Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Ішкі конкурс: Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, D-3 санаты, 1 бірлік

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру Атырау облысы әкімінің аппараты, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7122)270950; 354525, факс: 8(7122)355030, e-mail: aty.akimat@gmail.com,  барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 141 745 теңгеден 191 482 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша ұйымдастыру, техникалық және ақпараттық-талдау қызметтерін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді және функцияларды автоматтандыруды және ыңғайландыруды қоса алғанда ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралардың жоспарларын әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдармен келісімдеу жұмыстарын жүзеге асыру. Ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру. Ақпараттандыру саласындағы заңнамалар талаптарының сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету. «Электрондық үкімет» және ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісімдеу. Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша ведомстволық актілерді (ережелер, регламенттер және т.б.) әзірлеу және бекіту. Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар дайындау. Ақпараттандыру саласында сәйкес бюджеттік бағдарламасының қаржыландыру жоспарын, стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу. Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді әзірлеу жобаларын басқарып, оларға жасалатын келісім-шарттарды мониторинг жүргізу. Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді жасауға және енгізуге нормативтік-техникалық құжаттамаларды (техникалық-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырма және техникалық маманданымдарды) әзірлеу және мүдделі мемлекеттік органдармен келісімдеу. Облыс әкімі аппараты ақпараттық жүйелерінің «электрондық үкімет» компоненттерімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасуы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді Электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің жаңартылған деректерінің, электрондық ақпараттық ресурстардың және ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі, ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік техникалық құжаттамалардың депозитарийінде уақтылы тіркелуі мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету. Мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ақпараттық жүйелердің өндірістік пайдалануға енгізілуін қамтамасыз ету. Облыс әкімінің аппараты ақпараттық технологияларды пайдалану, қиындық туғызатын мәселелерді табу, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды іс жүзінде жүзеге асыру. Ақпараттандыру саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру шегінде жаңа технологияларды, бағдарламалық өнімдерді және деректер қорын енгізу жөнінде басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынас жүргізу.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары – құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар («Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды электрондық түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «E-gov» электрондық Үкімет порталы не atyrau_akimat@atyrau.gov.kz электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерізімінде тапсырады.

Құжаттарды электрондық түрде электрондық почта арқылы берген азаматтар әңгімелесу басталғанына дейін бір сағаттан кешіктірілмей құжаттардың түпнұсын ұсынады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкустық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы әкімі аппаратында өтеді.

Кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

_______________(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ ____________________________________________________________________

 

________ ____________________________________ (қолы)

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2019
Қаралым саны: 1624