Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.08.2020

Қызметтер

Тамыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Махамбет Досмұхамбетов: Біздің мақсатымыз – өндірісті және жұмыс орындарын сақтап қалу

Махамбет Досмухамбетов: Наша цель – сохранить производство и рабочие местаАтырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесті. Жүздесуде  пандемия жағдайындағы өндірісті дамыту мәселелері талқыланды» деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі уақытта бірінші кезекте індетке қарсы жасалып жатқан жұмыстар мәселесі өте өзекті. Мұнай-газ саласында тек Атыраудың ғана емес, еліміздің көптеген өңірлерінен келген азаматтар еңбек етіп жүр. Эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, өндіріс жұмыстары тоқтаған жоқ. Десе де, вахталық ауысым  мәселесіне  өзгерістер енгізілді. Карантиндік талаптар жағдайында жұмыс жалғасуда. Өндірісті дамытып, экономикада жоспарлы көрсеткіштерге жетуіміз керек. Біздің мақсатымыз – өндірісті және жұмыс орындарын сақтап қалу»,- деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы Алик Айдарбаев өз кезегінде пандемия кезінде жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған шаралардың қабылданып жатқанын айтты. Сонымен қатар, компания тарапынан өңір тұрғындарына қолдау көрсету жалғасатынын атап өтті.

Махамбет Досмухамбетов: Наша цель – сохранить производство и рабочие места Махамбет Досмухамбетов: Наша цель – сохранить производство и рабочие места
Мақаланың шыққан күні: 22.07.2020
Қаралым саны: 531