Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.09.2017

Қызметтер

Қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Атырауға басқа облыстардан дәрігер-мамандарды шақыртуды ұсынды

Атырауға басқа облыстардан дәрігер-мамандарды шақыртуды ұсындыОсындай ұсыныспен бүгін, 14 наурыз күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз сөйледі.

Аймақ басшысы өз сөзінде, үкімет жиналысы барысында анықталғандай Атырау облысы бойынша тіркелген медициналық көмектің төмен деңгейі туралы айтып кетті.

-Бұның салдары жауапты тұлғалардың өз міндерттеріне көз жұма қарауынан, - деді әкім. – Біздің емханаларда барлығы дерлік жаңа жабдықтармен жабдықталған, алайда, жұмыс сапасы жақсарар емес. Туындаған мәселенің себебін іздеген кезде – барлығы бір-біріне қарайды, сол немесе басқа мәселені ешкім жауапкершіліктеріне алғылары келмейді.Мұндай жағдайда, түбегейлі шаралар қабылдап, облысымызда денсаулық сақтау жүйесін өзгертуге мәжбүрміз. Осыған орай, басқа аймақтардан мамандарды шақырып – мүмкін олар осындағы бірқатар мәселелерді шешуге, әрбір науқаспен өзгеше байланыс орнату мүмкін болар. Республикамыздың Оңтүстігінен немесе солтүстігінен мамандар келген кезде оларға суық қабақ таңытпай жылы лебізбен қарсы алу керек. Біз, бір елдің азаматтарымыз, егер біздің облысымызда денсаулық сақтау саласында мамандар жетіспесе, демек басқа аймақтардан шақыртамыз.

Нұрлан Ноғаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасына қатысуға кәсіпкерлерді жұмылдыру жұмысы туралы әріптестерінің назарын аударды.

-Біз, мемлекет пен жеке сектордың өзара ынтымақтастығы көлік, коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік инфроқұрылым сияқты жоба салаларының өсуіне әкеліп соғуы үшін жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі таңда, біздің осы сала бойынша бірқатар жетістіктеріміз болғанымен, бұл аз. Біздің алдымызға Президент және үкімет міндет қойды - МЖӘ субъектілерінің санын арттыру, бизнесті дамыту үшін жаңа серпін беру. Біз, талмай еңбек етіп, облысымыздың шетелдік инвесторларға және ірі бизнесмендер үшін қолайлы екенін көрсетуіміз керек. Негізгі жұмыс-экономика өсімінің драйвері ШОБ, ал қуатты көмекші құрал – МЖӘ. Мен өз әріптестерімнен осы мәселемен егжей-тегжейлі айналысуларын сұраймын. Әкімдік пен бизнес үйлесімді жұмыс жасаулары қажет, - деп қорытындылады әкім.

Бүгінгі таңда Атырау облысында, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік схемсы бойынша екі жоба: Балықша селосында 160 орындық балабақша ғимаратын қайта жаңғырту және Ақсай ауылында ауысымына 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы іске асырылып жатыр. Жақын болашақта, мемлекеттік-жекеменшік схемасы бойынша облысымызда 20 балабақша және 8 мектеп, қала маңындағы ауылда ауысымына 250 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ Жайық өзенінің сол жақ жағалауына заманға сай кәріс-тазарту қондырғысын және облыс орталығындағы аудандардың электрмен жабдықтау үшін «Солтүстік сақина» объектілерін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2017
Қаралым саны: 978