Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аймақтағы құрылыс саласының ахуалы жөнінде селекторлық жиналыс өткізді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аймақтағы құрылыс саласының ахуалы жөнінде селекторлық жиналыс өткіздіОблыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, қазір өңірде 62 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 44 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы жасалуда. Құрылыс нысандары, сонымен қатар, құрылыс саласы аймақ экономикасы үшін айрықша маңызға ие. 2020 жылдың бірінші тоқсанында 9 нысан пайдалануға берілді (мәдениет үйі, балабақша, оқушылар мен жастар сарайы, жатақхана, ДСК, т.б.), екінші тоқсанда 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарда бар. Биыл  тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары қарқынын тоқтатпайды.
Өңір басшысы салынған нысандардың сапасы мен қауіпсіздігі, жобалау-сметалық құжаттама дайындау кезіндегі бұзушылықтарға назар аудару керектігін айтты. Себебі, аталған жайттар құрылыс процесін созып, бастапқы жоспарларды өзгертуге себеп болады.
Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов құрылыс сапасын әсіресе, әлеуметтік нысандарды бақылауға алуды айрықша тапсырды.  
-Нысандар уақтылы  тапсырылуы тиіс. Салынған нысандардың сапасына көңіл бөлінуі керек. Ешқандай сын көтермейтіндері де бар. Бәрі емес әрине, бірақ мұндай деректердің бары рас. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылауды тапсырамын,- деді ол.

Аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов провел селекторное совещание по ситуации в строительной сфере региона Аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов провел селекторное совещание по ситуации в строительной сфере региона Аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов провел селекторное совещание по ситуации в строительной сфере региона
Мақаланың шыққан күні: 30.04.2020
Қаралым саны: 2857