Array Атырау қаласында 22 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Наурыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Атырау қаласында 22 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр

Атырау қаласында 22 мыңға жуық адам үй кезегінде тұрБүгін, 8 ақпан күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев іс-сапармен Индер ауданында басқарма басшыларымен кезекті жиналыс өткізіп, жиналыс барысында, бюджеттің толық игерілмейтіндігін және аудан әкімшілігінің баяу жұмысы мен мектепке дейінгі мекемені салу кезінде МЖӘ құралын пайдалану қажеттілігін айта өтті.

Мәжіліс барысында облыс бойынша нормативтік құрылыс салу мерзімі сақталмайтындығы белгілі болды.

“Бүгінгі таңда, ақпан айы болғанша құрылыс жөнінде бірде-бір тендер өткізілмеген! – деп наразылығын білдірді Ноғаев.- Мамыр айы кезінде конкурс өткізіліп, тамыз айы болғанда құрылыс жұмысын бастап, қыркүйек айында толассыз жауған жаңбыр мен қардың кесірінен бастарыныз қатып жүрмекшісіздерме? Осының кесірінен халық наразы, өйткені, бізде,жол жөндеу жұмыстары күзде басталады”.

Мәжіліс барысында, Нұрлан Ноғаев, аудандар үшін қажетті әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылысы жөніндегі жобаларды белсенді түрде ұсынуын аудан әкімшілігінен өтінді.

"Аудандардағы құрылыс жөніндегі барлық бастамалар тек облыс әкімшілігінің тапсырмасымен өткізіледі. Жоғарыдағы билік өкілдерінен сол немесе басқа бір ауылда тіршілікті қамтамасыз ету нысанының құрылыс жұмысы жөнінде тапсырма берілмейінше, сіздерде ешқандай іс-қозғалыс жоқ, - деді Нұрлан Ноғаев. – Дегенмен, бұл сіздердің тікелей міндеттерініз: сіздің аудандар үшін қажетті жолдар мен өтінімдерді құру, ЖСҚ дайындау, өзгеде құрылысты дәлелдеу. -Иә, бұл сіздерге қиынға түседі, бір емес бірнеше есік қағып, бірнеше жиналыстар өткізу керек. Бірақ, нысанның қажет екенің дәлелдеп, ЖСҚ әзірлеуге, одан соң құрылысқа ақша бөлдіріп, оның сапалы орындалуын қадағалау қажет. Дегенменде, бұл сіздердің жұмыстарыныз, сіздерден басқа ауданның бірінші кезектегі міндеттерін кім жақсы біледі?!".

"Халықпен жүздесу барысында өздерініздің бейқамдықтарынызды қаражаттың жоқтығымен байланыстырмаңыздар. Облыста қаражат жоқ дегенді маған айтпаныздар, жақсы жобаға әрдайым қаражат табуға болады", -деп наразы болды әкім.

Мәжіліс барысында, сондай-ақ белгілі болғандай, облыс бойынша 21 944 адам үй кезегінде тұр.

"Сіздер халыққа үй құрылысына қаражат бөлінбеді деп ақталасыздар, сіздерге қаражатты қалай бөледі, егер қолдарыңызда тіпті ЖСҚ жоқ?! Аудан әкімшілігі өз тұрғындарына көмектесу үшін барын салу керек, бірақ, өкінішке орай мен кейбір әріптестерімнен бұндайды байқамаймын. Облыс бойынша тек бір ғана инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Республика есебінен салынып жатқан, облыстық маңызды жоба "Миялы - Қарабол" , дегенмен,біз өзіміз де бұл көрсеткішті еселеп арттыра алар едік. Бірақ, жасай алмайсыз, өйткені қолымызда дайын ЖСҚ жоқ. Сіздер қаражат жоқ дейсіздер, алайда сіздерде жұмысқа деген талпыныс жоқ, соның салдарынан республика есебінен қаражат бөлінетін жобалар жоқ.

Бұндан басқа, табысты кәсіпкерлер, мемлекет қолдауымен өз ауылдарына көмектесуге, онда мектепке дейінгі мекемелердін құрылыс жұмысына көмектесуге қуана дайын екендігін облыс әкімі байқап, аудан әкімдерінің назарын МЖС принципі бойынша әлеуметтік нысандардың құрылысы қажеттілігіне аударды.

Атырау қаласында 22 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр Атырау қаласында 22 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр
Мақаланың шыққан күні: 08.02.2017
Қаралым саны: 312