Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

129. «Ембімұнайгаз» АҚ
Орналастыру күні Хабарландыру

01.11.2017

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Экологиялық Кодексінің 57 бабының және ҚР ҚОҚМ-і 07.05.2007ж. №135-п бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тыңдауларды өткізу Ережелерінің» 9 пунктінің талаптарын орындауда «Ембімұнайгаз» АҚ-ы

1. Ембімұнайгаз АҚ-ның кен орнындарындағы ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы;

2. Ембімұнайгаз АҚ-ның кен орнындарындағы ұңғымаларды жою және консервациялау кезіндегі оқшаулау-жою жұмыстарын жүргізу жобасы;

3. Шығыс Мақат кен орнында тереңдігі 900м болатын пайдалану ұңғымаларының құрылысының топтық техникалық жобасына қосымша;

4. Ботақан кен орнында тереңдігі 2900м болатын іздестіру-барлау ұңғымаларының құрылысының топтық техникалық жобаларына арналған «Қоршаған ортаның әсерін бағалау жобасы» бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетінін хабарлайды.

Қоғамдық пікірлердің есебін жүргізудің түрі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа хабарлап, қоғамдық тыңдау өткізу жолымен анықталды.

Қоғамдық тыңдау 2017 жылдың 21-ші қараша, сағат 11.00-де мына мекен-жай бойынша: Атырау облысы, Мақат ауданы, п.Доссор, «Доссормұнагаз» МГӨБ акт залында өткізіледі.

Нысандар бойынша ақпарат алуға және өз пікірін білдіруге барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік беріледі.

Материалдар электронды түрде орналасқан Интернет-ресурс мекен-жайы: atyrau.gov.kz.

Сонымен қатар жоғарда көрсетілген жобалар мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге Атырау облысы бойынша Экология Департаментіне жіберілетінін хабарлайды.

Жауапты тұлғалар: Амангалиев А.Т.: 8 (7122) 99-34-62;

Кобжасарова М.Ж.: 8 (7122) 30-54-43.

«Ембімұнайгаз» АҚ

(жобалаушы – «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС-і)

Жоба (PDF 3099 Kb)                      Жоба (PDF 1536 Kb)

Жоба (DOCX 3513 Kb)                   Жоба (DOCX 1328 Kb)

  Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары
 23.11.2017

21.11.2017 жылы сағат 11.00-де Атырау облысы Мақат ауданы, Доссор поселкесінде «Доссормұнайгаз» МГББ ғимаратында «Ембімунайгаз» АҚ жұмыс жобаларына «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» тарауы бойынша қоғамдық тыңдау «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС хатына байланысты өткізілмеді. «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС мен «Ембімұнайгаз» АҚ арасында «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» тарауына техникалық жобаларды жасауға келісім шарт жасатылған.

   

 


Мақаланың шыққан күні:: 01.11.2017 01:56
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.11.2017 16:59