Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.05.2020

Қызметтер

Мамыр 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Атырауда әскерилер саябақтар мен ойын алаңдарын дезинфекциялады

В Атырау военные приступили к дезинфекции  парков и детских площадокБүгін "Батыс" аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері халық көп жүретін жерлерге 4 тоннадай дезинфекциялық ерітінді шашты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мұнайлы астанада  қаладағы қоғамдық орындарды дезинфекциялау бойынша ауқымды акция жалғасуда.  Бұл жұмысқа «Батыс» аймақтық  қолбасшылығының жүзге жуық әскері қатысты.  Олар күнделікті 7-8  нысанның аумағын арнайы ерітінді арқылы өңдейді.  Келесі күні халыққа қызмет көрсету орталықтарының, саябақтардың, алаңдар мен ойын алаңдарының аумағы залалсыздандырылмақ.
 -  Дезинфекция жұмыстары үшін Атырау қаласының әкімдігі күн сайын  шамамен 10 нысанды анықтайды, біз күніне солардың 7-8-ін дезинфекциялаймыз. Жұмыс барысында "Рубеж" ерітіндісін қолданамыз. Оның негізгі компоненті - хлор және басқа да қоспалар. Оның адамдарға, жануарлар мен құстарға мүлдем зияны жоқ, - дейді "БАТЫС" АЙМАҚТЫҚ ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ, ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ОФИЦЕРІ САФАР ФАЗЫЛОВ.  
 Айта кетейік, ертең әскери қызметкерлер  Атыраудағы ірі сауда орталықтарының аумағын санитарлық тазартуды жоспарлап отыр.
 
 
 
 
 
 
 
В Атырау военные приступили к дезинфекции  парков и детских площадок В Атырау военные приступили к дезинфекции  парков и детских площадок В Атырау военные приступили к дезинфекции  парков и детских площадок
Мақаланың шыққан күні: 26.03.2020
Қаралым саны: 1944