Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Наурыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Газ-химия кешенінің құрылысы жоспарға сәйкес жүріп жатыр

Строительство газохимического комплекса идет по плануАтырау облысындағы алғашқы интеграцияланған газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңін іске асыру жалғасуда. 

Бұл туралы «KPI Inc.» ЖШС басқарушы директоры  Сағындық Лұқпанов мәлімдеді.
 
- Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту мақсатында бүгінде компанияның шамамен 130 қызметкері қашықтықтан жұмыс істеу  режиміне көшті. Құрылыс алаңында жұмыс жалғасуда. Барлық сақтық шаралары қабылданды, жедел жәрдем пункттері, изоляторлар мен қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Компания қызметкерлері үшін іссапарлар тоқтатылды, жиналыстар бейнеконференция арқылы өткізіледі. Біз ешқандай проблема көріп отырған жоқпыз, - деді Сағындық Лұқпанов. 
 
Лұқпанов атап өткендей, қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып  алу жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Жабдықтардың кідірісі Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас» кедендік бекетінің жабылуына байланысты туындап отыр. «KPI Inc.» ЖШС басшылығы бұл уақытша құбылыс деп санайды. Кешен құрылысын уақытында аяқтау жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, KPI Inc. ЖШС өз қызметін 2008 жылы бастады. Аталмыш компания  «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі»-нңғ  арнайы экономикалық аймағының  мүшесі болып табылады.

Строительство газохимического комплекса идет по плану  Строительство газохимического комплекса идет по плану Строительство газохимического комплекса идет по плану
Мақаланың шыққан күні: 18.03.2020
Қаралым саны: 1698