Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Қараша 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      
2016 жылы Атырау облысында 25 мыңнан астам адам, халықты жұмыспен қамту бағдарламасының көмегіне жүгінді

2016 жылы Атырау облысында 25 мыңнан астам адам, халықты жұмыспен қамту бағдарламасының көмегіне жүгіндіБұл жөнінде бүгін, 15 наурыз күні, халықты жұмыспен қамту мәселесіне арналған, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірі Тамара Дүйсенованың қатысуымен болған кеңес барысында қозғалды.

Тамара Дүйсенова жиын барысында алдағы күндерде зейнетақы мен жәрдемақының көтерілу жөнінде, атап айтқанда, егер зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңгені құраса, 2017 жылдың 1 шілдеден бастап 45 711 теңгеге шейін артады. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 60 167 теңгеден (2017 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап), 2017 жылдың 1 шілдеден бастап 66 676 теңгеге дейін артады.

Бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға, ал 2017 жылдың 1 шілде айынан бастап 20%-ға артады. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылғы өсім 27%-ға өскен.

Кеңес барысында белгілі болғандай, 2016 жылы Атырау облысында 19357 адамды әртүрлі кешенді жоспарлармен жұмыспен қамту жоспарланған болатын, жыл қортындысы бойынша 25 506 адам қамтылды.

-Мұқтаж адам мен жұмыс берушінің арасында белгілі айырмашылықтар бар. Орта есеппен айына 50 адам қабылдаймын және шамамен олардың жартысы материалдық жағдайын жақсартуға деген өтініштерімен және де жұмыс сұрай келеді. Біз оларға өзіміздің халықты жұмыспен қамту орталығындағы нұсқаларды ұсынсақ - көбі бас тартады. Ұсынылып отырған жұмыстың еңбекақысы, жұмыстың беделі олардың көңілінен шықпайды. Барлығы, жылы да жұмсақ, еңбекақысы жоғары жұмысқа орналасқысы келеді,- деді Нұрлан Ноғаев. Біз, адамдарға мемлекеттің бұл тәсілі, бірінші кезекте – жүйелілік екеннің түсіндіруіміз керек. Егер сен, мемлекеттік қолдаудан бас тартсан, бұл сенің құқығын, және бұл мәселені жанжалмен шешуге болмайды. Мемлекет, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқартуға арналған арнайы бағдарламалар енгізді. Егер адам мұқтаж болса – қолданады, олар өздерінің тиімділігін қазірдің өзінде дәлелдеді. Мұқтаж адам үшін мемлекеттік бағдарлама бір үлкен бастаманың бастауы. Бірінші кезекте адамдарға, өз-өздеріне көмектескісі келмейтің адамға көмектесу мүмкін емес екендігің түсіндіру қажет.

Десекте, 2011-2016 жылдары Атырау облысында «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 212 әлеуметтік жобаға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 3,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Осы жылдар ішінде 2 532 адам 6,2 млрд көлемінде шағын несие алса, 150 кәсіпкерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді. Несие алушылырмен қосымша 1 402 жұмыс орындары ашылды.

Мақаланың шыққан күні: 16.03.2017
Қаралым саны: 1612