Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Жалпы конкурс: санаттары: D-3, D-4, 3 бірлік

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Атырау облысы әкімінің аппараты, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7122)270950; 354525, факс: 8(7122)355030, e-mail: aty.akimat@gmail.com,  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

1. Терроризмге қарсы комиссия қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы, D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 305 771 теңгеден 398 831 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Атырау облысынының Терроризмге қарсы комиссия аппаратының қызметін үйлестіру, шешімдерінің орындалу мәселелері бойынша есебін әзірлеу. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың діни экстремизм идеологиясы таралуының алдын алу және қарсы іс-қимыл бойынша жұмысын қамтамасыз ету. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және жою саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру. Орталық мемлекеттік органдарға облыстық терроризмге қарсы комиссия қызметі бойынша мерзімдерге сәйкес есептік ақпараттар дайындау. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделеу, проблемаларды талдау, іс-шаралар тұжырымдау. Төменгі тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Терроризм профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруда ынтымақтасты жүзеге асыру. Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша құзырлы органдармен өзара ықпалдасу жұмысына басшылық ету. Құзырлы органдармен бірлесіп, діни радикализм профилактикасы және террористік тұрғыдан осал объектілердің антитеррорлық дайындық деңгейін тексеру жұмыс тобының құрамында қызмет атқару. Облыстық терроризмге қарсы комиссияның тоқсандық отырыстарын өткізу бойынша ақпараттық және ұйымдастырушылық шараларын үйлестіру. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі гуманитарлық ғылымдар (теология, дінтану, философия, шығыстану, тарих), құқық, білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

2. Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы (бала күтімі демалысындағы қызметкердің орны, 2022 жылғы 27 сәуірге дейін), D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 141 745 теңгеден 191 482 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі аппаратының қаржыландыру жоспарларын жасау. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыруды және белгіленген тәртіпте қаржы органдарына бухгалтерлік баланстар мен қаржыландыру жоспарларын атқару жөніндегі есептерді ұсынуды қамтамасыз ету. Статистикалық есептілік жүргізу. Салық комитетіне мағлұмдамалар тапсыру. Есеп айырысу бухгалтері, кассир функцияларын атқару. Әр қызметкерге арнайы есеп-шот ашу, еңбекақылары мен іссапар шығындарының уақытында төленіп отыруын қамтамасыз ету. Аппарат бойынша барлық есеп айырысу құжаттарының сақталуын, дұрыс толтырылуын және оларды уақытында тапсыру немесе жоюды қамтамасыз ету.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

3. Ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 168 875 теңгеден 220 271 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: «Электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік» мәселелері бойынша материалдар (талдамалық анықтамалар, жиынтық құжаттамалар) дайындау, облыс әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау. Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен Атырау облыстық әкімдігінің веб-сайтын өзекті және жедел ақпаратпен жүйелі толықтыру, жаңарту және дамыту мәселелері бойынша облыстық басқармалар мен қала, аудандар әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік қызметтердің электрондық және ХҚКО арқылы көрсетілуін ақпараттандыру бойынша жұмыстарын жүргізу. «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігіне бағалау жүргізу. Халықты компьютерлік сауаттандыру жұмыстарын жүзеге асыру. «Е-әкімдік», «Е-лицензия» ақпараттық жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауын ұйымдастыру және бақылау.

Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар («Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) өтініш (нысаны жалғанады);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (нысаны жалғанады);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (жалпы конкурсқа қатысатына мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қызметтік тізім және білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген аталған құжаттарды қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не aty.akimat@gmail.com электрондық почта адресіне электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

ӨТІНІШ

 

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________
Лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)

Нанациональность (по желанию)

 

3

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

Қабылданған / приема

босатылған/

увольнения

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________________

Күні / дата

Мақаланың шыққан күні: 12.03.2020
Қаралым саны: 2416