылған сұрақтардың көпшілігі бұрын сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету және учаскелік полиция қызметі туралы болды.

Әрі қарай күн тәртібі бойынша, кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімі жанындағы бірнеше комиссия құрамдары бекітіліп және комиссия құрамдарына өзгерістер енгізілді.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 16:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.08.2016 12:58