Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Желтоқсан 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Нұрлан Ноғаев Атырау маңындағы жолдарды қайта жаңғыртуды тапсырды

Нұрлан Ноғаев Атырау маңындағы жолдарды қайта жаңғыртуды тапсырдыЖалпы алғанда, 2017 жылы аймақта 333 шақырымды құрайтын 402 көшеге асфальт төселетін болады, оның 311-і және 250 шақырымы тиісінше - облыс орталығында. Бұдан бөлек, 2017 жылы шұңқырлы, 60,7 мың шаршы метр жол жабындысын жөндеуге жұмсалады – бұл ақпарат, Атырау облыстық қоғамдық кеңес отырысында айтылған болатын.

2016 жылы аймақта, жалпы ұзындығы 167,5 км құрайтын 277 көшеге асфальт төселді. Облыс әкімі жиылғандардың назарына құрылыс қарқынын жеделдету қажет екендігін айтып, ол үшін барлық жағайдын жасалғаның атап өтті, - Атырау облысы әкімдігі мен АО "Қазақстан Темір Жолы" арасындағы келесім шартқа сәйкес, жол құрылысына қажетті инертті материалдарды жеткізетін вагондар саны айтарлықтай еселенді.

-Мемлекет басшысы жергілікті атқарушы билік органдар алдына, халықтың өмірі мен әл-ауқатын жақсатруды міндеттеді. Жол – адамдар бұнымен күнделікті кездеседі. Мойындау керек, бұл мәселеде бізге әліде көп жұмыс жасау керек. Әсіресе, сіздердің назарларынызға - қала маңындағы ауылдық округтер, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. –Биылғы жылы біз жол құрылысы жұмысында екпін алып, бұрын болмаған жұмыстарды атқардық. Біздің міндетіміз – бізге жүктелген міндеттемелерді орындау. Мен өзімде, менің орынбасарларым мен жауапты тұлғаларда, жұмыстардың уақытылы атқарылуын және бюджет қаражатын мақсатқа сәйкес жұмсалуын бақылауда ұстайтын боламыз. Біздің мақсат – қалалық "артерия" күйін жақсартып, қала маңындағы селолық округтерге жаңа өмір беру.

Мақаланың шыққан күні: 31.03.2017
Қаралым саны: 1393