Array Нұрлан Ноғаев: «Әкімді бір жылдық жұмысымен бағалауға болмайды» | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
27.05.2017

Қызметтер

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Нұрлан Ноғаев: «Әкімді бір жылдық жұмысымен бағалауға болмайды»

Нұрлан Ноғаев: «Әкімді бір жылдық жұмысымен бағалауға болмайды».Кеше, қаңтардың 23-і күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев  іс-сапармен Мақат ауданыңда болып, облыстық  деңгейдегі  басшылармен мәжіліс өткізіп,  жасалған жұмысы үшін Бақтықожа Ізмұхамбетовке алғысын білдірді.

2016 жылы аймақ басшысы Атырау облысының  7 ауданы мен 72 село округтеріне табан тіреген болатын. Мақат ауданыңдағы іс-сапар барысында Нұрлан Ноғаев жергілікті билік өкілдеріне 23 тапсырма берілген, десекте,  жарты жыл ішінде  9-ы ғана  жүзеге асыпты.

-Төмен нәтиже көрсетудің бірден бір себебі, ол мемлекет органдарының  ұйымдастырушылық қабілетінің жоқтығынан,-деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

- Менің білуімше, кейбір аудандарда бөлім бастықтары, облыстық  деңгейдегі басқарма басшылығына бағынбайды. Бұлай болуы дұрыс емес.  Қазақстан - біртұтас мемлекет, біз барлығымыз, елбасының жүктеген жұмысын басшылыққы алып отырмыз. Егер бұндай жағдай қайталантын болса, қатаң түрде шаралар қолданамыз.

Кейіннең, Мақат ауданы тұрғындары алдында сөз сөйлеу барысында Нұрлан Ноғав, атқарған жұмысының  жоғары бағаланғаны үшін алғыс білдірді.

-Бүгінгі атқарылып отырған  жұмысымыздың көп бөлігі бұрынғы аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамедовтің ерең еңбегінің арқасында. Менің ойымша, басшылықты бір жыл ішінде жасалынған жұмысы үшін бағалау дұрыс емес, өйткені оның қазір атқарып жатқан жоба жұмысытары, бұрыңғы басшылықтың  тынбай еңбектенуінің арқасында,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. – Бақтықожа Салахатдинұлының арқасында облыс, біртіндеп, ауыл шаруашылығы мен мұнай өнеркәсібін байланыстыру арқылы дамуын үдетті.  Ол, Қазақстанда баламасы жоқ жобаны бастап, соның арқасында аудандарда: ешкі сүтін өндіру үшін зауыт, бөдене фермасы, жүн өндеу зауытын ашып, шаруа қожалықтарына дем берді. Аграрлы өндіріске және балық өнімдері соның ішінде бекіре тауарлық  өнімдеріне екінші өмір сыйлады десекте болады. Мысалы, 2012 жылы көкөніс отырғызу алаңы 3 мың гектардан сәл артық болғанымен, қазір бұл көрсеткіш 7 мың 300 гектарға жетті, сонымен қатар, 2 мың  гектар жер тамшылап суару әдісі арқылы суарылады. Бұл әрине, менің аға буын өкілдерінің үлкен жетістігі. Бұрынғы әкімнің  таңдалған бұл бағыты, елбасының тапсырмасымен жүктелген болатын, ендігі біздің міндет, басталған істі аяғына жеткізу. Алда әлі талай атқарылар жұмыс күтіп тұр.

Нұрлан Ноғаев: «Әкімді бір жылдық жұмысымен бағалауға болмайды». Нұрлан Ноғаев: «Әкімді бір жылдық жұмысымен бағалауға болмайды». Нұрлан Ноғаев: «Әкімді бір жылдық жұмысымен бағалауға болмайды».
Мақаланың шыққан күні: 24.01.2017
Қаралым саны: 638