Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

Наурыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Атырау облысының әкімі жаңадан тағайындалғандарды таныстырды

Аким Атырауской области представил новых руководителейАтырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов актив жиынында жаңа лауазым иелерін таныстырды, -  деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Мемлекеттік қызметшілер арасында жарияланған ішкі конкурстың қорытындысымен Бағытжан Болатұлы Төлеген  мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. 
Бағытжан Болатұлы 1985 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-ды шетел тілі мұғалімі, 2010 жылы Атырау мұнай және газ институтын техника ғылымдары, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік муниципалды басқару мамандықтары бойынша білім алған. Еңбек жолын 2008 жылы Атырау қаласындағы «Декор» компаниясында менеджер қызметінен бастағаннан кейін, бірнеше лауазымды қызметтер атқарған. Ал, 2017-2018 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы АМУ сатып алу және жабдықтау бөлімінің басшысы қызметінен кейін, 2018 жылдың маусымынан бері, Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып келген. 
Сондай-ақ, облыс әкімі жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Салауат Сыйлыбайұлы Мүксімовті де таныстырды. 
Мүксімов Салауат 1980 жылы Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған. 
Сонымен қатар, аймақ басшысы Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Өтеғалиұлы Крамбаев өз еркімен  қызметінен босатылғанын айтты.  
Жиын соңында облыс әкімі жаңа лауазым иелеріне сәттілік тілеп, табысты жұмыс істейтіндеріне сенім білдіретінін жеткізді.
Аким Атырауской области представил новых руководителей Аким Атырауской области представил новых руководителей Аким Атырауской области представил новых руководителей Аким Атырауской области представил новых руководителей
Мақаланың шыққан күні: 03.03.2020
Қаралым саны: 1333