Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді

Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексердіПремьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.
Роман Скляр және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына барды. Мұнда вице–премьер «Құрманғазы» өткізу бекетінің жұмысын және республикалық маңызы бар «Ақтөбе–Атырау-РФ шекарасы» автожолы құрылысының барысын тексерді.
«Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылды. Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен 1200 көлік құралдары өтеді.
Сондай–ақ Роман Скляр және Махамбет Досмұхамбетов «Ақтөбе – Атырау-РФ шекарасы» автомобиль жолының қайта құру учаскелеріне барды, олардың әрқайсысында мердігерлік ұйымдардың басшылары тұрақты жұмыс барысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндады.
       Жолдың жалпы ұзақтығы 893 км. құрайды. Оның ішінде 545 км. жол Атырау облысының аумағынан өтеді. «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 432 км қайта жаңартылады (330-598 км Атырау-Ақтөбе, 616-893 км Атырау-Астрахань РФ). Жол-құрылыс жұмыстары екі бағытта жүргізілуде.
Вице-премьер нысандарды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақтылы және сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.

Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді
Мақаланың шыққан күні: 29.04.2020
Қаралым саны: 1528