Array 05.04.2017ж. техникалық оқу өтті | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.04.2017

Қызметтер

05.04.2017ж. техникалық оқу өтті

05.04.2017ж. техникалық оқу өттіҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің басшысының 05.04.2017ж. №4н/қ бұйрығымен бекітілген техникалық оқу жоспарына сәйкес, ағымдағы жылғы 5 сәуір күні «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының өкілдерінің қатысуымен техникалық оқу өтті.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Мухиденова Руслана «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңы мен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының негізгі талаптарымен таныстырды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңы 1 бабының талаптары түсіндіру барысында:

1) арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда жәрдем көрсету туралы өтiнiшхаты не заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылуы, өтiнiштердi қарайтын субъектiлердiң, лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшiлiктер туралы хабарлама не олардың қызметiн сынау;

13) шағым – адамның өзiнiң немесе басқа адамдардың бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн қалпына келтiру немесе қорғау туралы, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалардың, өздеріне тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) жеткізуге (орындауға, көрсетуге) шарт жасасқан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінің, олардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ олардың заңсыз шешiмдерiнiң күшiн жою туралы талабы. департамент қызметкерлері осы бапқа сүйене отырып, тұлғалардың өтініштерін қарау барысында «арыз және шағым - құқықтар мен бостандықтарын және заңды мүдделерінің бұзылуын анықтайды» және нақты түсінік бермейді, соның салдарынан азаматтардың өтініштері базасында өтініштердің қате тіркелуіне алып келуі мүмкіндігін атап өтті.

Сонымен қатар, Кез келген келіп түскен өтініш өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді өтінішті есепке алу карточкасында немесе ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанында бекіту және тіркеу нөмірін тағайындау арқылы тіркелуі тиістігі туралы мағлұмат берді.

Өтініштің тіркеу нөмірі автоматты түрде толассыз тәртіпте беріледі. Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі "ЖТ" әріптік индексінен, автор тегінің бірінші әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады.

Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі "ЗТ" әріптік индексінен, өтінішке қол қойған лауазымды тұлға тегінің алғашқы әрпінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады. Жасырын өтініштің тіркеу нөмірі "АНМ" әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады. Ұжымдық өтініштің тіркеу нөмірі "ҰҚ" әріптік индексінен және өтінішті есепке алу карточкасындағы реттік нөмірден тұрады. Өтінішті тіркеу алдында ААЖ бойынша тексеру жүргізіледі және өтініш қайталанды ма немесе алдыңғы өтініштің көшірмесі емес пе екендігі анықталады. Қайталанған өтінішті және өтініштің көшірмесін тіркеген кезде тіркеу нөмірінде оның қайталануы (1, 2, 3) немесе көшірмесі қиғаш сызық (жарнақ) арқылы көрсетіле отырып (1/, 2/, 3), бірінші өтініштің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

Субъектіге тікелей жазбаша жүгінген жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне бірегей нөмір көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы талон беріледі. Талонның бірегей нөмірінде алғашқы жұппен өтінішті тіркеген жыл белгіленеді, екінші жұппен облыс коды белгіленеді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), үшінші жұппен - аудан коды (облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қала) төртінші жұппен – ауылдық округ коды. Субъект коды және талонның реттік нөмірі бес саннан тұрады. Субъектінің коды "Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ТӨБЕ ААЖ) субъектілерінің анықтамалығынан пайдаланылады. Өтінішті "Қазпошта" акционерлік қоғамы арқылы тапсырыс хатпен алған кезде өтініштерді есепке алу карточкасының "Бірегей нөмір" 8-деректемесінде субъект пошта байланысы бөлімінде берілген 13-таңбалы штрихті пошта идентификаторын енгізеді және оған "55555" символдарын қосады. Бірегей нөмір бір рет, өтінішті бастапқы тіркеген кезде беріледі.

Заңға сәйкес есепке алуға жатпайды: 1) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша; 2) әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық процестік, азаматтық iс жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгілеген тәртіппен қаралуы тиіс өтініштер. Өтініште бірнеше мәселе қойылған жағдайда, олардың ішінде қаралуы субъектінің құзіретіне кірмейтін мәселелер болса, ол бұл өтінішті тіркейді және өз өкілеттіліктеріне сәйкес Заңның 8-бабында белгіленген мерзімде шешеді. Сонымен бірге, шешуі оның құзіретіне кірмейтін өзге де мәселелерді қарау үшін, өтініш берушіге міндетті түрде хабарлай отырып, өтініштің көшірмесі Заңның 7-бабы 6-тармағына сәйкес құзіреттілігі бойынша басқа субъектіге, лауазымды тұлғаға жолданады. Бұл өтінішті субъекті қаралған ретінде есепке алады. Өтінішті бірнеше субъектілер қарастырған кезде, жауапты тікелей өтініш берушіге беретін субъект өтінішті есепке алу карточкасын қояды. Бұл ретте, субъект (жинақтаушы) өтінішті "Азаматтардың өтініштері" автоматтандырылған базасында тіркейді, қалған бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар өтініштерді "Қызметтік корреспонденция" автоматтандырылған базасында тіркейді.

Субъектілердің жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерін ұсыну тәртібі

Субъектілер жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы, сондай-ақ бұрын тіркеліп, шешім қабылданған өтініштер бойынша есепке алу мәліметтерін Комитетке және оның аумақтық органдарына субъектінің ведомстволық ақпараттық жүйелерінен немесе Комитеттің ақпараттық жүйесінен мәліметтерді шығару жолымен күн сайын ұсынады.

Субъектінің лауазымды тұлғасы өтініштің есепке алу мәліметтерінің уақтылы, толық, айқын тіркелуін және енгізілуін, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы есепке алу мәліметтерінің айқындылығын, толықтығын және Комитетке және оның аумақтық органдарына уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» есептілікті қалыптастыру тәртібі

Республика бойынша "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есеп (бұдан әрі - Жиынтық есеп) осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған тәртіпте ТӨБЕ ААЖ-ға субъектілерден түскен мәліметтер негізінде қалыптастырылады. Жиынтық есеп ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінде қалыптастырылады және Комитет Төрағасы қол қояды. Комитет жиынтық есепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есептік кезеңнен кейінгі айдың 12-күніне қарай ұсынады. Өтініштердің көшірмелері және өтініштерді қарауды тоқтату туралы өтінішхат, Ақпаратты есепке алу кітабында (АЕК) және Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген өтініштер есепте көрсетуге жатпайды.

ТӨБЕ ААЖ-ға түскен мәліметтердің айқындылығын және толықтығын қамтамасыз ету мақсатында, Комитеттің және оның аумақтық органдары субъектілермен бірлесіп әр айдың 1-5-күндері аралығында, келіп түскен өтініштердің саны мен оларды қарау нәтижелері туралы тексеру жүргізеді. Тексеру жүргізілген соң есептікті қалыптастыруға негіз болатын мәліметтерге субъектілер өзгерістер енгізбейді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Мухиденова Руслана азаматтардың өтініштерін тіркеу базасында өтініштердің тіркелу ретін көрсетті.

Шара соңында, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері туралы есептік мәліметті өткізу реті мен өтініштерді қабылдау және тіркеу тәртібін сақтау туралы шешім қабылданып, сонымен қатар ақпаратты Техникалық реттеу және метрология Комитетіне жолдайтындығы нақтыланды.

Департамент басшысы С.Г.Камешева Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасы мен осы басқарманың аға прокуроры Мухиденова Русланаға Департамент қызметкерлері арасында ҚР заңнамасына түсіндірме жұмыс жүргізгені үшін алғысын білдірді.


Мақаланың шыққан күні:: 10.04.2017 15:33
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.04.2017 15:33