Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Наурыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Атырау облысында көшпелі отырыс өткізді

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Атырау облысында көшпелі отырыс өткіздіБүгін Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Атырауда көшпелі отырыс өткізді.

Тақырыбы - Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шеңберінде «Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру және өңірлерді меншікті кіріс көздерін жасауға ынталандыру».

Отырыс барысында республикалық бюджеттің мақсатты және тиімді пайдаланылуы мен үш жылдық бюджеттік трансферттерге өзгертулер еңгізу мәселелері талқыланды. 

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің айтуынша, облыс орталыққа қомақты қаржы жібергенімен жергілікті жерлерде шешілмеген біраз мәселе бар. Оларды реттеу үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қажет. Атап айтқанда,  республикалық бюджет есебінен салынған жаңа әлеуметтік нысандарды қамтамасыз ету мәселесі де бар.

 Мәжіліс депутаттарының пікірінше, Қаржы министрлігі аймақтардан республикалық бюджетке түсетін түсімдерді алу жүйесін қайта қарауы тиіс, сонымен қатар үш жылдық трансфертті жоспарлауға өзгерістер енгізуі керек.    

Осы орайда Мәжіліс депутаты Серік Құсайыновтың айтуынша, Қаржы министрлігі Атырау облысының орталыққа қомақты қаржы аударып отырғанын ескеру керек. Сол алымдардың бір бөлігі облыстың өзінде қалса, онда олар шағын және орта бизнесті, сондай-ақ отандық өндірісті қолдау арқылы салық базасын дамыта алар еді. 

- Бүгінде аймақтарға қолданысқа жаңадан берілген нысандарды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен трансферт бөлінбейді. Қазіргі бюджет заңнамасында қолданыстағы бар нысандарды ғана қаржыландыру көзделген,  мысалы, білім беру мекемелері сияқты. Министрлік осы мәселені  жақын арада шешуге кіріседі, – деді Қаржы министрлігінің бюджеттік саясат департаменті басшысының орынбасары Айгүл Айтбаева.

Көшпелі отырыс бағдарламасы аясында Мәжіліс депутаттары «Полимер Продакшн» ЖШС полимер өндірісі зауытында, «Эмбамұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру және дайындау компаниясында болып, сондай-ақ «Karabatan Utility Solutions» ЖШС газ-турбиналық электр станциясының және «Атыраунефтемаш» ЖШС-нің машина жасау зауытының жұмысымен және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-нің газ-химиялық кешенінің құрылысымен танысты.

Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области Комитет Мажилиса провел выездное заседание в Атырауской области
Мақаланың шыққан күні: 13.03.2020
Қаралым саны: 1915