Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Аким Атырауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил атыраусцев с Днем единства народа КазахстанаАймақ басшысы әлеуметтік желілердегі парақшаларында өзінің мерекелік құттықтау лебізін білдірді,- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Құрметті атыраулықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Ежелден «бірлік түбі — береке» деген еліміз. Сондықтан, аталған ​ мерекенің Тәуелсіздік тарихында да алар орны ерекше. Өйткені, бірлік пен ынтымақ - мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі. 
Осы құндылықтардың арқасында Қазақстан іргелі әлеуметтік- экономикалық табыстар мен саяси тұрақтылыққа қол жеткізді.​

Бүгінде әлемді жайлаған індет біздің еліміз үшін де үлкен сын болып отыр. Осындай қиын-қыстау сәттерде бірліктің құндылығы арта түспек.

Қазір мемлекетіміз бен қоғамымыз қауіпті дертке қарсы бірлесіп күресуде. Өзіміздің Атырау өңірінде де өзара түсіністіктің, қамқорлықтың үлгілерін көріп отырмыз. Көптеген кәсіпорындар, бизнесмендер мен еріктілер көмек қолдарын созып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қиын кезеңнен қиналмай шығуларына көмектесуде.
Бұндай өнегелі істер қуантады және көңілге «індетті жеңіп шығамыз» деген сенім ұялатады. Абай һәкім «біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!» деп осындайда айтса керек.

Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бұл бірегей институт жалпыұлттық бірліктің шаңырағы болып, көптеген елдер үшін ​ ынтымақтың ​ ерекше үлгісіне айналды. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы сабақтастықты сақтап, қазақстандық бірегейлікті одан ары қарай дамытуда”- делінген желідегі жазбада.
Мақаланың шыққан күні: 01.05.2020
Қаралым саны: 2654