Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.07.2017

Қызметтер

Шілде 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Нұрлан Ноғаев: «Берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы жалған есеп бермендер» - деді өз қоластындағыларына.

Нұрлан Ноғаев: «Берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы жалған есеп бермендер» - деді өз қоластындағыларына.Кеше, қаңтардың 19 –ы күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев іс - сапармен Жылыой ауданың аралау барысында  тұрғын-үй жылыту жүйелеріне байланысты мәжіліс өткізді.

2016 жылы аймақ басшысы Атырау облысының 7 ауданы мен 72 село округтарын аралап, ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Іс –сапар барысында Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданының жергілікті билік өкілдеріне 16 нұсқаулықтар беріп, олардың  орындалу барысы туралы есепті талап етті.

Жылыой ауданының әкімі Максим Ізбасаров баяндағандай 16 тапсырманың 11-і жүзеге асып, 3-еуі орындалу барысында, қалған 2-еуіне оңтайлы шешім таппағаның мәлімдеді.

Сонымен қатар, талдау барысында аудан басшылығының жүзеге асқан тапсырмалар санынан айтарлықтай төмен екені анықталды. Осылайша, ең маңыздысы -  Майкөмген селосындағы 300 орындық мектеп құрылысы толықтай аяқталмаған, десекте аудан басшылығы бірқатар ұсыныстар дайындағанымен, айтарлықтай нақты алға жылжулар байқалмады.

- Берілген тапсырмалардың орындалмағаны айқын көрініп тұрсада, сіздер неге жүзеге асқаны жәйлі мәлімет бересіздер?,- деп наразылығын білдірді Нұрлан Ноғаев. – Нақты міндет: мектеп салу. Cіздердің жазған ұсыныстарыңыз қазіргі таңда менің орынбасарларым мен басқарма басшылығы қарастырып жатыр. Бұл жағдайда дайын ЖСҚ және құрылысқа ақша аудару. Маған, сіздердің жалған есептерініздің қажеті жоқ, сіздер алдымен мен үшін емес, халық үшін жұмыс жасайсыздар. Мектеп құрылысы әлі күнге дейін жүзеге аспаса, сіздердің берген есептерінізден ауыл тұрғындарына қандай пайда?

Бұдан басқа, тұрғын – үй жылыту жүйелері жәйінда мәселе қозғалды. Белгілі болғандай, Жылыой ауданыңда 1858 пәтерде жеке қазандықтар арқылы жылу беріледі, дегенмен де, солардың ішінде тек 50 пәтерде ғана техникалық регламентке сай келеді. 2016 жылы Атырау облысы бойынша жылыту жүйелерінің қауіпсіздік техникасына салғырт қарауы мен қатар қазандықтардың регламентке сай келмеуіне байланысты  41 адам уланып, 1 адам қаза тапты.

- Халық, қиын кездерде өз күштерімен жылыту жүйелерін орнатқанын білеміз. Алайда, қазір бізде пәтерлерді қауіпсіз, орталық жылу жүйесіне қосуымызға барлық мүмкіндіктер бар. Осылайша халыққа  түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек,- деді әкім. – Біз, халыққа, бұл шаралардың олардың қауіпсіздіктері үшін жасалып жатқаның жеткізуіміз керек. Ол үшін барлық әдістерді: БАҚ өкілдерін, ақпарттық- ағартушылық жұмыстарын қолдануымыз керек.

Нұрлан Ноғаев: «Берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы жалған есеп бермендер» - деді өз қоластындағыларына. Нұрлан Ноғаев: «Берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы жалған есеп бермендер» - деді өз қоластындағыларына.
Мақаланың шыққан күні: 19.01.2017
Қаралым саны: 914