Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.11.2017

Қызметтер

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жеріне келген Г.Бердімұхамедовке сәттілік тілеп, Түрікменстан басшысын таяуда өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

– Сайлаудан кейінгі алғашқы сапарды біздің елден бастауға шешім қабылдағаныңызды жоғары бағалаймыз. Қазақстанды түрікмен халқымен серіктестік, тату көршілік және бауырластық қарым-қатынас байланыстырады. Соның айқын дәлелі – мемлекеттеріміздің 25 жылдық тәуелсіздігі жылдарында қалыптасқан, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа негізделген қатынастар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі ел бір-бірінің бастамаларын өзара толық қолдайтынын атап өтті.

– Достығымыздың арқасында іске асқан бірлескен ірі жобалардың бірі – Жібек жолы бағдары бойынша Қазақстаннан Түрікменстан арқылы Иранға тартылған теміржол құрылысы. Бұл мәселе 15 мамырда Бейжіңде өтетін «Бір белдеу – бір жол» форумында кеңірек талқыланатын болады. Жоба маңызды бағдар ретінде қарастырылуда және біздің міндетіміз – осы келісімді мазмұндық жағынан толықтыра түсу, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.    

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы тараптардың қол қоюы үшін әзірленген құжаттар аясында екіжақты ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін айқындады, сондай-ақ әлемдік экономика мен саясат үшін қазіргідей күрделі кезде екіжақты қарым-қатынасты табысты дамыту үшін бүгінгі сапардың маңызды екеніне назар аударды.

Г.Бердімұхамедов Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Түрікменстанның әрдайым достық, тату көршілік, өзара құрмет қағидаттарын ұстанатынын және қазіргі даму кезеңінде осы ұстанымдарды басшылыққа алып, өзге елдермен қарым-қатынас орнатып отырғанын жеткізді.

– Қауіпсіздікке, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге қатысты күн тәртібінде тұрған өңірлік және халықаралық мәселелер жөніндегі біздің көзқарасымыз Қазақстан тарапының ұстанымымен үйлеседі. Біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып саналатын Қазақстанның бастамаларын қолдаймыз, – деді Түрікменстан Президенті.

Г.Бердімұхамедов сауда-экономикалық, көлік-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың маңызы артып отырғанын атап өтті.

Екі мемлекеттің көшбасшылары Қазақстан мен Түрікменстанның кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастығына бұл сапардың тың серпін беретініне сенім білдірді.

akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Мақаланың шыққан күні: 18.04.2017
Қаралым саны: 358