Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

Қазан 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады

Глава государства принял акима Алматинской области Амандыка БаталоваҚасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Жолдауда белгіленген әлеуметтік шараларды орындаудың және пандемия жағдайында шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Президентке тұрғындарды, әсіресе әлеуметтік аз қамтылғандар санатындағы  азаматтарды «5-10-20» және «7-20-25» бағдарламалары аясында баспанамен қамту жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын дамыту  және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ішкі туризмді одан ары дамыту, пандемия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың белгіленген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз етуді тапсырды.

akorda.kz.

Глава государства принял акима Алматинской области Амандыка Баталова
Мақаланың шыққан күні: 09.09.2020
Қаралым саны: 1793