Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Бүгін 5 маусымда Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті селекторлық кеңесі өтті

Сегодня 5 июня под председательством акима Атырауской области Махамбета Досмухамбетова состоялось очередное заседание региональной комиссии по противодействию коррупцииБүгін, 5 маусымда Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті селекторлық кеңесі өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жағдайлары, қаржылық тәртіптің сақталуына жүргізілген мемлекеттік аудиторлық  іс-шаралардың қорытындылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг және сыртқы талдауы сияқты мәселелер қаралды. 
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесінің маңыздылығын атап өтті. Олардың бірі, Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілуі болып табылады.
Жиын барысында аймақ басшысы  «Атырау – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсенің жетекшісі Альфия  Әдиеваны сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындады. 
-    Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары біздің өміріміздің барлық салаларында туындауына байланысты, барлық мемлекеттік мекемелер олардың алдын алу бойынша жұмыстарын қамтамасыз ету қажет,- деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов. 
Мәжіліс соңында облыс әкімі  жиынға қатысушыларға сыбайласпен күрестің алдын алу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сегодня 5 июня под председательством акима Атырауской области Махамбета Досмухамбетова состоялось очередное заседание региональной комиссии по противодействию коррупции Сегодня 5 июня под председательством акима Атырауской области Махамбета Досмухамбетова состоялось очередное заседание региональной комиссии по противодействию коррупции
Мақаланың шыққан күні: 05.06.2020
Қаралым саны: 1900