Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Ішкі конкурс: санаттары: D-3, D-4, 2 бірлік

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру Атырау облысы әкімінің аппараты, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7122)270950; 354525, факс: 8(7122)355030, e-mail: aty.akimat@gmail.com,  барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы (бала күтімі демалысындағы қызметкердің орны, 2022 жылғы 27 сәуірге дейін), D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 141 745 теңгеден 191 482 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі аппаратының қаржыландыру жоспарларын жасау. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыруды және белгіленген тәртіпте қаржы органдарына бухгалтерлік баланстар мен қаржыландыру жоспарларын атқару жөніндегі есептерді ұсынуды қамтамасыз ету. Статистикалық есептілік жүргізу. Салық комитетіне мағлұмдамалар тапсыру. Есеп айырысу бухгалтері, кассир функцияларын атқару. Әр қызметкерге арнайы есеп-шот ашу, еңбекақылары мен іссапар шығындарының уақытында төленіп отыруын қамтамасыз ету. Аппарат бойынша барлық есеп айырысу құжаттарының сақталуын, дұрыс толтырылуын және оларды уақытында тапсыру немесе жоюды қамтамасыз ету.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

2. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау мәселелері жөніндегі бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 116 623 теңгеден 157 326 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Премьер-Министрінің өңірге сапары кезінде берілген тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалары, жоғары тұрған органдардың басқа да тапсырмалық құжаттары, облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің өкімі мен шешімдері, хаттамалық құжаттарының орындалуына, сапалы жолдануына бақылау жүргізу. Бақылауда тұрған құжаттардың орындалу барысы және оларды бақылаудан түсіру мәселелерін басшылықтың уақтылы қарауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау секторымен бақылау құжаттарын салыстыруды жүргізу. Жоғары тұрған органдарға бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы жіберуді жауапкершілігіне алу. Келіп түскен «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттардың орындалуын бақылауға алу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық интернет порталы (ipgo.kz) және облыстық интернет порталымен (portal.atyrau.kz) жұмыс жасауын бақылауға алу және талдау. Орындаушыларға бақылау құжаттарының орындалу мерзімдерінің жақындағаны және бақылауда тұрған құжаттардың орындалу мерзімінің бұзылуы туралы хабарлау. Бақылауда тұрған материалдарды ресімдеу және жүйелеу мәселелерімен айналысу. Бөлім басшысына орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы жедел ақпараттар мен мәліметтер, анықтамалар дайындау. Бақылауға алынған құжаттарға ай сайын, тоқсан сайын, жылдық қорытындысымен талдау жүргізу.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі гуманитарлық ғылымдар, білім, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету (кітапхана ісі).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды электрондық түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «E-gov» электрондық Үкімет порталы не atyrau_akimat@atyrau.gov.kz электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерізімінде тапсырады.

Құжаттарды электрондық түрде электрондық почта арқылы берген азаматтар әңгімелесу басталғанына дейін бір сағаттан кешіктірілмей құжаттардың түпнұсын ұсынады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкустық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

__________________(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ ____________________________________________________________________

 

________ ____________________________________ (қолы)

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 28.01.2020
Қаралым саны: 2259