Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

Қазан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Атырау облысы бойынша 370 адам ауыл бизнесін несиелендіру бағдарламасы арқасында жұмыспен қамтылды

Атырау облысы бойынша 370 адам ауыл бизнесін несиелендіру бағдарламасы арқасында жұмыспен қамтылдыБүгін, 10 ақпан күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Махамет ауданында болып, көшпелі кеңес барысында қоластындағылардың назарын оның тапсырмаларын орындау барысындағы жұмыстың қарқындылығына аударды. Сондай-ақ, аймақ басшысы кәсіпкерлер көрмесінде болып, жергілікті өндірістен жасалған домбыра сатып алды.

2016 жылы Нұрлан Ноғав, Атырау облысының 7 ауданы мен 72 село округтерінде болып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына байланыс ты 223 тапсырма жүктеді.

Махамбет ауданындағы кеңес барысында облыс әкімі, жүктелген 223 тапсырманың орындалу барысын қадағалайтын, облыс әкімдігі аппаратының қызметкерлерінен жұмыс тобын құруды тапсырды.

- 2016 жылы анықталған проблемалар аудандық әкімдіктің деңгейінде шешілер еді, алайда, бұл проблемаларға облыс әкімі назар аударған соң ғана өз шешімін тапты,-деді Нұрлан Ноғаев. – Біз, әрбір жүктелген тапсырманың орындалу барысын мұқият тексеретін жұмыс тобын жасақтаймыз, бұл, белгілі бір тұлғалар өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарауды үйренеді деп ойлаймын.

Кеңестен соң, Нұрлан Ноғаев жергілікті кәсіпкерлердің көрмесінде болды. Жергілікті кәсіпкерлер қатарында Махамбет ауданыңда домбыра жасайтын цех ашқан жас кәсіпкер – Нұрлыбек Бисенбаевта болды.

Махамбет ауданының әкімі Алимұхаммед Құттымұратұлы хабарлағандай: бұл, "Бизнес – Аймақ" ауыл бизнесін несиелендіру бағдарламасы арқасында мүмкін болып, осы бағдарлама бойынша ауданда 27, 4 млн теңгеге 4 жоба мақұлданып, 11 жұмыс орны құрылды.

Нұрлан Ноғаев жас кәсіпкерді мақтай отыра, одан 40 мың теңге тұратын домбыра сатып алды.

Атырау облысында 4 жылдан бері жұмыс жасап жатқан "Бизнес – Аймақ" ауыл кәсіпкерлерін несиелердіру бағдарламасы еліміз бойынша теңдесі жоқ. Бағдарлама, осы уақыт ішінде 807 млн теңгеге 202 жоба мақұлданып және 370 жұмыс орындары ашылды.

"Бизнес – Аймақтың" бағдрламасының бірегейлігі сонда, ауыл кәсіпкерлеріне қаражат, жергілікті бюджеттен бөлінеді, өйткені, екінші деңгейлі банктер ауылдық жылжымайтын мүлік кепілімен бизнесті несиелендірмейді.

-Бұл бізге ауыл кәсіпкерлерінің жақсы деген жобаларын тікелей тандап алуға және оларды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруға мүмкіндік береді, - деді Атырау облысының Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дияс Жәнібеков.

- Кәсіпкерлер ауылда, банктік несие алу барысында кепілідік құнның төмендігіне байланысты бірқатар қиындықтарға ұшырайды, ал біздің бағдарлама оларға бұл кедергілерден қиындықсыз өтуіне және өзінің бизнесін ашуға мүмкіндік береді.

Атырау облысы бойынша 370 адам ауыл бизнесін несиелендіру бағдарламасы арқасында жұмыспен қамтылды
Мақаланың шыққан күні: 10.02.2017
Қаралым саны: 1095