Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
Атырауда мемлекеттік қызметшілерге бағытталған ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті

Атырауда мемлекеттік қызметшілерге бағытталған ғылыми-тәжірбиелік конференция өттіБүгін «Мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін дамытудағы жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында   ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникаицялар қызметі.

Аталған шараның мақсаты – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқыту бағдарламаларының шеңбері аясында өңірдегі мемлекеттік қызметті тиімді ұйымдастыру, заманға сай дамыту. Конференцияға облыстық басқарма басшылары, әдеп уәкілдері мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекетті басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері қатысты. Алдымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Атырау облысы әкімдігі ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Одан соң конференция жұмысын аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов алғы сөзбен ашты.  

- Өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыру керек. Осы ретте, академияның жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне өндірістен қол үзбестен сапалы білім алуды ұсынуы құптарлық дүние.  «Өңірлік даму» икемді оқу кестесімен бір жылдық магистратуралық бағдарламасы бойынша да жергілікті жердегі мемлекеттік қызметшілер білім алуы керек. Осы мақсатта облыс әкімдігінен қаржы қарастырылғанын атап айтқым келеді. Өйткені, бұл – өңіріміздегі әлеуеті мықты мемлекеттік қызметшілерімізге таптырмас  мүмкіндік. Себебі, олар мансаптық өсу арқылы қоғам дамуы мен елге қызмет етудің ерекше үлгілерін үйренеді, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Қазіргі таңда  академияның облыстық филиалы  заман талабына сай мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыруда біраз жұмыстар атқарып келеді.  Атап айтқанда, ақпараттық-коммуникациялық жұмыс оқытудың ажырамас бөлігіне айналған. Сонымен қатар, академияда оқу үдерісін ұйымдастырудың өзі сандық және интерактивтік оқыту технологияларына негізделген. 
Айта кетейік, өткен жылы  филиалдың біліктілікті арттыру семинарына 1584 мемлекеттік қызметші қатысқан. Оның 1062-сі — тыңдаушы.

Атырауда мемлекеттік қызметшілерге бағытталған ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті Атырауда мемлекеттік қызметшілерге бағытталған ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті Атырауда мемлекеттік қызметшілерге бағытталған ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті
Мақаланың шыққан күні: 12.03.2020
Қаралым саны: 1263