Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Жалпы конкурс: D-3, D-4, 3 бірлік

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Атырау облысы әкімінің аппараты, 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7122)270950; 354525, факс: 8(7122)355030, e-mail: aty.akimat@gmail.com, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (бала күтімі демалысындағы қызметкердің орны, 2022 жылғы 27 мамырға дейін), D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 141 745 теңгеден 191 482 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ҚР Үкіметінің селекторлық мәжілістерін ұйымдастыру және оған қажетті материалдарды дайындау. Өңірлердің даму бағдарламаларының іске асырылуын қадағалау және орындалуын ұйымдастыру. Облыс әкімінің аудандарға іссапарымен шығуына қарай қажетті материалдарды дайындау. Жетекшілік ететін өңірлер әкімдерінің есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін аудандар әкімдері аппараттарымен тұрақты байланыс жасап, аппарат мәжілістерінде өңірлердегі жағдай туралы хабарлау. Тиісті аумақтағы ахуалды зерделеу, болып жатырған өзгерістерді тіркеу, облыс басшылығының шұғыл араласуын талап ететін проблемалар туралы аппарат басшысына баяндау. Жетекшілік ететін аудандар әкімдері орынбасарларының, аппарат басшыларының, облыстық басқармалардың, дербес бөлімдердің басшыларының жұмыстарына талдау жүргізу. Облыстың жетекшілік ететін басқармаларының жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Аумақтық және округтік сайлау комиссияларымен өзара жұмыс жасап, өңірлердегі жергілікті атқарушы органдардың сайлаушылар тізімдерін қалыптастыру жөніндегі жұмысын бақылау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім өкілеттігі шеңберіне кіретін мәселелер бойынша қала және аудандар әкімдері аппараттарынан, жергілікті атқарушы және орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінен келіп түсетін ұсыныстарды талдау. Желілік кестеге сәйкес облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының төрағалығымен өтетін селекторлық мәжілістерге басқармалар басшыларының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар басшыларының қатысуын қамтамасыз ету және материалдар дайындау. Облыс бойынша әлеуметті мониторинг, экономикалық көрсеткіш жасақтау.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары (гуманитарлық ғылымдар, білім, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар).

2. Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы (бала күтімі демалысындағы қызметкердің орны, 2022 жылғы 27 сәуірге дейін), D-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 141 745 теңгеден 191 482 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімі аппаратының қаржыландыру жоспарларын жасау. Бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыруды және белгіленген тәртіпте қаржы органдарына бухгалтерлік баланстар мен қаржыландыру жоспарларын атқару жөніндегі есептерді ұсынуды қамтамасыз ету. Статистикалық есептілік жүргізу. Салық комитетіне мағлұмдамалар тапсыру. Есеп айырысу бухгалтері, кассир функцияларын атқару. Әр қызметкерге арнайы есеп-шот ашу, еңбекақылары мен іссапар шығындарының уақытында төленіп отыруын қамтамасыз ету. Аппарат бойынша барлық есеп айырысу құжаттарының сақталуын, дұрыс толтырылуын және оларды уақытында тапсыру немесе жоюды қамтамасыз ету.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

3. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау мәселелері жөніндегі бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 116 623 теңгеден 157 326 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі, Қазақстан Республикасы Президенті мен Премьер-Министрінің өңірге сапары кезінде берілген тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің хаттамалары, жоғары тұрған органдардың басқа да тапсырмалық құжаттары, облыс әкімдігінің қаулылары, облыс әкімінің өкімі мен шешімдері, хаттамалық құжаттарының орындалуына, сапалы жолдануына бақылау жүргізу. Бақылауда тұрған құжаттардың орындалу барысы және оларды бақылаудан түсіру мәселелерін басшылықтың уақтылы қарауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау секторымен бақылау құжаттарын салыстыруды жүргізу. Жоғары тұрған органдарға бақылау құжаттарын уақтылы және сапалы жіберуді жауапкершілігіне алу. Келіп түскен «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттардың орындалуын бақылауға алу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық интернет порталы (ipgo.kz) және облыстық интернет порталымен (portal.atyrau.kz) жұмыс жасауын бақылауға алу және талдау. Орындаушыларға бақылау құжаттарының орындалу мерзімдерінің жақындағаны және бақылауда тұрған құжаттардың орындалу мерзімінің бұзылуы туралы хабарлау. Бақылауда тұрған материалдарды ресімдеу және жүйелеу мәселелерімен айналысу. Бөлім басшысына орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы жедел ақпараттар мен мәліметтер, анықтамалар дайындау. Бақылауға алынған құжаттарға ай сайын, тоқсан сайын, жылдық қорытындысымен талдау жүргізу.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар, білім, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету (кітапхана ісі).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

Компьютерде Word, Excel, E–mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) бекітілген нысандағы өтініш (нысаны жалғанады);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (нысаны жалғанады); 3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Облыс әкімінің аппараты кадр жұмысы бөлімі «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген аталған құжаттарды қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не atyrau_akimat@atyrau.gov.kz электрондық почта адресіне электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысып, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Атырау облысы әкімі аппаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей облыс әкімінің аппараты кадр жұмысы бөлімінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені___________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар: ______________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)

________________________
Лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1

Туған күні және жері/

Дата и место рождения

 

2

Ұлты (қалауы бойынша)

Нанациональность (по желанию)

 

3

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения

 

4

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5

Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками

 

6

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

Қабылданған / приема

босатылған/

увольнения

 

 

 

 

 

 

_____________________

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_____________________

Күні / дата

Мақаланың шыққан күні: 24.12.2019
Қаралым саны: 1756