Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Атырауда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін ашық аспан астында құттықтады

Поздравили ветеранов под открытым небомАтырау облысының әкімі Махамбет Досұхамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 75-жылдық мерейтойымен қариялардың өз аулаларында құттықтады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досұхамбетов пен қала әкімі Қайрат Оразбаев Ұлы Отан соғысы  ардагерлері Айдын Айбаров, Түсіпәлі Әлібек пен Орынғали Қарасаевты Жеңіс күнімен құттықтады. Бүгінгі мерекенің маңызын атап өткен өңір басшысы оларға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады. Қариялар аулаға шыққан кезде оларды арнайы оркестр Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан әндермен қарсы алды.    
Сондай-ақ бүгін аймақ басшының тапсырмасымен облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары мен аудан әкімдері Ұлы Отан соғысының куәгерлерін арнайы құттықтап, мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды.  
Атырау облысы бойынша, Ұлы Отан Соғысының 8 ардагері бар. Жетеуі — Атырау қаласында, біреуі — Жылыой ауданында тұрады. Олардың әрқайсысына миллион теңгеден бір реттік көмек берілген болатын. Сонымен қатар, облыс бойынша наградатталған 62 тыл ардегеріне 100 мың теңгеден берілсе, наградталмаған 2212 тыл ардагерінің әрқайсысына 30 мың теңгеден берілуде. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қаржылай қолдау үшін облыс бюджетінен 81 миллион теңге бөлінді.
 
Поздравили ветеранов под открытым небом Поздравили ветеранов под открытым небом Поздравили ветеранов под открытым небом Поздравили ветеранов под открытым небом Поздравили ветеранов под открытым небом Поздравили ветеранов под открытым небом
Мақаланың шыққан күні: 11.05.2020
Қаралым саны: 2054