Array Атырау аймағында 5 қараусыз қалған кемелер орналаcқан | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.05.2017

Қызметтер

Мамыр 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        
Атырау аймағында 5 қараусыз қалған кемелер орналаcқан

Атырау аймағында 5 қараусыз қалған кемелер орналаcқанКеше, 1 ақпан күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапарымен Құрманғазы ауданында болып, балық шаруашылығын дамыту мәселесіне байланысты мәжіліс өткізді.

Мәжіліс барысында, балықшылар арасында балық аулауға берілген квотаны бөлуге байланысты бірқатар мәселелер қозғалды.

- Біз, балық аулау участкілердің берілу барысын бақылауда ұстауымыз керек. Егер де, адамдар жалға участкілерді алып, бірақ оны өзі емес басқа балықшыларға жалға бермеуі үшін оны қадағалауымыз керек, -деді Нұрлан Ноғаев. –Осы қызмет түрімен айналысуға тілек білдірушілер бар, бірақ осындай сатушылардың кесірінен, балықшыларға участкілер жетпей жатыр. Осы мәселені шешуді табиғат қорғау прокуратурасы мен барлық құзыретті органдарға тапсырамын және осы проблемны жою туралы ұсыныстар күтемін. Егер кәсіпкер үлкен көлемде участкіні алып, бірақ оны жеке өзі техниканың жоқтығынан игере алмаса, онда оның балықты қалай және участкінің жартысын басқа балықшыларға жалға бермейтіндігін тексеру керек. Квотаны бөлу рәсімі айқын болуы тиіс.

Кеңес барысында облыс әкімі табиғат қорғау пркуратурасының ауланған балық көлемін бақылауға мүмкіндік беретін балық аулау кооперативтеріне бірыңғай электронды базасын орнату туралы бастамасын қолдады. Сонымен қатар, Нұрлан Ноғаев кәсіпкерлік барқармаға мемлекет қолдауымен облыс орталығында дүкендер ашып өз өнімдерін халыққа делдалсыз сатуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар дайындауын тапсырды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Жайық өзенің қараусыз қалған кемелерден тазарту керектігін айтты.

-Бұл мәселе көп жылдар бойы өзекті болып келеді, қаланың эстетикалық түрін бұзатын қараусыз және тот басқан кемелер Атырау қаласынын жағалауында тұр. Өзен сағасында суға батқан қаншама кемелер бар? Олар су түбін лайлап бүлдіріп жатыр. Қалалық билік өкілдері осы мәселемен айналысып жатыр, дегенменде олардың шешу шаралары кеме иелерінің наразылығын тудыруда. Бірақ басқаша мүмкін емес, өйткені, кеме жеке меншік иелік бола тұра, қараусыз қалса- қала көркін бұзбас үшін кемені алып тастау керек. Атырауды ұмыт қалған кемелер мекеніне айналдырудың қажеті жоқ,- деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

Қазіргі уақытта, Атырау қаласы аумағында қараусыз қалған кемелер саны 5, қалалық билік өкілдері, соның ішінде 2 кемені алып тастау барысында.

Мақаланың шыққан күні: 02.02.2017
Қаралым саны: 739