Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Маусым 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов әскери міндеттілерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем ОтечестваБүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілермен кездесті. 

«Отан қорғаушылар әркез абырой мен ерліктің, азаматтық пен патриотизмнің, Отанға шынайы қызмет етудің үлгісі болып келді. Қарулы күштер сапында қызмет ету — аға буынның ерлікке толы жолының негізінен бастау алған әр қазақстандықтың құрметті міндетіне, азаматтық шыңдалудың, адамгершіліктің мектебіне айналды. Барлық Отан қорғаушыларға денсаулық, сәттілік, табыс тілеймін»,— деді Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, аймақ басшысы сын сәтте ерекше жауапкершілік танытып,  отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқандардың бірқатарын алғыс хатпен марапаттады.
Еске сала кетелік, 10 сәуір күні Атырау облысы әкімінің Қаулысымен 68 әскери міндетті арнайы жиынға шақырылған болатын. Олар медициналық персонал, радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс взводы және атқыштар взводына бөлінген еді. Әскери міндеттілер коронавируспен күреске атсалысуда. Атап айтқанда, блок посттарда қызмет атқарып, қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, ауру ошақтары мен медициналық жабдықтарды күзетуде. 
Аймақ басшысы сондай-ақ, Атырауға кіреберістегі блок посттардың біріне барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Карантиндік шектеулер енгізілгелі бері, блок посттар арқылы 7 мыңнан астам автотранспорт өткен. Олар — транзиттік жүк көліктері, азық — түлік пен медициналық дәрі-дәрмек аса қажетті заттарды тасымалдайтын және жедел жәрдем көліктері.
Көлік ағынын бүгінде полиция өкілдері «Сергек» және «Блокпост Карантин» қосымшасы арқылы бақылауда. Карантин кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға 700-ден астам полиция және 300-ден астам әскери қызметкер жұмылдырылған. Карантин режимі енгізілген күннен бастап Атырау қаласында полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған 1000-ға жуық деректі анықтады.
Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества Аким Атрауской области Махамбет Досмухамбетов поздравил военнообязанных с Днем Отечества
Мақаланың шыққан күні: 07.05.2020
Қаралым саны: 2634