Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді

«Аким Атырауской области пожелал поскорее вернуться в семьи, обнять родных»Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы сапта жүрген дәрігерлер және медицина қызметкерлерімен онлайн сұхбат өткізді. 

Тікелей байланысқа коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен жұмыс жасап жатқан облыстық жедел жәрдем станциясы мен инфекциялық бөлімше орналасқан №2 Атырау облыстық ауруханасының мамандары шықты. 
Облыстағы коронавирус ахуалына тоқталған өңір басшысы «Қазір сіздер шын мәнінде мылтықсыз майдандасыздар. Өйткені, күнделікті қауіп-қатерге қарамастан қажырлы жұмыс істеп, бүгінгінің қаһармандарына айналдыңыздар! Қазақстан медицинасының ерлікке толы жаңа тарихын жазып жатырсыздар. Халқымыз өздеріңізге үміт артып, тақым қысып, тілеулеріңізді тілеп отыр. Біздің де басты міндетіміз — ең алдымен сіздерді қолдау», — деді.
 Облыс бойынша сала мамандары жалақысына үстемақы төлеу үшін 288,7 миллион теңге бөлінген. Өткен айда оның 44,5 миллион теңгесі 373 қызметкердің қолына тиді. 
Бұдан тыс коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерді ынталандырудың қосымша жолдары қарастырылды. Атап айтқанда, демеушілер тарта отырып, 634 медициналық қызметкерге көтермелеу қаржы төленді. 164 дәрігер және жедел жәрдем станциясы қызметкерлері қонақ үйлерге орналастырылды. 
№2 Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері науқастарды қалай емдеп жатқандарын айтты. Мәселен, инфекциялық негізгі стационарға 27 наурыздан бастап бүгінге дейін 123 науқас қабылданып, 59-ы толық нәтижелі емін аяқтап, ауруханадан шығарылды. Ал, жедел жәрдем станциясы мамандарының айтуынша, облыста COVID-19 жұқтырғандармен жақын және потенциалды байланыста болған азаматтарды тасымалдауға наурыз айынан бастап 3 арнайы бригада жасақталған. Осы айда қосымша 2 арнайы бригада тағы қосылған. Сонымен қатар, бір киетін маска, арнайы қорғаныс костюмдер, қорғаныс очкилері қорда жеткілікті. Денсаулық басқармасы, демеушілер, еріктілер қорғаныс киімдерімен үнемі қамтамасыз етілуде.
Махамбет Досмұхамбетов дәрігерлерге ең алдымен өздері аса сақ болу керектігін ескертті. «Денсаулық сақтау саласы үнемі басты назарымызда. Облысымыздың әрбір медицина қызметкерінің орны біз үшін ерекше. Бұл індетті бірге жеңіп шығарымызға сенемін! Отбасыларыңызбен тез қауышуларыңызды тілеймін!» деген өңір әкімі медицина қызметкерлеріне облыс халқы мен өз атынан алғыс білдірді.
«Аким Атырауской области пожелал поскорее вернуться в семьи, обнять родных» «Аким Атырауской области пожелал поскорее вернуться в семьи, обнять родных» «Аким Атырауской области пожелал поскорее вернуться в семьи, обнять родных» «Аким Атырауской области пожелал поскорее вернуться в семьи, обнять родных»
Мақаланың шыққан күні: 28.04.2020
Қаралым саны: 3660