Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

Тамыз 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілді

Атырауда 2 батыр анаға алқа табыс етілдіБүгін атыраулық қос анаға алтын және күміс алқа табысталды. Президенттің жарлығымен бекітілген алқаларды аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев бүгін әйелдер қауымымен кездесу кезінде табыстады.

Жеті бала туып тәрбиелегені үшін үй шаруасындағы ана Сағадат Балқасыноваға "Алтын алқа" ұсынылса, алты бала туып тәрбиелегені үшін Ләззат Шаxаева "Күміс алқаға" ие болды.

Салтанатты жиынға елге белгілі аналар Алтыншаш Жағанова, Ділдә Матайқызы, Айсұлу Көшекова, Рәшилә Мұрсалиевалар да шақырылған.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиылғандарға сыйлықтар табыстағаннан кейін аймақ әйелдерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Мақаланың шыққан күні: 07.03.2017
Қаралым саны: 834