Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.11.2017

Қызметтер

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Атырау облысында ірі қара малдың 75% нодулярды дерматиттен егу жұмысы жүргізілді

Атырау облысында ірі қара малдың 75% нодулярды дерматиттен егу жұмысы жүргізілдіОсы жөнінде бүгін, 19 сәуір күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев ветеринария және ауыл шаруашылығы мәселесі бойынша селекторлық кеңес барысында хабарлады.

Нақпаевтың мәлімдемесі бойынша республикалық бюджет есебінен 2017 жылы облысымызға нодулярлы дерматиттен 250 мыңнан астам доза вакцині келіп түсті.

-Мал егу жұмыстары басталып кетті, бүгінгі таңда 152 мың ірі қара малдың 115 мыңы егілген,- деді Сәлімжан Нақпаев. –Сәуір айының соңына дейін ірі қара малға егу жұмыстарын толықтай аяқтаймыз. Сонымен қатар, мал дәрігерлері жаңа ауруды болдырмау мақсатында ірі қара мал иелеріне түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев кеңес барысында Сәлімжан Нақпаевқа және аудан әкімдеріне жергілікті бюджет есебінен Атырау облысының мал дәрігерлері үшін арнайы шет елде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама әзірлеуін тапсырды, сондай-ақ, облыс аумағында мамандығы бойынша жұмыспен және үймен қамтамасыз етуді тапсырды.

-Біз, жас мамандар үшін бар жағдай жасап, үй мәселесімен көмектесуіміз қажет,-деді Нұрлан Ноғаев. –Сонымен қатар, шетелдік ЖОО көмегіне жүгіне отырып, бізге өз мал дәрігерлерін дайындауымыз қажет. Мысалғы: Ресейде, Санкт-Петербург Мемлекеттік ветеринариялық медицина академиясы бар – ТМД аумағындағы өз бағытындағы үздік жоғарғы оқу орындарының бірі. Жергілікті бюджет есебінен үздік студенттерді сол жаққа оқу жіберіп, ал кейін, аудандарға ұсына отырып, қызметтік пәтермен қамтамасыз етейік. Біз болашаққа қарайлай отырып – кейіннен осы мамандар ауыл шаруашылығын дамытуға деген өз ықпалдарын тигізетін болады.

Мақаланың шыққан күні: 20.04.2017
Қаралым саны: 1330